Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 6 · қабылданған 09.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149620/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 6 ·09.12.2020
09.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 6 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
09.12.2020
Көрсетілген редакция
09.12.2020 149620_496683.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NC009621
ЭКБ идентификаторы
149620
Редакция идентификаторы
149620_496683
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:14

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 01-20/1071 ұсынысы негізінде Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Арқалық қаласының Ашутасты ауылының аумағында орналасқан Тәуелсіздіктің 10 жылдығы, Академиялық, Школный, Ы. Алтынсарин, Интернационалдық, А. Құнанбаев, Олимпийский, Центральный көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Ашутасты ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 10 шілдедегі № 1 шешімінің (2020 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9323 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы