Құжат мәтініне өту

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Акжаикскому району

Өзге акт · № 55-3 · қабылданған 10.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149658/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Акжаикскому району Қолданыста Өзге акт ·№ 55-3 ·10.12.2020
10.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Акжаикскому району

Қолданыста Өзге акт ·№ 55-3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Акжаикскому району
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55-3
Қабылданған күні
10.12.2020
Көрсетілген редакция
10.12.2020 149658_497698.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20ZB006542
ЭКБ идентификаторы
149658
Редакция идентификаторы
149658_497698
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:11

0

Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және оларды шекті толтырылу нормалары айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі айқындалсын.

3 3. Осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары айқындалсын.

4 4. Осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

5 5. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Умбеталиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Ақжайық аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__» желтоқсандағы
№ __ шешіміне 1-қосымша
Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толтырылу нормалары

Елдi мекен
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толтырылу нормалары
1.
Ақжол ауылы
Ауылдық мәдениет үйінің алды - Д.Қонаев көшесі (Д.Қонаев көшесімен)
100 адамнан аспайтын
2.
Ақсуат ауылы
Жазғы сахна алдындағы алаң – Ақжайық көшесі (Ақжайық көшесінен Мәңгілік ел көшесіне дейін)
100 адамнан аспайтын
3.
Алмалы ауылы
Мәдениет үйінің алдындағы саябақ - Абылай хан көшесі (Абылай хан көшесімен)
100 адамнан аспайтын
4.
Алғабас ауылы
«Еске алу» саябағы – Е.Орақбаев көшесі
(Е.Орақбаев көшесімен)
100 адамнан аспайтын
5.
Базартөбе ауылы
Е.Әзербаев атындағы саябақ - О.Қадырғалиев көшесі (О.Қадырғалиев көшесімен)
180 адамнан аспайтын
6.
Базаршолан ауылы
Жазғы сахна алдындағы алаң – Жамбыл көшесі (Жамбыл көшесімен)
200 адамнан аспайтын
7.
Бударин ауылы
«Бударин ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды - Ж.Молдағалиев көшесі (Ж.Молдағалиев көшесімен)
200 адамнан аспайтын
8.
Есенсай ауылы
«Ұлы Отан Соғысы» ардагерлеріне арналған ескерткіш алды - Тәуелсіздік көшесі
100 адамнан аспайтын
9.
Жаңабұлақ ауылы
Ауылдық мәдениет үйінің алды – М.Абатов көшесі (М.Абатов көшесімен)
50 адамнан аспайтын
10.
Жамбыл ауылы
«Тәуелсіздік» саябағының алды - Тәуелсіздік көшесі (Тәуелсіздік көшесімен)
170 адамнан аспайтын
11.
Көнеккеткен ауылы
Спорт алаңының алды - Тәуелсіздік көшесі (Тәуелсіздік көшесімен)
200 адамнан аспайтын
12.
Қабыршақты ауылы
«Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды - Келешек көшесі (Келешек көшесімен)
100 адамнан аспайтын
13.
Қарауылтөбе ауылы
Ауылдық мәдениет үйінің алды - Д.Қонаев көшесі (Д.Қонаев көшесінен Т.Масин көшесіне дейін)
100 адамнан аспайтын
14.
Құрайлысай ауылы
Ауыл паркі – Тәтібай көшесі (Тәтібай көшесімен С.Датұлы көшесінің қиылысына дейін)
170 адамнан аспайтын
15.
Мерген ауылы
Ауылдық мәдениет үйінің алды - М.Әуезов көшесі (М.Әуезов көшесімен)
100 адамнан аспайтын
16.
Сарытоғай ауылы
Орталық саябақ – О.Ғалимов көшесі (О.Ғалимов көшесімен)
120 адамнан аспайтын
17.
Тайпақ ауылы
Ауылдық мәдениет үйінің алды - Х.Чурин көшесі (Х.Чурин көшесімен)
500 адамнан аспайтын
18
Чапаев ауылы
«Даңқ» саябағы – Д.Қонаев көшесі (Д.Қонаев көшесімен Жұбан көшесінің қиылысына дейін)
700 адамнан аспайтын
Орталық алаң – Д.Қонаев көшесі (Д.Қонаев көшесімен Республика көшесінің қиылысына дейін)
700 адамнан аспайтын

8 Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

Ақжайық аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__» желтоқсандағы
№ __ шешіміне 2-қосымша
Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды пайдалану тәртібі

1 1. Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

2

2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

3 3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

4 4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.

5

5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда, жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша, бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті.

14 Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Ақжайық аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__» желтоқсандағы
№ __ шешіміне 3-қосымша
Ақжайық ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

1. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізуді:

жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың;
қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның;
шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

3 3. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

18 Ақжайық ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Ақжайық аудандық мәслихатының
2020 жылғы «__» желтоқсандағы
№ __ шешіміне 4-қосымша
Ақжайық ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Ақжайық ауданында келесі объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 100 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекаралары айқындалсын:

1 1) жаппай жерлеу орындары;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

5 5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.

Қолданыстағы