Об образовании избирательных участков на территории района Байдибек
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об образовании избирательных участков на территории района Байдибек
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 11.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2020 149916_497968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20UE005944
- ЭКБ идентификаторы
- 149916
- Редакция идентификаторы
- 149916_497968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:08
0 Бәйдібек ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бәйдібек ауданы аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2
2. Бәйдібек ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қарашадағы №23 «Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4779 тіркелген, 2018 жылғы 21 қарашада «Шаян» газетінде және 2018 жылғы 04 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрлыбековке жүктелсін.
5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Түркістан облысының
Бәйдібек аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________М.Қырықбаев
« » _________ 2020 жыл
8 Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
Бәйдібек ауданы әкімінің
«11» желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 18 шешіміне қосымша
Бәйдібек ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
№142 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ағыбет ауылдық мәдениет үйі (Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, 1/А үй). Шекарасы: Ағыбет ауылы.
№143 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Майбұлақ жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ағыбет ауылдық округі, Алғабас ауылы, Қаратау көшесі, 81 үй). Шекарасы: Алғабас ауылы.
№144 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы бастауыш мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ағыбет ауылдық округі, Жұлдыз ауылы, Майбұлақ көшесі, 13 үй). Шекарасы: Жұлдыз ауылы.
№145 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жаңаталап негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ағыбет ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Жаңаталап көшесі, 41/1 үй). Шекарасы: Жаңаталап ауылы.
№146 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақбастау ауылдық мәдениет үйі (Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Ө.Оспанов көшесі, 61 үй). Шекарасы: Ақбастау ауылы.
№147 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ж.Жүнісбеков атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ақбастау ауылдық округі, Тұрақты ауылы, Ақжол көшесі, 49 үй). Шекарасы: Тұрақты ауылы.
№148 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ақбастау ауылдық округі, Кеңес ауылы, Тұрсынбеков көшесі, 11/1). Шекарасы: Кеңес ауылы.
№149 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жолғабас негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Ақбастау ауылдық округі, Жолғабас ауылы, Көкмешіт көшесі, 35/1). Шекарасы: Жолғабас ауылы.
№150 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алғабас ауылдық округі, Шақпақ ауылы, Ильясұлы көшесі, 8 үй). Шекарасы: Шақпақ, Үсіктас ауылдары.
№151 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Тұрмыс-1 жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алғабас ауылдық округі, Қазата ауылы, Қ.Шалтаев көшесі, 2 үй). Шекарасы: Қазата ауылы.
№152 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алғабас ауылдық округі, Таңатар ауылы, Ж.Қауымбаев көшесі, 45 үй). Шекарасы: Таңатар ауылы.
№153 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алмалы ауылдық округі, Алмалы ауылы, Алмалы көшесі, 6 үй). Шекарасы: Алмалы ауылы.
№154 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Л.Өтешов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Алмалы ауылдық округі, Жарықбас ауылы, Ж.Дауталиев көшесі, 13 үй). Шекарасы: Жарықбас, Байжансай ауылдары.
№155 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Бәйдібек ата ауылдық мәдениет үйі (Алмалы ауылдық округі, Бәйдібек ата ауылы, К.Торғаутов көшесі, 15/1 үй). Шекарасы: Бәйдібек ата ауылы.
№156 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қаратау ауылдық мәдениет үйі (Боралдай ауылдық округі, Боралдай ауылы, О.Мамеков көшесі, 15 үй). Шекарасы: Боралдай ауылы.
№157 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Боралдай жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Жоғарғы Боралдай ауылы, Төлеби көшесі, 45 үй). Шекарасы: Жоғарғы Боралдай ауылы.
№158 сайлау учаскесі
Орталығы: «О.Тайманов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, О.Тайманов ауылы, Астана көшесі, 31 үй). Шекарасы: О.Тайманов ауылы.
№159 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Төменгі Боралдай негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Ақжар ауылы, Бейбітшілік көшесі, 7 үй). Шекарасы: Ақжар ауылы.
№160 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Н.Арапов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Қаратас ауылы, Қаратау көшесі, 55 үй). Шекарасы: Қаратас ауылы.
№161 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Теректі жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Теректі ауылы, Қостұра көшесі, 56 үй). Шекарасы: Теректі ауылы.
№162 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қаратау жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Жыланды ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 28/2 үй). Шекарасы: Жыланды ауылы.
№163 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Түйетас ауылы, Темірқазық көшесі, 2/2 үй). Шекарасы: Түйетас ауылы.
№164 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Домалақ ана атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі, 57 үй). Шекарасы: Амансай ауылы.
№165 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қ.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Талап ауылы, Ынтымақ көшесі, 89/1 үй). Шекарасы: Талап ауылы.
№166 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Сарыбұлақ жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Боралдай ауылдық округі, Сарыбұлақ ауылы, Ұлы дала көшесі, 24/1 үй). Шекарасы: Сарыбұлақ ауылы.
№167 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Ақтас жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Борлысай ауылдық округі, Ақтас ауылы, О.Сеңгірбайұлы көшесі, 17/1 үй). Шекарасы: Ақтас, Шұқыршақ ауылдары.
№168 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Борлысай жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Борлысай ауылдық округі, Қошқар ата ауылы, Ә.Бектібаев көшесі, 9/2 үй). Шекарасы: Қошқар ата ауылы.
№169 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Кеңсай жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Борлысай ауылдық округі, Кеңсай ауылы, Х.Бозжігітов көшесі, 51/1 үй). Шекарасы: Кеңсай ауылы
№170 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Шалдар ауылы, Б.Бахтиярұлы көшесі, 3 үй). Шекарасы: Шалдар, Бекбау ауылдары.
№171 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «О.Орманов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Сарқырама ауылы, Желтимес көшесі, 45/1 үй). Шекарасы: Сарқырама ауылы.
№172 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қ.Байменов атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Екпінді ауылы, Қызылсеңгір көшесі, 2 үй). Шекарасы: Екпінді ауылы.
№173 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жиенқұм жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Бөген ауылдық округі, Жиенқұм ауылы, Сіргесалды көшесі, 12 үй). Шекарасы: Жиенқұм ауылы.
№174 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Ж.Кертайұлы көшесі, 2 үй). Шекарасы: Жамбыл ауылы.
№175 сайлау учаскесі
Орталығы: Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Шыбыт ауылдық клубы (Жамбыл ауылдық округі, Шыбыт ауылы, Б.Әшірбеков көшесі, 3 үй). Шекарасы: Шыбыт ауылы.
№176 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Жүзімдік жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Жамбыл ауылдық округі, Жүзімдік ауылы, Нұрлы көшесі, 10 үй). Шекарасы: Жүзімдік ауылы.
№177 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Тасқұдық негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Жамбыл ауылдық округі, Тасқұдық ауылы, Мектеп көшесі, 12 үй). Шекарасы: Тасқұдық ауылы.
№178 сайлау учаскесі
Орталығы: Дәрігерлік тірек (Жамбыл ауылдық округі, Қызылжар ауылы, Жауқазын көшесі, 6 үй). Шекарасы: Қызылжар ауылы.
№179 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Көктерек ауылдық округі, Кеңестөбе ауылы, Қарсыбай батыр көшесі, 20 үй). Шекарасы: Кеңестөбе ауылы.
№180 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «А.Нысанов атындағы негізгі орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Көктерек ауылдық округі, Бірлік ауылы, А.Нысанов көшесі, 18/1 үй). Шекарасы: Бірлік ауылы.
№181 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Жиренов атындағы негізгі орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Көктерек ауылдық округі, Кеңесодақ ауылы, Ақөткел көшесі, 33 үй). Шекарасы: Кеңесодақ ауылы.
№182 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Бөген жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ ауылы, А.Ералиев көшесі, 25 үй). Шекарасы: Мыңбұлақ ауылы.
№183 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қайнар жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Қайнарбұлақ ауылы, Қайнар көшесі, 1 үй). Шекарасы: Қайнарбұлақ ауылы.
№184 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Мыңбұлақ жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Мәдениет ауылы, Бірлік көшесі, 27 үй). Шекарасы: Мәдениет ауылы.
№185 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Досан негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Бестоғай ауылы, Қапшағай көшесі, 6 үй). Шекарасы: Бестоғай ауылы.
№186 сайлау учаскесі
Орталығы: Бәйдібек ауданы білім бөліміне қарасты ғимарат (Мыңбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ақтөбе көшесі, 7/1). Шекарасы: Ақбұлақ ауылы.
№187 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Қосбұлақ жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Мыңбұлақ ауылдық округі, Қосбұлақ ауылы, Көлбай би көшесі, 49 үй). Шекарасы: Қосбұлақ, Нұра ауылдары.
№188 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 88 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.
№189 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы IT-мектеп-лицей» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, М.Әуезов көшесі, 9 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.
№190 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп-интернаты» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Е.Шөкеев көшесі, 83 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.
№191 сайлау учаскесі
Орталығы: «Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Күлтөбе негізгі орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Шаян ауылдық округі, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, 128/1 үй). Шекарасы: Шаян ауылы.