О корректировке базовых ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49/5-VI
- Қабылданған күні
- 30.11.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2022 149684_594041.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VD007964
- ЭКБ идентификаторы
- 149684
- Редакция идентификаторы
- 149684_594041
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:27
0 Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (ары қарай - Салық кодексі) кодексінің 510-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы №49/3-VI «Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7904 нөмірімен тіркелген) сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
2 2. Риддер қаласының елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемесі Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 1) Риддер қаласының жеріне арналған:
1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;
5 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
7 және 8 аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;
2 2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:
1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
2 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;
3 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
4 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
3 3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;
4 4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
5 5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:
1 аймақ бойынша – 40 % арттырылсын.
Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.
3 3. Риддер қаласының әкімшілік бағынысының шекарасындағы елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жеріне арналған Салық кодексінің 506-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:
1 1) Риддер қаласының жеріне арналған:
3 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;
6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын.
4 4. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
12 Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2020 жылғы 30 қарашасы
№ 49/5-VI шешіміне
қосымша
Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-IV «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-4-106 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).
2
2. Риддер қалалық мәслихатының «Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-VI «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 14 шілдедегі № 36/9-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4087 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 18 қыркүйектегі «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).
3
3. Риддер қалалық мәслихатының «Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/6-VI «Салық салу мақсаттары үшін жерлерді зоналау негізінде жер салығының базалық ставкасын түзету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/15-VI шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5559 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 29 наурыздағы «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).