Об утверждении перечня декретированной группы населения, подлежащей гигиеническому обучению
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня декретированной группы населения, подлежащей гигиеническому обучению
- Атауы (қаз.)
- Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-268/2020
- Қабылданған күні
- 15.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2020 150073_499948.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021812
- ЭКБ идентификаторы
- 150073
- Редакция идентификаторы
- 150073_499948
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:00
0 Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 96-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-268/2020
бұйрығымен бекітілген
Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесі
1 1. Өндіру, сақтау, өткізу, кәдеге жарату, жою процесінде және оларды көліктің барлық түрлерімен тасымалдау кезінде тамақ өнімдерімен жанасатын қызметкерлер және (немесе) адамдар, оның ішінде мүкәммалды, жабдықты санитариялық өңдеу және жөндеу жөніндегі қызметкерлер.
2
2. Білім беру объектілеріндегі қызметкерлер (жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарының мұғалімдері; балалар мен жасөспірімдер тұратын білім және тәрбие беру объектілерінің барлық түрлерінің бастауыш сыныптарының мұғалімдері, тәрбиешілері мен тәрбиешінің көмекшілері; техникалық персонал).
3 3. Балаларды сауықтыру (жыл бойы, маусымдық) ұйымдарындағы және шипажай объектілеріндегі қызметкерлер.
4 4. Барлық түрлердегі (үлгідегі) мектепке дейінгі ұйымдардың және балалар үйлерінің қызметкерлері.
5 5. Денсаулық сақтау және медициналық-әлеуметтік оңалту объектілерінің (кіші мейіргерлері; кір жуатын бөлмелердің қызметкерлері; тамақ өнімдерімен жанасатын қызметкерлер) қызметкерлері.
6 6. Жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы (жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және әуе көліктерінің бортсеріктері) қызметкерлер.
7 7. Ауыз суды дайындаумен, су құбыры құрылыстары мен желілеріне қызмет көрсетумен тікелей байланысты су құбыры құрылыстары мен желілерінің қызметкерлері.
8 8. Тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы (моншалар, хауыздар, бассейндер, спорттық-сауықтыру ұйымдары, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазарту орындары, қонақүйлер, хостелдер) қызметкерлер.
Ескертпе: Гигиеналық оқытуға жататын халықтың декреттелген тобының тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-195/2020 бұйрығымен бекітілген Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21654 болып тіркелген) айқындалатын халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.