Құжат мәтініне өту

Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы

Қаулы · № 1 · қабылданған 04.02.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14959/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 1 ·04.02.2003
19.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
04.02.2003
Көрсетілген редакция
19.11.2015 · қолданыстағы 14959_254553.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03GG000873
ЭКБ идентификаторы
14959
Редакция идентификаторы
14959_254553
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:29

0 Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық әкімдігінің 19.11.2015 № 359 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23 бабын жүзеге асыру және мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеу мен оқытуда көмек көрсету мақсатында облыс әкімиятының 2002 жылғы 28 қарашадағы "Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесін бекіту туралы" № 105 қаулысын басшылыққа ала отырып аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруда тағайындау мен төлеудің қоса беріліп отырған Ережесі (бұдан әрі Ереже) бекітілсін.

2 2. Бекітілген Ереженің 2 тармағына сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап материалдық қамсыздандырудың мөлшері облыста бекітілген 4730 теңге сомада белгіленсін.

3 3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы үйде тәрбиеленіп және оқытылып жатқан мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың бекітілген Ережеге сәйкес тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Данияроваға жүктелсін.

5 Аудан әкімиятының 2003 жылғы

4 ақпандағы №1 "Үйде
тәрбиеленіп және оқытылатын
мүгедек балаларға материалдық
қамсыздандыруды тағайындау
мен төлеудің Ережесін бекіту
туралы" қаулысымен бекітілген
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру (Бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) 16 жасқа дейінгі мүгедек бала ата-анасының біреуіне немесе оны алмастырушы тұлғаға (бұдан әрі алушы) беріледі.

2 2. Материалдық қамсыздандыру аудан әкімияты белгіленген мөлшерде әр тоқсан сайын алушыға төлем ретінде беріледі.

3 3. Материалдық қамсыздандыру өзі туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға тағайындалады және төленеді.

4 4. Материалдық қамсыздандыру толық мемлекеттік қамтудағы мүгедек балаларға тағайындалмайды және төленбейді.

5 5. Материалдық қамсыздандыру мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмектің басқа түрлерінен тәуелсіз, отбасының жалпы табысын ескермей беріледі.

2 2. Материалдық қамсыздандырудың тағайындалу тәртібі

6 6. Материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы өтініш алушы мен мүгедек баланың тұратын жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау органына: (бұдан әрі - өкілетті орган)

1 1) мүгедек баланы үйде тәрбиелеу немесе оқыту қажеттігі туралы аудан әкімінің білім басқармасы жанындағы қамқорлық кеңесі арқылы берілетін қорытындымен (бұдан әрі - қорытынды);

2 2) баланың туу туралы куәлігімен (көшірмесі);

3 3) алушының жеке куәлігімен;

4 4) алушының салық төлеуші тіркеу нөмірімен;

5 5) қамқорлыққа алу туралы факті анықталған жағдайда қамқорлыққа беру туралы шешімімен қоса беріледі.

7

7. Берілген құжаттар негізінде өкілетті орган материалдық қамсыздандыруда тағайындау немесе тағайындауға қарсылық білдіру туралы шешім қабылдайды. Қарсылық білдірілген жағдайда өтініш иесіне жазбаша ескерту жіберіледі. Материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы шешімге өкілетті органның басшысы қол қояды.

8 8. Материалдық қамсыздандыру өтініш берген айдан бастап тоқсан сайын тағайындалады.

9 9. Қорытынды 12 ай бойы жарамды болып табылады.

3 3. Материалдық қамсыздандыруды төлеу

10 10. Материалдық қамсыздандыруды төлеу Халықтық банк филиалдары арқылы өкілетті органдармен жасалған агенттік келісімдерге сай алушының есеп шотына аудару жолымен жүргізіледі.

Қолданыстағы