Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан»

Заң · № 383-VI · қабылданған 12.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149902/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан» Қолданыста Заң ·№ 383-VI ·12.12.2020
12.12.2020 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан»

Қолданыста Заң ·№ 383-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
383-VI
Қабылданған күні
12.12.2020
Көрсетілген редакция
12.12.2020 149902_498133.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2000000383
ЭКБ идентификаторы
149902
Редакция идентификаторы
149902_498133
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:06

0 «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық

құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1

1-бап. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 2-бапта:

сегізінші бөлік «Шағын аудандар,» деген сөздерден кейін «қаладағы аудандар,» деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан қаладағы аудан болып табылады. Облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан олардағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде құрылады.»;

2 2) 3-бапта:

3) тармақшадағы «өнеркәсiп орындары» және «, халқының жалпы санының үштен екiсiнен астамын жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер» деген сөздер тиісінше «өнеркәсiптік кәсіпорындар» және «елдi мекендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның бірінші абзацындағы «өнеркәсiп орындарының» және «, олардың кемiнде үштен екiсiн жұмысшылар, қызметшiлер және олардың отбасы мүшелерi құрайтын елдi мекендер» деген сөздер тиісінше «өнеркәсiптік кәсіпорындардың» және «елдi мекендер» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауыл – халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекен;»;

3 3) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру жөнінде шешім қабылдайды;»;

4 4) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыну енгізеді;»;

5 5) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;»;

6 6) 14-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері»;
мынадай мазмұндағы бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық маңызы бар қала әкімі аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізеді.»;
1) тармақшадағы «кенттер, ауылдар категорияларына» деген сөздер «аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар санаттарына» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы