О некоторых мерах материального стимулирования спортсменов, тренеров и специалистов сборных команд по олимпийским видам спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых мерах материального стимулирования спортсменов, тренеров и специалистов сборных команд по олимпийским видам спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерiнен құрама командаларының спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын материалдық ынталандырудың кейбiр шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 335
- Қабылданған күні
- 07.04.2003
- Көрсетілген редакция
- 22.10.2010 AI14971_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000335_
- ЭКБ идентификаторы
- 14971
- Редакция идентификаторы
- AI14971_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:19
0 Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерiнен құрама командаларының спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын материалдық ынталандырудың кейбiр шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Республиканың олимпиадалық спорт түрлерiнен құрама командалары спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Мыналар белгiленсiн:
1 1) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелерiне-спортшыларына көрсеткен нәтижелерi бойынша бiржолғы төлемдердiң мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
Әлем чемпионаттарында:
алтын медаль үшiн - 7000 АҚШ доллары
күмiс медаль үшiн - 3500 АҚШ доллары
қола медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары;
Азия ойындарында:
алтын медаль үшiн - 3500 АҚШ доллары
күмiс медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары
қола медаль үшін - 700 АҚШ доллары;
2 2) Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерi бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшыларды даярлауды қамтамасыз еткен құрама командалары жаттықтырушылары мен мамандарына бiржолғы төлемдердiң жалпы сомасының мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
Әлем чемпионаттарында:
алтын медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары
күмiс медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары
қола медаль үшін - 900 АҚШ доллары;
Азия ойындарында:
алтын медаль үшiн - 1500 АҚШ доллары
күмiс медаль үшiн - 900 АҚШ доллары
қола медаль үшін - 500 АҚШ доллары;