Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня и объема медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Бұйрық · № ҚР ДСМ-267/2020 · қабылданған 15.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150024/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении перечня и объема медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-267/2020 ·15.12.2020
15.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня и объема медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-267/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня и объема медицинской помощи, предоставляемой иностранцам и лицам без гражданства, свобода которых ограничена, а также отбывающим наказание по приговору суда в местах лишения свободы, задержанным, заключенным под стражу и помещенным в специальные учреждения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи
Атауы (қаз.)
Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-267/2020
Қабылданған күні
15.12.2020
Көрсетілген редакция
15.12.2020 150024_500088.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021801
ЭКБ идентификаторы
150024
Редакция идентификаторы
150024_500088
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:00

0

Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі мен көлемін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 143-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

1 Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-267/2020
Бұйрыққа 1-қосымша
Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесі

1 1. Жедел медициналық көмек.

2 2. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек:

1 1) диагностикалау және емдеу;

2 2) иммундау.

3 3. Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1 1) АИТВ инфекциясының және туберкулездің профилактикасы және диагностикасы бойынша қызметтер көрсету кезінде;

2 2) жарақаттар, уланулар және шұғыл жағдайлар кезінде;

3 3) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

4 4) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 196-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде.

4 4. Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1 1) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде;

2 2) Кодекстің 196-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде.

5 5. Стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек:

1 1) айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия таратушыларды, вирус таратушыларды және айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2 2) уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша инфекциялық, паразиттік ауруларды және айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3 3) шұғыл түрде;

4 4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде жоспарлы түрде.

6 6. Қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

7 7. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады:

1 1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес жедел көмек, сондай-ақ стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде;

2 2) Кодекстің 85-бабының 53-тармағына сәйкес айқындалған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету кезінде;

3

3) Кодекстің 7-бабының 47) тармақшасына сәйкес бекітілген белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

8 8. Патологиялық-анатомиялық диагностика.

2 Бас бостандығы шектелген, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, ұсталған, күзетпен қамауға алынған және арнаулы мекемелерге орналастырылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі


Ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің тү­рі мен ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­дің ата­уы
Бір на­у­қа­стың жү­гін­ген кез­де­гі қа­рау жи­і­лі­гі
1
«Ха­лық ден­са­улы­ғы және ден­са­улық сақ­тау жүй­е­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2020 жы­л­ғы 7 шіл­де­де­гі Ко­дек­сі­нің (бұ­дан әрі – Ко­декс) 121-ба­бы­ның 4-тар­ма­ғы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен же­дел ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
2
Ко­дек­стің 7-ба­бы­ның 82) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту бой­ын­ша
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
3
Ко­дек­стің 7-ба­бы­ның 82) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен ам­бу­ла­то­ри­я­лық жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
4
Ко­дек­стің 7-ба­бы­ның 82) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
5
Ко­дек­стің 7-ба­бы­ның 82) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен ста­ци­о­нар­лық жағ­дай­лар­да ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
6
Тәу­лік­тік ста­ци­о­нар­дың қа­был­дау бө­лім­ше­сін­де ем­деу-ди­а­гно­сти­ка­лық іс-ша­ра­лар өт­кі­зу
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
7
Ко­дек­стің 7-ба­бы­ның 84) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен қан пре­па­рат­та­ры­мен және оның ком­по­нент­те­рі­мен қам­та­ма­сыз ету
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
8
Ко­дек­стің 7-ба­бы­ның 47) және 49) тар­мақ­ша­ла­ры­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен дә­рі­лік заттар­мен, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­мен, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ем­дік өнім­дер­мен, им­мун­дық-био­ло­ги­я­лық дә­рі­лік пре­па­рат­тар­мен қам­та­ма­сыз ету
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша
9
Ко­дек­стің 131-ба­бы­ның 7-тар­ма­ғы­на сәй­кес уәкі­лет­ті ор­ган бе­кі­те­тін тәр­тіп­пен па­то­ло­ги­я­лық-ана­то­ми­я­лық ди­а­гно­сти­ка
Көр­се­ті­лім­дер бой­ын­ша

Қолданыстағы