Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельных размеров сумм снятия субъектами предпринимательства наличных денег с банковских счетов, а также субъектов предпринимательства, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов

Қаулы · № 150 · қабылданған 21.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150457/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении предельных размеров сумм снятия субъектами предпринимательства наличных денег с банковских счетов, а также субъектов предпринимательства, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов Қолданыста Қаулы ·№ 150 ·21.12.2020
21.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельных размеров сумм снятия субъектами предпринимательства наличных денег с банковских счетов, а также субъектов предпринимательства, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов

Қолданыста Қаулы ·№ 150 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельных размеров сумм снятия субъектами предпринимательства наличных денег с банковских счетов, а также субъектов предпринимательства, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов
Атауы (қаз.)
Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
150
Қабылданған күні
21.12.2020
Көрсетілген редакция
21.12.2020 150457_527693.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021901
ЭКБ идентификаторы
150457
Редакция идентификаторы
150457_527693
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:56

0 Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан

қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін,
сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны
алу жөніндегі талап қолданылмайтын
кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының мынадай шекті мөлшері бекітілсін:

1 1) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;

2 2) орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге;

3 3) ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге.

2 2. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың 1-тармағында белгіленген кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне:

1 1) микрокәсiпкерлiк субъектiлерiне;

2 2) ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;

3 3) осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;

4

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылмайтыны айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы бірлескен қаулының және бұйрықтың осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде олардың көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
__________Р.
Даленов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
__________Е.
Досаев

0 Тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызмет түрлері

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 150 бірлескен қаулысына және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 95 мен бұйрығына
қосымша
Тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызмет түрлері
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жік­те­уіш ко­ды
Ата­уы
47.11
Ма­ман­дан­ды­рыл­ма­ған дү­кен­дер­де кө­бі­не­се та­мақ өнім­де­рін, су­сын­дар мен те­ме­кі өнім­де­рін бөл­шек са­уда­да са­ту
47.21
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де же­міс-жи­дек­тер мен кө­кө­ні­стер­ді бөл­шек са­уда­да са­ту
47.22
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де ет және ет өнім­де­рін бөл­шек са­уда­да са­ту
47.23
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де ба­лық, ша­ян тә­р­із­ді­лер­ді және был­қыл­дақ де­не­лі­лер­ді бөл­шек са­уда­да са­ту
47.24
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де нан-то­қаш­ты, ұн­нан жа­сал­ған және қант­ты кон­ди­тер­лік өнім­дер­ді бөл­шек са­уда­да са­ту
47.29
Ма­ман­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де та­мақ өнім­де­рін өзге бөл­шек са­уда­да са­ту
47.73
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де фар­ма­цев­ти­ка­лық та­у­ар­лар­ды бөл­шек са­уда­да са­ту
47.74
Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған дү­кен­дер­де ме­ди­ци­на­лық және ор­то­пе­ди­я­лық та­у­ар­лар­ды бөл­шек са­уда­да са­ту

Қолданыстағы