Құжат мәтініне өту

Об определении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в курительных табачных изделиях, в том числе изделиях с нагреваемым табаком, табаком для кальяна, кальянной смеси, системе для нагрева табака

Бұйрық · № ҚР ДСМ-277/2020 · қабылданған 15.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150086/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в курительных табачных изделиях, в том числе изделиях с нагреваемым табаком, табаком для кальяна, кальянной смеси, системе для нагрева табака Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-277/2020 ·15.12.2020
28.06.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в курительных табачных изделиях, в том числе изделиях с нагреваемым табаком, табаком для кальяна, кальянной смеси, системе для нагрева табака

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-277/2020 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении предельно допустимых уровней содержания никотина и смолистых веществ в курительных табачных изделиях, в том числе изделиях с нагреваемым табаком, табаком для кальяна, кальянной смеси, системе для нагрева табака
Атауы (қаз.)
Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе, тұтынудың электрондық жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтар құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-277/2020
Қабылданған күні
15.12.2020
Көрсетілген редакция
28.06.2024 150086_709112.kaz
Соңғы өзгеріс
28.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021815
ЭКБ идентификаторы
150086
Редакция идентификаторы
150086_709112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:00

0 Шегілетін темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі, қорқорға арналған темекісі бар бұйымдар, қорқор қоспасы, темекіні қыздыруға арналған жүйе құрамындағы никотин мен шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін анықтау туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 110-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері анықталсын.

2

2. «Темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының шекті рұқсат етілген деңгейлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11689 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 03 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-277/2020
бұйрығына 1-қосымша
шегілетін темекі бұйымдарындағы никотин мен шайырлы заттар
құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері
Бұйымның түрі
Бұйымның 1 бірлігінің түтініндегі никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі, сигаретке миллиграмм
Бұйымның 1 бірлігінің түтініндегі шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі, сигаретке миллиграмм
Сигарета
1,0*
10*
* – көрсеткішті айқындау «Кеден одағының «Темекі өніміне арналған техникалық регламент» (КО ТР 035/2014) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешімімен бекітілген зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

2 Қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-277/2020
бұйрығына 2-қосымша
Қорқорға арналған темекідегі, қорқор қоспасындағы никотин мен
шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері
Бұйымдардың түрлері
түтініндегі никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3
түтініндегі шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3
Қорқорға арналған темекі
1,0*
10*
Қорқор қоспасы
1,0*
10*
* – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.

3 Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-277/2020
бұйрығына 3-қосымша
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдардағы, темекіні қыздыруға арналған жүйедегі никотин мен шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейлері
Бұйымдардың түрлері
Никотин құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3
Шайырлы заттар құрамының рұқсат етілетін шекті деңгейі мг/см3
Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар
1,0*
10*
Темекіні қыздыруға арналған жүйе
1,0*
10*
* – көрсеткіш мәні анықтаудың көрсетілген әдісінің метрологиялық сипаттамаларын және қолда бар ғылыми деректерді есепке ала отырып, тиісті анықтау әдісін айқындайтын стандарт қолданысқа енгізілгеннен кейін айқындалады.
Ескертпе: мг/см3- миллиграмм/текше сантиметр.

Қолданыстағы