О снятии карантина
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии карантина
- Атауы (қаз.)
- Карантинді тоқтату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 338
- Қабылданған күні
- 20.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2020 150189_499107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20S0006842
- ЭКБ идентификаторы
- 150189
- Редакция идентификаторы
- 150189_499107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:59
0 Карантинді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелді) бекітілген Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, «Карантинді алып тастау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 01-04/1256 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Құс тұмауы ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты мына елді мекендерде карантин тоқтатылсын:
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Шөптікөл ауылдық округінің Разгульное ауылы;
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Чистополье ауылдық округінің Ялты ауылы;
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан Рузаев ауылдық округінің Рузаевка ауылы;
Тимирязев ауданы Ақсуат ауылдық округінің Ақсуат ауылы;
Тайынша ауданы Теңдік ауылдық округінің Теңдік ауылы;
Шал ақын ауданы Приишим ауылдық округінің Повозочное ауылы;
Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің Сухорабовка ауылы.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 338
әкімдігінің қаулысына
қосымшасы
1
1. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысы (2020 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 болып тіркелді);
2
2. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 255 қаулысы (2020 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6544 болып тіркелді);
3
3. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 260 қаулысы (2020 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6550 болып тіркелді);
4
4. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 274 қаулысы (2020 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6577 болып тіркелді);
5
5. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 283 қаулысы (2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6588 болып тіркелді);
6
6. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 290 қаулысы (2020 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6595 болып тіркелді);
7
7. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қарашадағы № 304 қаулысы (2020 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627 болып тіркелді);
8
8. «Карантин белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 қыркүйектегі № 246 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 308 қаулысы (2020 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6646 болып тіркелді).