Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Сарани и поселку Актас
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Сарани и поселку Актас
- Атауы (қаз.)
- Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 571
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2023 149945_638678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KG006126
- ЭКБ идентификаторы
- 149945
- Редакция идентификаторы
- 149945_638678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:16
0 Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына, «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. 1,2 қосымшаларға сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санатының тізбесі айқындалсын.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Саран қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 8
желтоқсаны
№ 571
Шешімге 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1 1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.
2 2. Қарыз сомасынан 10 % дейін, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 (бір) миллион теңгеден артық емес.
1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Саран қалалық
мәслихатының 2020
жылғы 8 желтоқсандағы
№ 571 шешімге
2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
№
Атауы
1
Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
2
Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
3
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
4
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
5
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
6
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын адамдар (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 26830 тіркелген), (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
7
Жасы бойынша зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
8
Кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
9
Қандастар
10
Экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
11
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
12
Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
13
Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).