О некоторых вопросах снятия карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах снятия карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантинді тоқтатудың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 447
- Қабылданған күні
- 10.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2020 149622_496653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20N0009623
- ЭКБ идентификаторы
- 149622
- Редакция идентификаторы
- 149622_496653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:11
0 Карантинді тоқтатудың кейбір мәселелері туралы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, Қостанай облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 30 қазандағы № 01-08/2487, 2020 жылғы 16 қарашадағы № 13970, 2020 жылғы 23 қарашадағы № 01-08/2770 ұсыныстары негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысының келесі:
1 1) Арқалық қаласы Родина ауылдық округінің Родина ауылы;
2 2) Арқалық қаласының Фурманов ауылы;
3 3) Арқалық қаласының Целинный ауылы елді мекендерінде жұқпалы құс тұмауы ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2
2. Қостанай облысы әкімдігінің «Карантинді белгілеу туралы» 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 328 қаулысы қосымшасының реттік нөмірі 2-жолының (2020 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9466 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.