О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 67
- Қабылданған күні
- 22.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2020 150333_502812.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20BRI06845
- ЭКБ идентификаторы
- 150333
- Редакция идентификаторы
- 150333_502812
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:52
0 Шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 26 қазандағы № 10-14/273 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округінің Бірлік ауылында орналасқан «Есильсельхозпродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «Ернар» шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал бруцеллезінің ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Петровка ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 27 шілдедегі № 16 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2020 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6465 болып тіркелген).