Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Аксуском районе

Өзге акт · № 70-308 · қабылданған 03.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149569/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Аксуском районе Қолданыста Өзге акт ·№ 70-308 ·03.12.2020
03.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Аксуском районе

Қолданыста Өзге акт ·№ 70-308 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Аксуском районе
Атауы (қаз.)
Ақсу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
70-308
Қабылданған күні
03.12.2020
Көрсетілген редакция
03.12.2020 149569_496602.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20DD005790
ЭКБ идентификаторы
149569
Редакция идентификаторы
149569_496602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:22

0

Ақсу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және де материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;

2 2) Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Заңның 9-бабы 5-тармағына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары кемінде 150 метр арақашықтықта айқындалсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік-мәдениет саласы, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Ақсу аудандық мәслихатының

2020 жылғы 3 желтоқсаны
№ 70-308
шешіміне 1-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары және материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Елді мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толу нормалары
Материалдық–техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
Жансүгіров ауылы
«Ақын Сара» атындағы мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қабанбай батыр көшесі, 42
500 адам
- жарықтандыру;
- электр қуат көзіне қосылу нүктесімен қамтамасыз ету;
-бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.
2
Жансүгіров ауылы
Шеру мен демонстрация маршруты - Желтоқсан және Ғани Мұратбаев көшелерінің қиылысынан Желтоқсан көшесінің бойымен Желтоқсан және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына дейін, әрі қарай Қабанбай батыр көшесінің бойымен «Ақын Сара» атындағы мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейін
500 адам
-маршрут бойындағы көшенің
жарығы бар;
- бейнебақылау және бейнетүсірілім камерасымен қамтамасыз ету.

8 Ақсу аудандық мәслихатының

2020 жылғы «03» желтоқсан
№ 70-308 шешіміне 2-қосымша
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Осы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі Заңның 8-бабына сәйкес әзірленді және бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар - Ақсу ауданының жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар немесе жүру маршруты.
Бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған арнайы орындарда – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтарымен жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында жария іс-шаралар өткізіледі.
Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушылар және қатысушылар Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтау қажет.

Қолданыстағы