Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по представлению и рассмотрению документов для получения лицензии на право ведения образовательной деятельности

Бұйрық · № 147 · қабылданған 11.03.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-14994/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по представлению и рассмотрению документов для получения лицензии на право ведения образовательной деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 147 ·11.03.2003
15.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по представлению и рассмотрению документов для получения лицензии на право ведения образовательной деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 147 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по представлению и рассмотрению документов для получения лицензии на право ведения образовательной деятельности
Атауы (қаз.)
Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
11.03.2003
Көрсетілген редакция
15.07.2009 AI14994_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002227_
ЭКБ идентификаторы
14994
Редакция идентификаторы
AI14994_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:23

0 Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.07.15 N 147бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және "Білім беру қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі N 596 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім департаменті (Б.С.Әбдрәсілов):

осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізуге ұсынсын;
осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ.М.Мұтановқа жүктелсін.

0 Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2003 жылғы 11 наурыздағы
N 147 бұйрығымен бекітілген
Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін құжаттарды ұсыну мен қарау жөніндегі нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық білім беру ұйымдарының құжаттарды лицензиялауға ұсынуын, оларды қараудың тәртібін және лицензиардың лицензиядағы талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруды тәптіштейді (бұдан әрі - Нұсқаулық) және " Білім туралы ", " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Нұсқаулық лицензиардың білім беру қызметін лицензиялаудың шарттары туралы толық ақпаратты беру мақсатында әзірленді.

2 2. Лицензиялауға құжаттарды ұсынудың шарттары

3 3. Білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін білім беру ұйымы лицензиарға мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:

1 1) лицензия алуға арналған өтініш (1-қосымша);

2

2) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және нотариалдық расталған құрылтайшы құжаттардың көшірмелері. Егер мемлекеттік емес оқу орындары құрылтайшыларының құрамына мемлекеттік заңды тұлғалар кіретін болса, онда осыған бағыныстылығы жөніндегі басқару органының келісімін ұсыну қажет. Егер филиал өтініш берген болса, онда филиал туралы ережені ұсыну қажет;

3 3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі;

4 4) мемлекеттік стандарттарға сәйкес жасалған және білім беру ұйымының басшысы бекіткен жұмыс оқу жоспары, оның ішінде кәсіптер, мамандықтар бойынша;

5 5) оқытушы кадрлармен жабдықтау туралы мәліметтер әр кәсіп, мамандық бойынша ұсынылады (2-қосымша);

6 6) тамақтану объектілерімен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілгендігі туралы анықтама;

7

7) қордың оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиетпен қамтамасыз етілгендігі, әр пәннің, оның ішінде білім беру ұйымы мен кітапхананың басшысы растаған, оқулық немесе оқу құралы ретінде бекітілген атауын, авторын(ларын), басылып шығарылған жылы мен даналардың санын (әдебиеттің меншік екендігі расталған құжаттарды бірге салып) көрсетіп әр кәсіп, мамандық бойынша электрондық және магниттік тасушыларда қамтамасыз етілгендігі туралы мәліметтер (3 және 4-қосымша);

8 8) білім беру ұйымының басшысы растаған оқушылардың толықтығы, пайдалы оқу алаңы мен материалдық-техникалық базаның барлығы және оқытудың техникалық құралдары, білім беру процесінің жарақтандырылғаны туралы мәліметтер (5 және 6-қосымша);

9 9) ұсынылған мамандықтар бойынша практиканың базасы ретінде (жұмыс оқу жоспарларына сәйкес) белгіленген ұйымдармен білім беру ұйымдары шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелерінің барлығы;

10 10) лицензия алымын төлегенін растайтын құжат.

3 3. Лицензиялауға ұсынылған құжаттарды лицензиаттың қарау, лицензия беру тәртібі

4

4. Лицензиялауға ұсынылған құжаттардың 3 және 5-тармақшадағы шарттарға сәйкес келген жағдайында, олардың мазмұнына және өтінімделген шарттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін (сәйкес еместігін) белгілеу жөнінде сараптама жүргізіледі. Жауапты орындаушы қол қойған жазбаша қорытынды Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына беріледі. Егер тізбеде көзделген қандай-да бір құжат жоқ болса, онда лицензиатқа бір ай мерзімде тиісті жауап жіберіледі.

5 5. Алқалылық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін лицензияларды беру туралы мәселелер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен құрылатын Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі республикалық комиссияның мәжілістерінде қаралады. Комиссияның шешімі ұсынымдамалық сипатта болады.

6

6. Лицензиаттың өтінішін қарау процесінде ұсынылған құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайында, лицензиар жекелеген жағдайда, білім беру қызметін жүзеге асыруға қажетті шарттарды, білім беру ұйымының өтінімделген құжаттарға сәйкестігін белгілеу мақсатында ұйым орналасқан жерге барып сараптама өткізеді.

7 7. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қараудың нәтижелері, сондай-ақ білім беру ұйымы тұрған жерде жүргізілген тексерістің нәтижелері бойынша лицензиар лицензия беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.

8 8. Филиалдары бар білім беру ұйымдарына мемлекеттік лицензияға мамандықтардың тізбесі көрсетіліп қосымшалар беріледі.

9 9. Қайта берілген өтініш көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін жалпы негізде қаралады.

10 10. Лицензиялауға ұсынылған құжаттарды зерделеудің пәні мен мазмұны мыналар болып табылады:

1 1) білім беру ұйымын немесе мамандықтарды лицензиялауға өтініш;

2 2) білім беру ұйымын тіркеу туралы куәлік;

3 3) құрылтайшы құжаттар;

4 4) білім беру ұйымының құрылымы туралы жалпы мәліметтер;

5 5) заңды тұлғалар ұсынатын білім беру процесін жүзеге асыратын шарттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу;

6 6) білім беру ұйымының өтінімделген мәртебесін растау;

7 7) үлгілік және жұмыс оқу жоспарларының, мамандықтардың үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларының мазмұнының сәйкестігін белгілеу; оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етудің мамандарды даярлаудың қазіргі талаптарына сәйкестігін белгілеу;

8 8) бар материалдық-техникалық базаның меншіктілігін белгілеу. Иелік етуге, мамандарды даярлауға арналған үй-жайларды пайдалану құқын растайтын құжаттарды зерделеу, оны дамытудың мүмкіндіктері;

9

9) оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөлігіндегі талаптардың мемлекеттік стандарттарға, мамандарды даярлаудың сапасын қамтамасыз етуге және оқушылардың, тәрбиешілер мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін белгілеу;

10 10) оқу үй-жайлары жабдықтарының барлығын және олардың оқу жоспары мен бағдарламаларын орындауын қамтамасыз етудің мүмкіндігін белгілеу;

11 11) білім беру ұйымдарының кітапханамен, кітапхана қорымен, оқулық, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиетпен, оқу залымен қамтамасыз етілуінің болуы мен деңгейін, бар оқу және ғылыми әдебиеттің қол жетімділігін, сапасы мен прогрессивтілілігін белгілейді;

12 12) білім беру процесінің кадрлық қамтамасыз етілу деңгейін белгілеу, оқытушы және ғылыми ұжымдардың біліктілік құрамын зерделеу;

13 13) білім беру бағдарламалары ұсынатын оқыту мен тәрбиелеудің шарттары;

14 14) оқуды бітіргеннен кейін берілетін дәреже мен біліктілік;

15 15) даярлықтың бағыттары (мамандықтары), бейіні.

4 4. Лицензияларды есепке алу

11 11. Кәсіптік білім беру ұйымдарының мемлекеттік лицензиясын есепке алу кезінде кодын және мамандықтардың (кәсіптерін) атауларын, оқу мерзімін тізбелеп қосымшаларды ұсыну міндетті.

12

12. Лицензиялардың есебін 7-қосымшаға сәйкес лицензиар лицензиардың тіркеу және есепке алу кітабында жүргізеді. Лицензияны алу кезінде міндетті түрде сенім жүктелген адамның тұлғасын және лицензия алу құқына сенімхатты растайтын құжат болуы тиіс. Лицензияның жаңа бланкілерін қайта ресімдеу мен беру кезінде бұрын қолданыста болған лицензия қайтарылуға жатады.

13 13. Білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның нысаны Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай болып табылады.

14 14. Мемлекеттік лицензияның бланкілері қатаң есептегі құжаттар болып табылады, есептік сериясы, нөмірі болады және лицензиарда сақталады.

1 ӨТІНІШ

1-қосымша
___________________________________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының аумағындағы нақты елді мекенді көрсету)
_______________________________________________________ аумағында
білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын.
Ұйым туралы мәліметтер:
1. Меншік нысаны _________________________________________________
2. Құрылған жылы _________________________________________________
3. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі _____________________________
__________________________________________________________________
                    (N, кім және қашан берілді)
4. Мекен-жайы ____________________________________________________
           (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй N, телефон, факс)
5. Есеп шоты _____________________________________________________
                (шоттың N, банктің атауы мен орналасқан жері)
6. Филиалдар, өкілеттіктер _______________________________________
                               (орналасқан жері, реквизиттері)
7. Ұсынылатын құжаттар ___________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Білім беру ұйымының басшысы
_________________________             _____________________ ____
       ( қолы)                              (тегі, аты-жөні)
Мөрдің орны
"_____" ____________200 ж.
"_____" ___________ 200 ж. өтініш қарауға алынды
__________________________________________________________________
     (жауапты адамның, лицензиардың тегі, аты-жөні, қолы)

2 Педагог және оқытушы кадрлармен жиынтықтылау жөніндегі мәліметтер

2-қосымша
Педагог және оқытушы кадрлармен жиынтықтылау жөніндегі мәліметтер
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(___________ (күні) жағдайы бойынша)
____________________________________________________________________
N|Тегі,|Жылы |Туған |Базалық|Негіз.|            |Ғылыми|Ғылыми|Оқы.
|аты- |және |жері. |білімі,| гі   |            |дәре. |атағы |тыла.
|жөні |туған|нің   |маман. |жұмыс |____________|жесі, |(сала.|тын
|     |жері |мекен-|дығы,  |орны  |  |  |   |  |маманд.  сы  |пән,
|     |     |жайы  |бітір. |(Ұйым.|І |ІІ|ІІІ|ІV|шифры,|бойын.|са.
|     |     |      | ген   | ның  |  |  |   |  |беріл.| ша), |бақ
|     |     |      |жылы   |мекен-|  |  |   |  |ген   | та.  |
|     |     |      |       |жайы) |  |  |   |  |жылы  |ғайын.|
|     |     |      |       |      |  |  |   |  |      |далған|
|     |     |      |       |      |  |  |   |  |      | жылы |
____________________________________________________________________
1   2     3     4      5       6    7  8   9  10 11 12  13 14   15
____________________________________________________________________
      Ректор (директор, меңгеруші) _____________________________
М.О
      Кадр бөлімінің бастығы ___________________________________

3 Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының барлығы жөніндегі мәліметтер

3-қосымша
Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының барлығы жөніндегі мәліметтер
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(___________ (күні) жағдайы бойынша)
____________________________________________________________________
N|Кәсіп, мамандық| Пән зерде. |Тәрбиелеу және| Пайдалануға  | Саны
|  бойынша оқу  |  лейтін    | оқыту бағдар.|болады деп ҚР | дана/
| пәні, қызмет  |оқушылардың,| көрсетілген  |   Орталық    | адам
| түрі, тәрбие  |тәрбиелену. | оқу әдебиеті |   атқарушы   |
|  және оқыту   | шілердің   |(атауы, басыл.|   органы     |
|бағдарламасының|   саны     |  ған жылы,   |  ұсынымдаған |
|    бөлімі     |            |  авторлар),  |  қосымша оқу |
|               |            |  міндетті    |   әдебиеті   |
|               |            | оқытылатын   |   (атауы,    |
|               |            |   пәндер     |басылған жылы,|
|               |            |              |   авторлар)  |
____________________________________________________________________
1       2             3             4               5          6
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Білім беру ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты-жөні)
М.О
      Кітапханашы                 _________________ (Тегі, аты-жөні)

4 Электрондық және магниттік тасушылардағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының барлығы жөніндегі мәліметтер

4-қосымша
Электрондық және магниттік тасушылардағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының барлығы жөніндегі мәліметтер
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(___________ (күні) жағдайы бойынша)
____________________________________________________________________
N |  Кәсіп, мамандық   |  Атауы,  |  Автор(лар)  | Мегабайттағы
  | бойынша оқу пәні,  | ашылған  |              |    көлемі
  |   қызмет түрі,     |  жылы    |              |
  | тәрбие және оқыту  |          |              |
  |  бағдарламасының   |          |              |
  |     бөлімдері      |          |              |
____________________________________________________________________
1          2                3            4               5
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Білім беру ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты-жөні)
М.О
      Кітапханашы                 _________________ (Тегі, аты-жөні)

5 Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық база мен оқытудың техникалық құралдарының барлығы жөніндегі мәліметтер

5-қосымша
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық база мен оқытудың техникалық құралдарының барлығы жөніндегі мәліметтер
____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(___________ (күні) жағдайы бойынша)
____________________________________________________________________
Құрылым үлгісі|Материалдық-|Барлық |Әлеуметтік-тұрмыс.| Техникалық
(үлгі жоба,  | қаржылық   | жалпы | тық және басқа   | сипаттама.
бейімдендіріл.| активтер   | алаңы |бағыттағы үй-жай. |лары, олардың
ген, өзге)   | (меншік    |(шаршы |лардың түрі (прак.| саны көрсе.
білім беру   | құқына,    |метр), |тикалық сабақтарға| тілген ТСО,
  процесіне   |шаруашылық  |пайдалы|арналған кабинет. |компьютерлік
  берілген    | жүргізуге  | алаңы |  тер, дәрістік   |техниканың
құрылымдардың |немесе жедел|(ш.м.),|  аудиториялар,   | тізбесі
нақты мекен-  | басқаруға  |оқу бөл.   зертханалар,   |
    жайы      | жататын)   | мелері| мамандық бойынша |
              |            |(ш.м.) |шеберханалар, акт |
              |            |       |және дене шынықты.|
              |            |       |  ру залдары),    |
              |            |       | олардың саны     |
____________________________________________________________________
      1             2          3          4                5
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      М.О  Білім беру ұйымының басшысы ____________ (Тегі, аты-жөні)

6 Жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасы туралы мәліметтер

6-қосымша
Жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасы туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(___________ (күні) жағдайы бойынша)
____________________________________________________________________
Жоғары сынып|  Кабинеттердің, залдардың,     | Оқу-  |Мектепке|Авто.
оқушыларын |     топтық үй-жайлардың        |өндіріс. дейінгі|Кө.
  оқытудың  |           барлығы              |  тік  |учаске. |лік
   бейіні,  |________________________________| шебер.| лер,   |құ.
  мектепке  |музы.|физи.|химия|био. |Басқалар|ханалар|топтық, |рал.
дейінгі ұйым. ка  | ка  |     |логия|(қандай |(атау. | ойын   |дары
  ның жұмыс |     |     |     |     |екен.   |ларын  | учаске.|
  бағыттары |     |     |     |     |дерін   |көрсету)  лері  |
            |     |     |     |     |көрсету)|       |        |
____________________________________________________________________
      1       2     3     4     5       6        7       8      9
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      М.О. Ұйымның басшысы _________________ (Тегі, аты-жөні)

7 Лицензияларды есепке алу кітабы

7-қосымша
Лицензияларды есепке алу кітабы
____________________________________________________________________
Лицензия.|Білім беру |Заңды мекен- |Лицензия  |  Заңды   | Лицензия
  ның    | ұйымының  |   жайы,     |берілген  | тұлғаның |алған күн
сериясы  |  немесе   | телефоны    |  күні,   | тегі аты-| және қолы
   N     |  ғылыми   |             |негіздеме,|   жөні,  |
         |мекеменің  |             | мерзімі  | лауазымы |
         |  атауы    |             |          |          |
____________________________________________________________________
   1          2            3            4          5          6
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Қолданыстағы