О проведении месячника по санитарной очистке, благоустройству и озеленению территорий городов и сельских населенных пунктов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс қалаларының, ауылдық елді мекендерінің аумақтарын сантарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру айлығын өткізу туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Әділет Министрлігінің 2004.12.09 № 4-2-21 хатына сәйкес.
"Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-ІІ Заңының 9 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 23 қаңтардағы 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) 2003 жылғы 15 сәуір 15 мамыр аралығында облыс елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендірудің айлығын ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 2
2) елді мекендердің айналасындағы ретсіз төгілген қоқыс орындарын, қатты-тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды жою және белгіленген жерге шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру жөнінде шаралар қабылдансын.
Тармақ 2
2. "Облыстың орман және биоресурстар жөніндегі аймақтық басқармасы" ММ-не (М. Аязбаев), облыстың қалалры мен елді мекендерін жасыл желектендіру үшін тиісті санда ағаштармен және бұта тектес өскіндермен қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Облыстық қаржы басқармасы" ММ (Ж. Аманбаев) елді мекендерді көріктендіруге, жасыл желектендіруге көзделген қажетті ақшалай қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. "Облыстық санэпидемстанция" ММ (Қ. Әлжанова) облыс қалалары мен елді мекендеріндегі санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру айлығын өткізу барысына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, "Облыстық санэпидемстанция" ММ (Қ. Әлжанова), "Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" ММ (А. Иманбеков) жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы облыс Әкімінің аппаратына 2003 жылғы 20 мамырға дейін ақпарат берсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ғилымовқа жүктелсін.