Об утверждении правил ведения реестра и включения в реестр образовательных программ по уровням образования в области здравоохранения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил ведения реестра и включения в реестр образовательных программ по уровням образования в области здравоохранения
- Атауы (қаз.)
- Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-311/2020
- Қабылданған күні
- 22.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2020 150267_499504.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021861
- ЭКБ идентификаторы
- 150267
- Редакция идентификаторы
- 150267_499504
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:52
0 Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізіліміге енгізу қағидалары бекітілсін
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
«____»________________2020 жыл
8 Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу қағидалары.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-311/2020
Бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізілімге енгізу қағидалары.
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу және тізіліміне енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – ББ) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу тәртібін айқындайды.
2 2. Тізілімді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) іске асыратын ББ есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
3 3. ББ тізбесі Тізілімде қамтылған.
4 4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1 1) білім беру бағдарламаларының тізілімі – ЖЖОКБҰ әзірлеген білім беру бағдарламаларының тізбесін қамтитын білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
2 2) білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – ББ) – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
3 3) оператор – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған және тізілімді жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
5 5. Тізілімді оператор электрондық түрде білім беру саласындағы уәкілетті органның «Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесінде жүргізеді.
6 6. Тізілімге қол жеткізу Интернет желісі арқылы ұсынылады.
7 7. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.
2 2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу тәртібі
8 8. Білім беру бағдарламаларын Тізілімге енгізу үш кезеңде жүргізіледі:
1 1) білім беру ұйымының ББ-ны Тізілімге енгізу туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) және ББ паспортын ұсынуы;
2 2) ББ сараптамасын жүргізу;
3 3) білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу.
9 9. Білім беру бағдарламасын Тізілімге енгізу үшін білім беру ұйымы операторға ұсынады:
1 1) электрондық форматтағы өтінім;
2 2) Білім беру бағдарламанын паспорты.
10 10. Оператор білім беру ұйымының өтінімін растайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде толтырудың дұрыстығына тексеру жүргізеді. Дұрыс толтырылмаған өтінім себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін білім беру ұйымына қайтарылады.
Сапаны бағалау мақсатында ББ сараптамасы жүргізіледі. Сарапшы ББ сараптамасын орындау кезінде мүдделер қақтығысын ескере отырып тағайындалады, мүдделердің әлеуетті қақтығысы ретінде қаралып барлық қатынастар ашылады. Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда сарапшы сараптама жүргізуден шеттетіледі.