Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил оказания медицинской помощи посредством передвижных медицинских комплексов и медицинских поездов

Бұйрық · № ҚР ДСМ-241/2020 · қабылданған 08.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149573/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении правил оказания медицинской помощи посредством передвижных медицинских комплексов и медицинских поездов Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-241/2020 ·08.12.2020
08.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил оказания медицинской помощи посредством передвижных медицинских комплексов и медицинских поездов

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-241/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил оказания медицинской помощи посредством передвижных медицинских комплексов и медицинских поездов
Атауы (қаз.)
Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-241/2020
Қабылданған күні
08.12.2020
Көрсетілген редакция
08.12.2020 149573_499554.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021745
ЭКБ идентификаторы
149573
Редакция идентификаторы
149573_499554
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:17

0 Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-241/2020
бұйрықпен бекітілген
Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 81) тармақшасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

1 1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

2 2) диагностика – аурудың болу немесе болмау фактісін анықтауға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

3 3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

4 4) жоспарлы медициналық көмек – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

5

5) жылжымалы медициналық кешендер – ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильдік клиникалар (кабинеттер);

6 6) кезек күттірмейтін медициналық көмек- пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай – күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;

7 7) Кетле индексі – ағзаның дене дамуының үйлесімділігін бағалау көрсеткіші, дене салмағының бойдың ұзындығына қатынасы;

8 8) мамандандырылған медициналық көмек – бейінді мамандар диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін қажет ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету құралдарын пайдалана отырып көрсетілетін медициналық көмек;

9

9) Медициналық пойыздар (бұдан әрі – МП) – теміржол станцияларының (жолдарының) жанында және оларға жақын орналасқан аумақтарда тұратын халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін пайдаланылатын қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған теміржол көлігіндегі мобильдік клиникалар;

10 10) медициналық – санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке қол жеткізу орны;

11 11) медициналық ақпаратты жүйе (бұдан әрі – МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін элетрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

12 12) скринингтік зерттеулер – халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте сатыларда анықтау және аурулар дамуының, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі;

13 13) ВI-RADS жіктемесі сүт безін сәулелік зерттеудің нәтижелерін талдау және хаттамалау – маммографиялық зерттеулердің сипаттамаларын стандарттау;

14

14) Үйлестіруші орталығы – медициналық ұйым базасында өңірлік деңгейде ЖМК және (немесе) МП қызметін үйлестіру үшін (қызметті қамтамасыз ету, мамандармен, медициналық ұйымдармен және дәрілік заттармен жиынтықтау) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастырылған айқындайтын құрылым;

15 15) фильтр кабинеті (тіркеу аймағы) – пациентті тіркеу алғашқы қарап – тексеру орны;

16

16) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді;

17 17) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.

2 2-тарау. Жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар арқылы медициналық көмек көрсету тәртібі

3

3. Ауылдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейінде медицина ұйымынан тыс денсаулықты нығайту, алдын алу, емдеу және оңалту бойынша қызмет көрсету қажеттілігі жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар (бұдан әрі – ЖМК және (немесе) МП) арқылы медициналық көмек көрсетудің көрсеткіштері болып табылады.

4 4. ЖМК және (немесе) МП медициналық көмек:

1 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

2 2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетіледі.

5. ЖМК және (немесе) МП Кодекстің 134-бабының 3-тармағына сәйкес инвазиялық араласуларды жүргізуге пациенттің немесе оның заңды өкілінің жазбаша ерікті келісімін алғаннан кейін МСАК маманының жолдамасынсыз көрсетіледі.

6 6. ЖМК және (немесе) МП көрсететін медициналық қызметтердің ең аз көлемінің тізбесі өзіне мыналарды:

1 1) Кодекстің 88-бабының 2-тармағына сәйкес бейінді мамандардың медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында динамикалық байқауға жататын аурулардың тізбесі бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды консультациялық қабылдауды;

2 2) аурулардың анықталған жағдайларын одан әрі МСАК деңгейінде динамикалық байқауға жіберумен Кодекстің 87-бабының 2-тармағына сәйкес МЖК және (немесе) МП мамандары халықтың нысаналы топтарына скрингтік зерттеулер жүргізуді және сауықтыруды қамтиды.

7 7. ЖМК және (немесе) МП қызмет көрсету аймағындағы елді мекеннің МСАК ұйымынан тартылған медицина қызметкері МЖК және (немесе) МП арқылы медициналық көмек көрсету үшін:

1 1) скринингтік зерттеулерге жататын бекітілген халықтан адамдардың тізімдерін қалыптастырады;

2 2) бекітілген халық қатарындағы нысаналы топтың адамдарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы көлемін көрсете отырып, хабардар етеді;

3 3) осы елді мекендегі ЖМК және (немесе) МП жұмыс кестесіне сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдарды, оның ішінде бейінді мамандардың қарап-тексеру уақыты мен кестесін айқындайды;

4 4) ЖМК және (немесе) МП келгенге дейін МАЖ-ға деректерді нысан бойынша енгізе отырып, ауруларды (қанайналымы жүйесі, глаукома, жатыр мойны обыры, сүт безі, колоректалдық обыр және В және С вирустық гепатиттері) ерте анықтауға скринингтің бірінші кезеңін жүргізеді;

5 5) скринингтік зерттеулерге шақырылған және өткен ЖМК және (немесе) МП консультациялық-диагностикалық қызметтерді алған адамдарды тіркейді;

6 6) ЖМК және (немесе) МП мамандарына диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуде көмек көрсетеді;

7 7) жүргізілген скринингтің нәтижелері бойынша аурулардың қауіп факторлары бар нысаналы топтағы адамдарды бейіндері бойынша денсаулық мектептеріне жібереді;

8 8) саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мамандармен бірлесіп, аурулардың қауіп факторлары бар адамдарды және науқастарды профилактика, саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістеріне оқытуға қатысады;

9 9) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес МАЖ-ға пациенттердің деректерін, көрсетілген медициналық қызметтер туралы мәліметтерді енгізеді.

8 8. Бейінді маман ЖМК және (немесе) МП жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсеткеннен кейін пациентке алдын ала медициналық қорытынды береді, онда алдын ала диагнозды, жүргізілген зерттеп-қарау мен емдеу нәтижелерін, сондай-ақ жіберу себебін көрсетеді.

9

9. ЖМК және (немесе) МП жағдайында қажетті аспаптық және зертханалық медициналық бұйымдар болмаған жағдайда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмекке мұқтаж пациентке одан әрі толық зерттеп-қарау және емдеуді түзету үшін ауру бейіні бойынша денсаулық сақтау ұйымына жолдама беріледі.

10 10. Фильтр кабинеті (тіркеу аймағы) орта медицина қызметкерлеріне арналған, мынандай жұмыстар атқарылады:

1 1) паспорттық деректерді (тегі, аты, әкесінің аты, бар болса жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні мен жылы және антропометриялық деректері) толтырумен пациенттерді тіркеу;

2 2) пациенттерді физикалық зерттеп-қарау: жалпы жай-күйі айқындау, дене температурасын, артериялық қысымды (бұдан әрі – АҚ өлшеу), жүректің жиырылу жиілігін (пульс), тыныс алу жиілігін және сатурацияны анықтау;

3 3) антропометриялық өлшеулер (салмағы, бойы, бел көлемі), Кетле индексі бойынша есептеу;

4 4) сауалнама бойынша сұрау жүргізу;

5 5) қан қысымын отыру кезінде 1-2 минут аралықпен екі рет өлшеу өткізіледі. Қан қысымын өлшеу алдында зерттеп-қаралатын адам 3-5 минут отырады.

11 11. Жалпы қабылдау кабинетінде терапевт және (немесе) жалпы практика дәрігері мыналарды:

1 1) пациентті зерттеп – қарап, шағымдарды, өмір мен аурудың анамнездерін жинайды, объективті қарап – тексеріп жүргізеді, алдын ала диагноз қояды;

2 2) қанайналым жүйесі ауруларының, тыныс алу, ас қорыту ағзалары ауруларының, эндокриндік жүйенің, қан мен қан түзетін ағзалардың, сондай-ақ басқа да ағзалар мен жүйелердің қауіп факторлары анықтайды;

3 3) ем тағайындауды және түзетуді жүргізеді;

4 4) саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізеді;

5

5) созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын адамдарға ЖМК және (немесе) МП зертханалық – диагностикалық ресурстарын пайдалана отырып, созылмалы инфекциялық емес аурулармен ауыратын адамдарға динамикалық байқау жүргізуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білікті медициналық көмек көрсетеді;

6 6) амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдетілген дәрілік заттарды алуға рецепт жазып беруді жүзеге асырады;

7 7) МАЖ-да медициналық көмек алған пациенттердің деректері есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес енгізеді;

8 8) бейінді маманның консультациясын өткізу және диагностикалық зерттеудің нәтижесін түсіндіру үшін аудандық, облыстық деңгейдегі телемедицина орталығымен өзара байланысты қамтамасыз етеді;

9 9) төтенше жағдайлар кезінде медициналық іріктеуді ұйымдастырады.

12 12. Функционалдық диагностика кабинетінде мыналар:

1 1) жүректі, іш перде ағзаларын, кіші жамбас, қалқанша безін ультрадыбыстық зерттеу;

2 2) ашып жазуымен жүректі электрокардиографиялық зерттеу;

3 3) ашып жазуымен миды эхоэнцефалографиялық зерттеу;

4 4) МАЖ-ға медициналық зерттеу алған пациенттердің деректерін есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес қадағалап – қарау өткізіледі .

13 13. Акушер – гинеколог кабинетінде, акушер – гинеколог дәрігері мыналарды:

1 1) гинекологиялық қарап – тексерумен және Папаниколау бойынша бояумен жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу үшін материал алумен әйелдердің нысаналы тобына бастапқы зерттеп – қарауды жүргізеді (Рар –тест);

2 2) көрсеткіштер бойынша кольпоскопия өткізеді;

3 3) ісік патологиясын анықтау үшін сүт бездерін қарап – тексеруді жүргізеді;

4 4) маммограмманы оқу және BI-RADS жіктемесі бойынша түсіндіруді жүргізеді;

5 5) әйелдердің репродуктивті жүйесінің ауруларын анықтайды;

6 6) қажет болған жағдайда шұғыл акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетеді;

7 7) репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша саламатты өмір салтын қалыптастыруды жүргізеді;

8 8) жүктіліктің, босанудың және босанғаннан кейінгі кезеңнің асқынулары бар диспансерлік топтағы адамдарды зерттеп – қарауды жүзеге асырады;

9 9) қажет болған жағдайда емдеуді тағайындайды немесе түзетеді, толық зерттеп – қарауды және емдеу әдісін айқындауға бекітілген емханаға, оның ішінде телемедицина мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жібереді;

10 10) Үйлестіруші орталықтың басшысына скринингті жүргізуге байланысты туындайтын немесе туындаған проблемаларды ұсынады;

11 11) репродуктивті жүйесінде патологиясы бар анықталған пациенттерді қадағалап – қарау әдісін айқындауға тікелей қатысады.

14 14. Бейінді мамандар кабинетінде хирург оториноларинголог, офтальмолог дәрігер мыналарды:

1 1) көзге көрінетін жердегі ісіктерді (қуық асты безінің обыры, тік ішек обыры) ерте анықтауға скрининг жүргізеді;

2 2) көз, есту және жоғарғы тыныс алу жолдары ағзалары ауруларының ерте диагностикасын және профилактикасын жүргізеді;

3 3) амбулаториялық хирургиялық операцияларды (оториноларингологиялық) жүзеге асырады;

4 4) төтенше жағдайлар кезінде шұғыл травматологиялық және хирургиялық көмек көрсетеді;

5 5) саламатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттайды;

15 15. Зертханалық диагностика кабинетінде зертханашы - дәрігер немесе зертханашы мынандай зерттеулерді:

1 1) қандағы глюкоза деңгейіне, холестерин деңгейіне, қан триглицеридтеріне;

2 2) биохимиялық зерттеулер: жалпы, тікелей билирубин, аланинаминотрансфераза (АлАТ), аспартатаминотрансфераза (АсАТ), креатинин, несепнәр, жалпы ақуыз, калий, натрий;

3 3) ЖМК және (немесе) МП мамандарының тағайындауы бойынша басқа да клиникалық және биохимиялық зерттеулер;

4 4) несепті жалпы клиникалық зерттеу (несептің жалпы талдауы) жүргізіледі;

5 5) жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін МАЖ-ға денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес енгізеді.

16 16. Рентгенография және маммография кабинетінде сәулелік диагностика мамандары мынадай зерттеулерді:

1 1) сүт безінің ісікалды және ісік ауруларын ерте анықтауды;

2 2) туберкулезді, өкпе ісіктерін және өкпенің басқа созылмалы ауруларын диагностикалау мақсатында;

3 3) шұғыл медициналық көмек жағдайларында жарақаттық зақымдануларды диагностикалау мақсатында жүргізіледі;

4 4) жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін МАЖ-ға денсаулық сақтау саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының бекітілген нысандарына сәйкес енгізеді.

17 17. Стоматолог кабинетінде мыналар:

1 1) балалар мен ересектерге стоматологиялық (хирургиялық) көмек көрсетіледі (санация, диагностика, емдеу, алып тастаумен хирургиялық емдеу, тіс-жақ жүйесінің ауытқуларын диагностикалау);

2 2) балалар мен жасөспірімдерді тісжегі мен оның асқынуларының алдын алу бойынша гигиеналық оқыту және тәрбиелеу жүргізіледі;

3 3) тіс-жақ жүйесі ауытқуларын алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;

18 18. «Дәріхана пункті» кабинетінде провизор (фармацевт) ЖМК және (немесе) МП қамту аймағында халыққа медициналық көмек көрсетуде ЖМК және (немесе) МП мамандары үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауды қамтамасыз ететді.

19

19. ЖМК және (немесе) МП қызметін өңірлік деңгейде үйлестіру үшін (қызметті қамтамасыз ету, мамандармен, медициналық бұйымдармен және дәрілік заттармен жиынтықтау) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары медициналық ұйым базасында Үйлестіру орталығын қалыптастырады және айқындайды.

20 20. ЖМК және (немесе) МП кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

21 21. ЖМК және МП штат нормативтері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

1.1 Жылжымалы медициналық кешен және медициналық поезд кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру

Жылжымалы медициналық кешендер
мен медициналық пойыздар
арқылы медициналық көмек
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Жылжымалы медициналық кешен және медициналық поезд кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру

Ата­уы
Тір­кеу неме­се фильтр ка­би­не­ті
1
екі орын­дық және үстел ша­мы бар бір үстел
2
ком­пью­тер (но­ут­бук)
3
па­ци­ент­тің ки­і­міне ар­нал­ған іл­гіш және (неме­се) іл­гек­тер
4
па­ци­ент­тер­ге ар­нал­ған еден тө­се­ніш­те­рі 0,4*0,4 м
5
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
6
бө­лу ай­ма­ғы үшін шы­мыл­дық неме­се ара­қа­быр­ға­ны қа­рас­ты­ру
7
тер­мо­метр
8
пу­льок­си­мет­рия
9
то­но­метр
10
фо­нен­до­скоп
11
ре­цир­ку­ля­тор
12
қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер
13
Бой өл­ше­гіш
14
еден та­разысы
Жал­пы қа­был­дау ка­би­не­ті (жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі, те­ра­певт)
1
екі орын­дық және үстел ша­мы бар бір үстел
2
па­ци­ент­тің ки­і­міне ар­нал­ған іл­гіш және (неме­се) іл­гек­тер
3
па­ци­ент­тер­ге ар­нал­ған еден тө­се­ніш­те­рі 0,4*0,4 м
4
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
5
бө­лу ай­ма­ғы үшін шы­мыл­дық неме­се ара­қа­быр­ға­ны қа­рас­ты­ру
6
то­но­метр
7
фо­нен­до­скоп
8
са­ңы­лау ша­мы
9
па­ци­ент кар­та­сы
10
ре­цир­ку­ля­тор
11
жи­нал­ма­лы ди­ван 1,8 м*0,5 м
12
қа­быр­ға шка­фы (шок­қа қар­сы тө­сеу)
13
ком­пью­тер (но­ут­бук)
Аку­шер-ги­не­ко­лог ка­би­не­ті
1
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
2
ги­не­ко­ло­ги­я­лық ку­шет­ка
3
жы­л­жы­ма­лы би­ік­тікті аяқ­пен рет­тей­тін дә­рі­гер­дің бір орынды­ғы
4
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
5
ки­ім­ді ше­шу үшін бөл­гіш шы­мыл­дық неме­се ара­қа­быр­ға­ны қа­рас­ты­ру
6
екі орын­дық және үстел ша­мы бар үстел
7
па­ци­ент­тің ки­і­міне ар­нал­ған іл­гіш және (неме­се) іл­гек­тер
8
па­ци­ент­тер­ге ар­нал­ған еден тө­се­ніш­те­рі 0,4*0,4 м
9
қа­быр­ға­ға іле­тін ай­на
10
ме­ди­ци­на­лық құ­рал­дар­ға ар­нал­ған кі­ші үстел
11
ги­не­ко­ло­ги­я­лық құ­рал­дар жиын­тығы
12
элек­тро­тер­мо­метр
13
та­за және қол­дан­ған заттар­дың қал­дық­та­ры­на ар­нал­ған екі кон­тей­нер
14
тө­сек жаб­дық­та­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған қа­быр­ға шка­фы
15
ре­цир­ку­ля­тор
16
ви­део­коль­ко­скоп
17
бой өл­ше­гіш, сан­ти­метр­лік тас­па
18
ком­пью­тер (но­ут­бук)
Хи­рург (оф­таль­мо­лог, ото­ри­но­ла­рин­го­лог) ка­би­не­ті
1
екі орын­дық және үстел ша­мы бар үстел
2
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
3
па­ци­ент­тің ки­і­міне ар­нал­ған іл­гіш және (неме­се) іл­гек­тер
4
па­ци­ент­тер­ге ар­нал­ған еден тө­се­ніш­те­рі 0,4*0,4 м
5
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
6
ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ға ар­нал­ған қа­быр­ға шка­фы
7
бө­лу ай­ма­ғы үшін шы­мыл­дық неме­се ара­қа­быр­ға­ны қа­рас­ты­ру
8
тер­мо­метр
9
то­но­метр
10
фо­нен­до­скоп
11
ото­скоп
12
оф­таль­мо­скоп
13
көз тү­бін өл­ше­удің бай­ла­ныс­сыз то­но­мет­рі
14
па­ци­ент­тің кар­та­сы
15
ре­цир­ку­ля­тор
16
қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер
17
рек­то­ро­ма­но­скоп
18
та­ңу үсте­лі
19
им­мо­би­ли­за­ци­я­ға ар­нал­ған кө­лік ши­на­ла­ры
20
ком­пью­тер (но­ут­бук)
21
ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті
1
үстел ша­мы бар бір үстел
2
жы­л­жы­ма­лы би­ік­тікті аяқ­пен рет­тей­тін дә­рі­гер­дің бір орынды­ғы
3
па­ци­ент­тің ки­і­міне ар­нал­ған іл­гіш және (неме­се) іл­гек­тер
4
па­ци­ент­тер­ге ар­нал­ған еден тө­се­ніш­те­рі 0,4*0,4 м
5
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
6
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
7
па­ци­ент кар­та­сы
8
ре­цир­ку­ля­тор
9
элек­тро­тер­мо­метр
10
жи­нал­ма­лы ди­ван 1,8 м*0,5 м
11
6-ар­на­лы элек­тро­кар­дио­граф
12
пор­та­тив­ті уль­тра­ды­быст­ық ди­а­гно­сти­ка­лық ап­па­рат (ска­нер­лер)
13
ашып жа­зу­мен ми­ды эхо­эн­це­фа­ло­гра­фи­я­лық зерт­теу
14
қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер
15
прин­те­рі бар ком­пью­тер (но­ут­бук)
Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті
1
бір орын­дық және үстел ша­мы бар үстел
2
жы­л­жы­ма­лы би­ік­тікті аяқ­пен рет­тей­тін дә­рі­гер­дің бір орынды­ғы
3
бө­лу ай­ма­ғы үшін шы­мыл­дық неме­се ара­қа­быр­ға­ны қа­рас­ты­ру
4
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
5
ай­на
6
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
7
ре­цир­ку­ля­тор
8
ре­ак­тив­тер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған то­ңа­зыт­қыш
9
био­хи­ми­я­лық қан ана­ли­за­то­ры ап­па­ра­ты
10
глю­ко­метр
11
лей­ко­цит­тер са­на­уы­шы
12
ко­а­гу­ло­метр
13
элек­тро­тер­мо­метр
14
қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер
15
несеп ана­ли­за­то­ры
16
ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка
Рент­ге­но­гра­фия (мам­мо­гра­фия) ка­би­не­ті)
1
бір орын­дық және үстел ша­мы бар бір үстел
2
ки­ім­ге ар­нал­ған шкаф
3
па­ци­ент­тің ки­і­міне ар­нал­ған іл­гіш және (неме­се) іл­гек­тер
4
па­ци­ент­тер­ге ар­нал­ған еден тө­се­ніш­те­рі 0,4*0,4 м
5
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
6
па­ци­ент кар­та­сы
7
ре­цир­ку­ля­тор (2 бір­лік)
8
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
9
қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер 2 бір­лік
10
сан­дық рент­ген ап­па­ра­ты (мам­мо­граф)
11
ар­найы ал­жап­қы­штар­ға ар­нал­ған шкаф
12
ком­пью­тер (но­ут­бук)
Сто­ма­то­лог ка­би­не­ті
1
сто­ма­то­ло­ги­я­лық крес­ло
2
сто­ма­то­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы
3
ме­ди­ци­на­лық құ­рал­дар­ға ар­нал­ған үстел
4
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
5
қа­быр­ға­ға іле­тін ай­на
6
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
Дә­рі­ха­на пунк­ті
1
бір орын­дық және үстел ша­мы бар бір үстел
2
су бе­ре­тін ра­ко­ви­на
3
қа­быр­ға­лық мөл­шер­ле­гіш (са­ни­тай­зер)
4
дә­рі-дәр­мек­тер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған то­ңа­зыт­қыш
5
ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ға ар­нал­ған қа­быр­ға шка­фы
6
элек­тро­тер­мо­метр
7
ре­цир­ку­ля­тор
8
қал­дық­тар­ға ар­нал­ған кон­тей­нер

1.2 Жылжымалы медициналық кешен мен медициналық поездың штат нормативтері

Жылжымалы медициналық кешендер
мен медициналық пойыздар
арқылы медициналық көмек
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Жылжымалы медициналық кешен мен медициналық поездың штат нормативтері
Жы­л­жы­ма­лы ме­ди­ци­на­лық ке­шен­нің штат нор­ма­тив­те­рі

Ла­у­а­зым­ның ата­уы
Са­ны
Мо­биль­дік бри­га­да­ның құ­ра­мы
1
ЖМК бас­шы­сы
1 бір­лік
2
Те­ра­певт және (неме­се) жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
2 бір­лік
3
Хи­рург
1 бір­лік
4
Ото­ла­рин­го­лог
Оф­таль­мо­лог
Он­ко­лог
Трав­ма­то­лог
Нев­ро­па­то­лог
Пси­хо­лог
Кар­дио­лог
Га­стро­эн­те­ро­лог
Уро­лог
қа­жет­ті­лік бой­ын­ша
5
Аку­шер-ги­не­ко­лог
1 бір­лік
6
рент­ге­но­лог дә­рі­гер және (неме­се) рент­ген зерт­ха­на­шы
1 бір­лік
7
сто­ма­то­лог дә­рі­гер
1 бір­лік
8
зерт­ха­на­шы дә­рі­гер неме­се зерт­ха­на­шы
1 бір­лік (оны же­дел ди­а­гно­сти­ка әді­сте­рін мең­гер­ген зерт­ха­на­шы ауы­сты­ра ала­ды)
9
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка дә­рі­ге­рі
1 бір­лік
10
Про­ви­зор (фар­ма­цевт)
1 бір­лік
11
Жүр­гі­зу­ші
2 бір­лік
12
ЖМК ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­ға қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ин­же­нер
1 бір­лік
13
Ме­ди­ци­на­лық ста­тист
1 бір­лік
14
Мей­ір­гер
2 бір­лік
Ме­ди­ци­на­лық пой­ы­здың штат нор­ма­тив­те­рі

Ла­у­а­зым­ның ата­уы
Са­ны
Мо­биль­дік бри­га­да­ның құ­ра­мы
1
МО бас­шы­сы
1 бір­лік
2
Те­ра­певт және (неме­се) жал­пы прак­ти­ка дә­рі­ге­рі
2 бір­лік
3
Хи­рург
1 бір­лік
4
Ото­ла­рин­го­лог
Оф­таль­мо­лог
Он­ко­лог
Трав­ма­то­лог
Нев­ро­па­то­лог
Пси­хо­лог
Кар­дио­лог
Га­стро­эн­те­ро­лог
Уро­лог
қа­жет­ті­лік бой­ын­ша
5
Аку­шер-ги­не­ко­лог
1 бір­лік
6
рент­ге­но­лог дә­рі­гер және (неме­се) рент­ген-зерт­ха­на­шы
1 бір­лік
7
сто­ма­то­лог дә­рі­гер
1 бір­лік
8
зерт­ха­на­шы дә­рі­гер неме­се зерт­ха­на­шы
1 бір­лік (оны же­дел ди­а­гно­сти­ка әді­сте­рін мең­гер­ген зерт­ха­на­шы ауы­сты­ра ала­ды)
9
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка дә­рі­ге­рі
1 бір­лік
10
Про­ви­зор (фар­ма­цевт)
1 бір­лік
11
МП ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­ға қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ин­же­нер
1 бір­лік
12
Ме­ди­ци­на­лық ста­тист
1 бір­лік
13
Мей­ір­гер
2 бір­лік

Қолданыстағы