Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев определения рисков завоза инфекционных заболеваний из-за рубежа на территорию Республики Казахстан и (или) возникновения случаев инфекционных заболеваний

Бұйрық · № ҚР ДСМ-317/2020 · қабылданған 23.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150444/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении критериев определения рисков завоза инфекционных заболеваний из-за рубежа на территорию Республики Казахстан и (или) возникновения случаев инфекционных заболеваний Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-317/2020 ·23.12.2020
23.12.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев определения рисков завоза инфекционных заболеваний из-за рубежа на территорию Республики Казахстан и (или) возникновения случаев инфекционных заболеваний

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-317/2020 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев определения рисков завоза инфекционных заболеваний из-за рубежа на территорию Республики Казахстан и (или) возникновения случаев инфекционных заболеваний
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-317/2020
Қабылданған күні
23.12.2020
Көрсетілген редакция
23.12.2020 150444_501045.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021893
ЭКБ идентификаторы
150444
Редакция идентификаторы
150444_501045
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:48

0 Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары белгіленсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-317/2020
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары

1

1. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 104-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Өлшемшарттар Кодекстің 104-бабының 5-тармағына сәйкес тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық ауруларға қатысты айқындалады.

3 3. Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелі мынадай өлшемшарттар бойынша айқындалады:

1 1) ерекше профилактика және емдеу құралдарының стандартты тиімді шаралары болмаған жағдайда ауыр (және/немесе сипатты емес) клиникалық көріністері бар жаппай инфекциялық аурулардың (эпидемияның, пандемияның) әлемде тіркелуі;

2 2) инфекциялық ауруда контагиоздылықтың (жұқпалылықтың) жоғары дәрежесінің, адамнан адамға ауа-тамшы, қарым-қатынас-тұрмыстық және тағамдық жолмен берілу қабілетінің болуы;

3 3) халықтың тұрақты көші-қоны жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағының болуына байланысты трансшекаралық таралу әлеуеті;

4 4) әуе, су, теміржол және автомобиль көлігі арқылы коммуникациялық байланыстардың болуы;

5 5) инфекция қоздырғышының (тасымалдаушысының) қасиеттері, аурудың Қазақстан Республикасында таралуына ықпал ететін жеткілікті жағдайлар және факторлар;

6 6) жергілікті халықтың ауруға бейімділігі.

Қолданыстағы