Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сарыагашского района

Қаулы · № 342 · қабылданған 20.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150167/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сарыагашского района Күшін жойған 28.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сарыагашского района

Күшін жойған Қаулы № 342 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сарыагашского района
Атауы (қаз.)
Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
342
Қабылданған күні
20.12.2020
Көрсетілген редакция
28.11.2022 150167_607234.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20UK005959
ЭКБ идентификаторы
150167
Редакция идентификаторы
150167_607234
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметiн реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 2 тармағына және «Iшкi сауда қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына сәйкес, (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №11148 болып тiркелген) Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 343 «Сарыағаш ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №4219 тіркелген, 2017 жылғы 06 қазанда «Сарыағаш» газетінде және 2017 жылғы 06 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Сарыағаш ауданы әкімдігінің
«20» желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 342 қаулысына қосымша
Сарыағаш ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекеннің атауы
Орналасатын орны
1
Сарыағаш қаласы
Бәйтерек көшесі, №150 көппәтерлі тұрғын үйдің жаны
2
Дарбаза ауылдық округі
Дарбаза ауылы КХ-11 облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойы (Дарбаза жанар-жағармай құю бекетінің жанында)
3
Дарбаза ауылдық округі
Ердәуіт ауылы, Жастар көшесі, №4 тұрғын үйдің жаны
4
Әлімтау ауылдық округі
Әлімтау ауылы, Ә.Молдағұлова көшесі, №174