Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Балхаша»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих государственного учреждения «Аппарат акима города Балхаша»
- Атауы (қаз.)
- «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56/04
- Қабылданған күні
- 10.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 12.11.2024 149649_741171.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KD021759
- ЭКБ идентификаторы
- 149649
- Редакция идентификаторы
- 149649_741171
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:12
0 «Балқаш қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілеріне
көтермелеулерді қолдану
Қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңдарына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы бекітілсін.
2 2. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы Руслан Косемгалиулы Сыздықовқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы
Балқаш қаласының
әкімдігі
2020 жылғы 10
желтоқсаны
№ 56/04
қаулысымен бекітілген
«Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы
1
1. «Балқаш қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
2 2. Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне келесі көтермелеулер қолданылады:
1 1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2 2) алғыс жариялау;
3 3) грамотамен марапаттау;
4 4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
3 3. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылады.
4 4. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5 5. Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамы Балқаш қаласының әкімімен бекітілетін комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) шешімі негізінде жүргізіледі.
6 6. Аппараттың мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы ақшалай сыйақы төлемі Аппараттың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
7 7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Аппараттың мемлекеттік қызметшілері комиссия ұсынымдары негізінде Балқаш қаласы әкімінің өкімімен біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
8 8. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Аппараттың мемлекеттік қызметшілері Балқаш қаласы әкімінің грамотасымен марапатталады.
9 9. Мемлекеттік қызметшілерге ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Аппарат басшылығының тапсырмаларын тиісті және адал атқарғаны үшін Қала әкімінің алғысы жарияланады.
Қала әкімінің грамотасымен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді Комиссия қабылдайды және Балқаш қаласы әкімінің өкімімен жүргізіледі.