Об утверждении Правил определения порядка и размера оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам, направленным для работы в сельскую местность и поселок, города районного и областного значения Западно-Казахстанской области за счет бюджетных средств Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2020 жылғы
23 желтоқсан № 40-11
шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
Тармақша 3
3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
Тарау 2. 2. Медицина және фармацевтика
қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
2. Медицина және фармацевтика
қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 3
3. Жұмыс берушiмен жеке еңбек шарты жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл iшiнде еңбек мiндеттерiн орындап жүрген медицина және фармацевтика қызметкері әлеуметтiк қолдау алу құқығына ие болады.
Тармақ 4
4. Медицина және фармацевтика қызметкері әлеуметтiк қолдау алу үшін денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы – «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 2
2) білім туралы дипломының көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);
Тармақша 3
3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болған жағдайда);
Тармақша 4
4) мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін;
Тармақша 5
5) мемлекеттік медицина ұйымымен жасақталған еңбек шарты;
Тармақша 6
6) 3х4 фото сурет (2 дана) ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдау Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерлері мен кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлері үшін біржолғы өтемақыдан тұрады:
Орал қаласының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарға 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;
Бәйтерек, Теректі және Тасқала аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 2 500 000 (екі миллион бес жүз мың) теңге көлемінде;
Ақжайық, Жаңақала, Казталов, Бөрлі, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 5 000 000 (бес миллион) теңге көлемінде;
Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарында орналасқан медициналық ұйымдарға 8 000 000 (сегіз миллион) теңге көлемінде.
Тармақ 6
6. Бір реттік төлемақы медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты жасалғаннан кейін оның өтінішінің негізінде екінші деңгейлі банкте ашылған есептік шотына аудару арқылы төленеді. Медицина және фармацевтика қызметкеріне бір реттік төлемақыны төлеу облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Басқарма денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) медицина және фармацевтика қызметкерінен өтiнiш және олардың бiлiктiлiгiн, оған қоса жұмыс орны бойынша тұрғын үйге деген мұқтаждығын растайтын құжаттарын қабылдайды;
Тармақша 3
3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж медицина және фармацевтика қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;
Тармақша 4
4) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкеріне әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Басқарманың жолдамасы бойынша жұмыс берушi Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкермен еңбек шартына отырады.
Тармақ 9
9. Медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс берушi бұл туралы 10 жұмыс күнінен кешiктiрмей басқармаға хабарлауы қажет.
Тармақ 10
10. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған кезде алдында төленген ақша қаражаттарын қайтару еңбек шартында қаралады.