Об утверждении правил внешней оценки качества измерений лабораторных исследований в референс-лабораториях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил внешней оценки качества измерений лабораторных исследований в референс-лабораториях
- Атауы (қаз.)
- Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-295/2020
- Қабылданған күні
- 21.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2020 150224_499403.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021845
- ЭКБ идентификаторы
- 150224
- Редакция идентификаторы
- 150224_499403
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:55
0 Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 130-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-295/2020
бұйрығымен бекітілген
Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау тәртібін айқындайды.
2 2. Денсаулық сақтау жүйесіндегі сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламалары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын референс-зертханалар жүргізеді.
3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) бақылау үлгілері – сынау және өлшеу нәтижелері провайдерге белгілі биологиялық материалдардың қатысушылары үшін белгісіз сынамалар;
2 2) біліктілікті тексеру провайдері – ҚР СТ ISO/IEC 17043-2012 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» стандартына сәйкестікке аккредиттелген республикалық денсаулық сақтау ұйымының референс-зертханасы;
3
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4 4) құзыреттілікті (біліктілікті) тексеру – зертханааралық салыстырмалы сынақтар арқылы зертхананың сынақтар әдістемесі үшін белгіленген тиісті дәлдікте сынақтар жүргізудің қабілетін айқындау;
5 5) референттік зерттеулер - референс-зертханалар диагностикалық күрделі және сараптамалық жағдайларда орындайтын зертханалық зерттеулер;
6 6) референс-зертхана – сапаны сыртқы бағалау жүйесін ендіру жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты және зертханалық диагностиканың белгілі бір саласында диагностикалық тұрғыдан күрделі және сараптамалық жағдайларда зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының зертханасы;
7
7) сапаны сыртқы бағалау (бұдан әрі – ССБ) – қателерді жою және зертханалық әдістерді жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік, консультациялық көмекті қамтитын медициналық зертханалардағы зерттеулер сапасының бұзылуын уақтылы анықтауға бағытталған шаралар жүйесі;
8 8) ССБ бағдарламасына қатысушылар – ССБ бағдарламасының провайдерімен осы бағдарламаға қатысуға шарт жасасқан денсаулық сақтау ұйымдары немесе зертханалық диагностиканы көрсететін дербес ұйымдар;
9 9) ССБ ұлттық бағдарламасы – Денсаулық сақтау жүйесі зертханаларындағы зертханалық зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік бюджеттік бағдарламалар қаражатынан қаржыландырылатын бағдарлама.
10 10) қайта тексеру (ретестілеу) - бұрын талданған сынамаларды қайта тексеру мақсатында қайта бақылау өлшеуі арқылы ССБ бағдарламасына қатысушылар үшін референс-зертханалар іске асыратын ССБ әдісі;
4
4. ССБ ұлттық бағдарламаларын референс-зертханалар іске асырады және инфекциялық ауруларды (вирустық инфекциялар, аса қауіпті инфекциялар, паразиттік инфекциялар, бактериялық инфекциялар және антибиотикке төзімділік, туберкулез, АИТВ инфекциясы, парентералдық вирустық гепатиттер), жаңадан пайда болатын инфекцияларды диагностикалау, қоғамдық денсаулықты қорғау және қан қызметі саласындағы зертханалық зерттеулердің сапасын бақылауды қамтиды.
2 2-тарау. Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулер өлшемдерінің сапасын сыртқы бағалау тәртібі
5 5. Референс-зертханаларда зертханалық зерттеулерді өлшеу сапасын сырттай бағалау тәртібі мынадай әдістермен жүргізіледі:
1 1) құзыреттілікті (біліктілікті) тексеру;
2 2) талданған сынамаларды қайта тексеру (қайта тестілеу);
3 3) орында бағалау.
6 6. Құзыреттілікті (біліктілікті) тексеру референс - зертханалардың кәсіби міндеттер ССБ бағдарламаларының қатысушыларына және (немесе) шифрланған бақылау үлгілерін жіберуді, зерттеулердің нәтижелерін өңдеуді, салыстыруды және қатысушыларды нәтижелер туралы хабарлауды қамтиды.
7 7. Талданған сынамаларды қайта тексеру (қайта тестілеу) бұрын талданған биологиялық материал сынамаларын қайта өлшеуді және зерттеу нәтижелерінің сәйкестігін бағалауды көздейді.
8
8. Жергілікті жерде бағалау әдісі референс-зертхана бекіткен және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген жылдық кесте немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өкім негізінде ССБ бағдарламаларына қатысушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету мақсатында зертхана қызметін бағалау және құжатталған процестер мен рәсімдерді зерделеу үшін зертханаға мониторингтік сапарды қамтиды.
9 9. ССБ ұлттық бағдарламаларын референс-зертханалар жүйелі уақыт аралығынан кейін (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет) циклді түрде іске асырады.
Референс-зертхана ұлттық ССБ бағдарламасының циклы аяқталғаннан кейін қатысушыларды ССБ нәтижелері туралы хабардар етеді және аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ССБ бағдарламасының есебінің еркін нысанында зертханалық зерттеулердің қызметі мен сапасын жақсарту жөнінде ұсынымдар жібереді.