Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Экибастуз
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в городе Экибастуз
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 487/63
- Қабылданған күні
- 23.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2024 150534_683385.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PC007109
- ЭКБ идентификаторы
- 150534
- Редакция идентификаторы
- 150534_683385
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:49
0
Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Екібастұз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 487/63 шешіміне
1-қосымша
Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1 1. Екібастұз қаласында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1 1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам;
2 2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист- жауынгерлер сквері. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.
2 2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:
1 1) Мәшһүр Жүсіп көшесі (С. Торайғыров көшесінен Мұхтар Әуезов көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - екі жүз елу адам;
2 2) Мұхтар Әуезов көшесі (Естай Беркімбаев көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.
3 3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:
1 1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
3 3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.
4 4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1 1) көше жарықтандыруының болуы;
2 2) бейнебақылау камераларының болуы;
3 3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.
20 Екібастұз қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Екібастұз қалалық мәслихатының
2020 жылғы «23» желтоқсандағы
№ 487/63 шешіміне
2- қосымша
Екібастұз қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта: