Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 333 · қабылданған 03.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-149932/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған 30.03.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы № 333 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
333
Қабылданған күні
03.12.2020
Көрсетілген редакция
30.03.2023 149932_623609.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SC006810
ЭКБ идентификаторы
149932
Редакция идентификаторы
149932_623609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:23
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелісауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндеттерін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Iшкi сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 102 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Айыртау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуына жауапкершілік «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 333 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Р/с

Ав­то­дү­кен­ді және (неме­се) ша­тыр­ды (па­ви­льон­ды) ор­на­ла­сты­ру орын­да­ры
1
Ан­то­нов­ка ауы­лы:
1. Ле­нин кө­ше­сі, «Меч­та» дү­ке­ні ма­ңын­да;
2. Ле­нин кө­ше­сі, алаң .
2
Арық­ба­лық ауы­лы, Цен­траль­ная кө­ше­сі, «Эле­ния» дү­ке­ніне қар­сы.
3
Са­у­мал­көл ауы­лы, До­стық кө­ше­сі, алаң.
4
Но­во­укра­ин­ка ауы­лы, «Ка­мал» дү­ке­ні және по­шта бай­ла­ны­сы то­ра­бы­ның ал­дын­да­ғы аумақ.
5
Ай­ыр­тау ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, «Кө­к­жай­лау Грейн» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік кең­се­сі­нің ма­ңын­да­ғы алаң.
6
Гу­са­ков­ка ауы­лы, Школь­ная кө­ше­сі, «Луч» дү­ке­ніне қар­сы алаң.
7
Но­во­свет­лов­ка ауы­лы, Це­лин­ная кө­ше­сі, «Но­во­свет­лов­ка ТМ» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің нау­бай­ха­на­сы­на қар­сы.
8
Елец­кое ауы­лы, Цен­траль­ная кө­ше­сі, № 26 үй­дің ма­ңын­да­ғы аумақ.
9
Иман­тау ауы­лы, Ле­нин кө­ше­сі,№ 40 «А» үй­дің ма­ңын­да­ғы аумақ.
10
Ка­зан­ка ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі,«Ро­за» дү­ке­ніне қар­сы ор­та­лық алаң.
11
Ак­се­нов­ка ауы­лы,Олим­пий­ская кө­ше­сі, «До­стық Дэн» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі­нің нау­бай­ха­на мен де­ма­лыс ор­та­лы­ғы ара­сын­да­ғы ор­та­лық алаң.
12
Ка­ра­сев­ка ауы­лы, Мир кө­ше­сі, са­ябақ ма­ңын­да­ғы аумақ.
13
Ка­ра­тал ауы­лы, Ор­та­лық кө­ше­сі, бұ­рын­ғы дү­кен ғи­ма­ра­ты­ның жа­нын­да­ғы аумақ.
14
Кон­стан­ти­нов­ка ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, «На­стю­ша» дү­ке­ні­нің жа­нын­да­ғы алаң.
15
Құспек ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, «Но­вин­ка» дү­ке­ні­нің жа­нын­да­ғы алаң.
16
Ло­ба­но­во ауы­лы, Ле­нин кө­ше­сі, «Ло­ба­нов ауыл­дық окру­гі әкі­мі­нің ап­па­ра­ты » ком­му­нал­дык мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің әкім­ші­лік ғи­ма­ра­ты­на қар­сы аумақ
17
Шал­қар ауы­лы, Цен­траль­ная кө­ше­сі, «Клю­чи» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік кең­се­сіне қар­сы аумақ.
18
Ниж­ний-Бұр­лық ауы­лы, Цен­траль­ная кө­ше­сі, «Ири­на» дү­ке­ніне қар­сы алаң.
19
Да­у­қа­ра ауы­лы, На­урыз кө­ше­сі, №3 үй ма­ңын­да­ғы алаң.
20
Сы­рым­бет ауы­лы, Школь­ная кө­ше­сі, «Ай­ға­ным» және «Абы­лай­хан» дү­кен­де­рі­нің ара­сын­да­ғы алаң.
21
Ки­рил­лов­ка ауы­лы, Ле­нин кө­ше­сі, «Нур­хан» дү­ке­ні­нің ма­ңын­да­ғы аумақ.
22
Ка­мен­ный Брод ауы­лы, Школь­ная кө­ше­сі, «Рус­лан» дү­ке­ні­нің ма­ңын­да­ғы алаң.