Об утверждении правил учета кадровых ресурсов в области здравоохранения (ведения профессионального регистра)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил учета кадровых ресурсов в области здравоохранения (ведения профессионального регистра)
- Атауы (қаз.)
- Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидаларын бекіту туралы)
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-253/2020
- Қабылданған күні
- 11.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2025 149764_775180.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021773
- ЭКБ идентификаторы
- 149764
- Редакция идентификаторы
- 149764_775180
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:09
0 Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидаларын бекіту туралы)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 266-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ғиниятқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-253/2020
бұйрығымен бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидалары
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 266-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алу (кәсіптік тіркелімді жүргізу) тәртібін айқындайды.
2 2. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі (бұдан әрі – Кәсіптік тіркелім) дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі қызметкелерінің үздіксіз кәсіби дамуы мақсатында тіркеу, есепке алу, көші-қон, кету үшін база болып табылады.
3 3. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік тіркелімін жүргізу еңбек нарығы мен адами ресурстардың дамуына мониторинг жүргізу және болжау, кадрлар даярлауды жоспарлау үшін негіз болып табылады.
4 4. Кәсіптік тіркелім шеңберінде:
1 1) денсаулық сақтау субъектілері, әкімшілік-аумақтық бірлік бөлінісінде, денсаулық сақтау саласындағы жұмыс істеп тұрған кадр ресурстарын есепке алу;
2 2) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын кәсіптік дамыту жөніндегі мәліметтерді есепке алу болып табылады;
3 3) денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарын мониторингтеу, талдау, болжау және стратегиялық жоспарлау;
4 4) медициналық ұйымның мамандықтары бөлінісінде қажеттілікті қоса алғанда, денсаулық сақтау субъектілерін кадрлық қамтамасыз ету бөлігінде деректерді талдау;
5 5) денсаулық сақтаудың кадр ресурстарының үздіксіз кәсіптік дамуын бағалау үшін денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар және қоғамдық бірлестіктерге рұқсат беру.
2 2 тарау. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстарының дербестендірілген есебін жүргізу тәртібі
5 5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін есепке алуды жергілікті атқарушы органдар кәсіби тіркелімнің автоматтандырылған функционалы арқылы жүзеге асырады.
6
6. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші уәкілетті органға ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің тіркелуі, есепке алынуы, көші-қоны, кету мониторингі жөніндегі ақпаратты ұсынады.
7
7. Денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсан сайын еңбек нарығын және адам ресурстарын дамыту жөніндегі болжамды талдамалық деректерді, біліктілікті растау мерзімдерін және уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өзге де мәліметтерді ұсынады.