О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Караганды, Каражала и Балхаша Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании и переименовании некоторых составных частей городов Караганды, Каражала и Балхаша Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының Қарағанды, Қаражал және Балқаш қалаларының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 81/03
- Қабылданған күні
- 10.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2020 150117_498818.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20K0006130
- ЭКБ идентификаторы
- 150117
- Редакция идентификаторы
- 150117_498818
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:11
0 Қарағанды облысының Қарағанды,
Қаражал және Балқаш қалаларының
бірқатар құрамдас бөліктеріне
атау беру және қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 27 тамыздағы қорытындысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы, Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 қаңтардағы, Балқаш қалалық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы көпшілік тыңдаулары қорытындысы туралы хаттама негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қарағанды облысы Қарағанды қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:
Аманжолов көшесі – Балқантау көшесі;
Волочаевская көшесі – Камали Дүйсембеков көшесі;
Защитная көшесі – Григорий Потанин көшесі;
Зональная көшесі – Александр Затаевич көшесі;
Кривогуз көшесі – Қасым Аманжолов көшесі;
Кувская көшесі – Қазыбек Нұржанов көшесі;
Нұржанов көшесі – Мерей көшесі;
Олимпийская көшесі – Нарманбет Төлепов көшесі;
Приканальная көшесі – Сарыарқа көшесі деп қайта аталсын.
2 2. Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы келесі құрамдас бөлік:
Ленин көшесі – Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын.
3 3. Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:
8 шағынаудан – Қазыбек Нұржанов шағын ауданы;
8 март көшесі – 8-наурыз көшесі;
Больничная көшесі – Мейірім көшесі;
Восточная көшесі – Күнгей көшесі;
Горняцкая көшесі – Кеншілер көшесі;
Железнодорожная көшесі – Теміржолшылар көшесі;
Мир көшесі – Жүніс Әбуғалиев көшесі;
Новорудная көшесі – Тораңғы көшесі;
Октябрьская көшесі – Қайнар көшесі;
Привокзальная көшесі – Тікшоқы көшесі;
Садовая көшесі – Бегалы көшесі;
Степная көшесі – Жусанды көшесі;
Цветочная көшесі – Руханият көшесі;
Центральная көшесі – Аманат көшесі;
Школьная көшесі – Жерұйық көшесі;
Уалиханов көшесінің Рысқұлов көшесінен Жезқазған көшесіне дейінгі аралығындағы бөлігі – Ақтоғай көшесі;
таратылған Қоңырат кентіндегі Степная көшесі – Теміршоқы көшесі;
таратылған Қоңырат кентіндегі 5 орам – Ырысты орамы;
Больничный городок орамы – Шипагер орамы;
Ботсад орамы – Ақшоқы орамы;
Ветераны орамы – Ардагер орамы;
Рембаза орамы – Ақшағыл орамы;
Техснаб орамы – Шиліауыз орамы;
Индустриальный тұйық көшесі – Тоқырауын тұйық көшесі;
Лазо тұйық көшесі – Бертіс тұйық көшесі;
Луначарский тұйық көшесі – Шалқар тұйық көшесі;
Прокатчиков тұйық көшесі – Мысшылар тұйық көшесі деп қайта аталсын.
4 4. Балқаш қаласының орталығында М.Хамзин атындағы мәдениет сарайынан Желтоқсан көшесіне дейін орналасқан атауы жоқ скверге – «Жастар» атауы берілсін.
5
5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.