Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств педагогам, осуществляющие профессиональную деятельность в сельском населенном пункте

Ереже · № 40-4 · қабылданған 09.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149615/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств педагогам, осуществляющие профессиональную деятельность в сельском населенном пункте Қолданыста Ереже ·№ 40-4 ·09.12.2020
09.12.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств педагогам, осуществляющие профессиональную деятельность в сельском населенном пункте

Қолданыста Ереже ·№ 40-4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств педагогам, осуществляющие профессиональную деятельность в сельском населенном пункте
Атауы (қаз.)
Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
40-4
Қабылданған күні
09.12.2020
Көрсетілген редакция
09.12.2020 149615_497626.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20Z0006531
ЭКБ идентификаторы
149615
Редакция идентификаторы
149615_497626
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:15

0 Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

2 2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары

Батыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2020 жылғы 9 желтоқсан
№ 40-4 шешіміне қосымша
Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелері

1

1. Осы ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

2 2. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Батыс Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге (бұдан әрі - Педагог) көрсетіледі.

3 3. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет, оқу жылының басында (қыркүйек-қазан) Педагогтың өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді.

4 4. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды Педагогтың өтініші бойынша білім беру ұйымының басшысының актісімен білім беру ұйымы жүзеге асырады.

2 2-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

5 5. Әлеуметтік қолдау алу үшін Педагог (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2 2) еркін нысандағы өтініш.

3 3-тарау. Әлеуметтік қолдау көрсетудің мөлшері

6 6. Педагогке әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Қолданыстағы