Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования по Айыртаускому району Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және үйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6-48-2
- Қабылданған күні
- 09.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2020 149990_498913.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20SC006811
- ЭКБ идентификаторы
- 149990
- Редакция идентификаторы
- 149990_498913
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:13
0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және үйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін косымша реттеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 5-48-2 шешімінің (2016 жылғы 3 мамырда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3723 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Айыртау аудандық
мәслихатының
шешіміне 1 қосымша
2020 жылғы 9 желтоқсаны
№ 6-48-2
1 1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың шекті толу нормалары:
1 1) Саумалкөл ауылы, орталық алаң. Шекті толтыру нормасы - 200 адам;
2 2) Саумалкөл ауылы, МКР көшедегі алаң. Шекті толтыру нормасы 50 адам;
3
3) Саумалкөл ауылы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің Айыртау аудандық Мәдениет Үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынынан Ақан сері көшесі бойымен Ақан сері және Бәйкен Әшімов көшелерінің қиылысынына дейін, әрі қарай Бәйкен Әшімов көшесі бойымен Саумалкөл ауылының орталық алаңына дейін. Шекті толтыру нормасы - 300 адам. Маршруттың ұзындығы – 1 километр.
2 2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі.
Бейбіт жиналыстар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда өткізіледі. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне екі сағаттан аспауға тиіс.
Төтенше соғыс, жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезінде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Төтенше жағдай туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 наурыздағы «Соғыс жағдайы туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін арнайы орындарды пайдаланған кезде ұйымдастырушы және қатысушылар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 5 және 6-баптарының (бұдан әрі – Заң) талаптарын сақтау қажет.
Осы тәртіппен реттелмейтін қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
3 3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.
Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
Қоғамдық қауіпсіздікті, медициналық, өрт сөндіру және өзге де қауіпсіздік қызметтерін қамтамасыз ету шаралары мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
2 Айыртау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 6-48-2 шешіміне 2 қосымша