Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Сведения о количестве коллективных договоров» Қолданыста
Басқа 0
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 567 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 тамызда № 14063 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы 4 желтоқсаны
№ 477 бұйрығына қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Ұсынылады: Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурсына www.gov.kz/memleket/entіtіes/enbek?lang=kz орналастырылған
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер»
Индексі: 1-ҰШ
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__жылғы _________ ай үшін
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері.
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне қарай
Өңірдің атауы
ӘАОЖ (Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші) бойынша орналасқан жерінің коды
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны, бірлік
оның ішінде
Мемлекеттік кәсіпорындар
оның ішінде
Жеке кәсіпорындар
оның ішінде
ірі
орта
кіші
ірі
орта
кіші
А
Б
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Кестенің жалғасы
ұжымдық шарттардың ____ жылдың басындағы саны, бірлік
жылы ұжымдық шарттар бойынша атқарылған жұмыс
қолданыстағы ұжымдық шарттардың жиыны, бірлік
%
қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың саны, бірлік
оның ішінде жаңа мерзімге қайта жасалғандар, бірлік
жаңадан жасалған ұжымдық шарттардың саны, бірлік
10
11
12
13
14
15
Кестенің жалғасы
оның ішінде кәсіпорындарда
мемлекеттік
оның ішінде
жеке
оның ішінде
ірі
%
орта
%
кіші
%
ірі
%
орта
%
кіші
%
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
Ұйымның атауы______________Ұйымның мекенжайы ________________
Ұйымның телефоны _____________________________________________
Ұйымның электрондық почта мекенжайы ___________________________
Орындаушы ________________________________ ______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
___________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
Басқа 0.1. «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірме
«Ұжымдық шарттардың саны
туралы мәліметтер» әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанына қосымша
«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанын
толтыру жөніндегі түсіндірме
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленіп, «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нысанды жүргізудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 3
3. Толтырылған Нысанды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелері есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне дейін ай сайын ұсынады.
Тармақ 4
4. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Нысанға бірінші басшы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Бөлім 2. 2-бөлім. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
2-бөлім. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанның А-бағанында өңірлердің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның Б-бағанында ӘАОЖ (Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші) бойынша орналасқан жерінің коды көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 1-бағанында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 2-бағанында жұмыс істеп тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 3, 4, 5-бағандарында сәйкесінше жұмыс істеп тұрған ірі, орта және кіші мемлекеттік кәсіпорындардың саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6-бағанында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 7, 8, 9-бағандарында сәйкесінше жұмыс істеп тұрған ірі, орта және кіші жеке кәсіпорындардың саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 10-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың басындағы жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 11-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың басындағы жалпы санынан қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 12-бағанында ұжымдық шарттардың ағымдағы жылдың басындағы жалпы санынан қолданылу мерзімі өткен ұжымдық шарттардың ішінен жаңа мерзімге қайта жасалған ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 13-бағанында жаңадан жасалған ұжымдық шарттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 14-бағанында қолданыстағы ұжымдық шарттардың жиыны көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 15-бағанында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы санынан қолданыстағы ұжымдық шарттардың пайызы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 16-бағанында ұжымдық шарттары бар мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 17-бағанында ұжымдық шарттары бар ірі мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 21
21. Нысанның 18-бағанында жұмыс істеп тұрған ірі мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (3-баған).
Тармақ 22
22. Нысанның 19-бағанында ұжымдық шарттары бар орта мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 23
23. Нысанның 20-бағанында жұмыс істеп тұрған орта мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар орта мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (4-баған).
Тармақ 24
24. Нысанның 21-бағанында ұжымдық шарттары бар шағын мемлекеттік кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 25
25. Нысанның 22-бағанында жұмыс істеп тұрған шағын мемлекеттік кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар шағын мемлекеттік кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (5-баған).
Тармақ 26
26. Нысанның 23-бағанында ұжымдық шарттары бар жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 27
27. Нысанның 24-бағанында ұжымдық шарттары бар ірі жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 28
28. Нысанның 25-бағанында жұмыс істеп тұрған ірі жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар ірі жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (7-баған).
Тармақ 29
29. Нысанның 26-бағанында ұжымдық шарттары бар орта жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 30
30. Нысанның 27-бағанында жұмыс істеп тұрған орта жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар орта жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (8-баған).
Тармақ 31
31. Нысанның 28-бағанында ұжымдық шарттары бар шағын жеке кәсіпорындардың жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Нысанның 29-бағанында жұмыс істеп тұрған шағын жеке кәсіпорындардың санынан ұжымдық шарттары бар шағын жеке кәсіпорындарды қамту пайызы көрсетіледі (9-баған).