О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бухар-Жырауском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Бухар-Жырауском районе
- Атауы (қаз.)
- Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 20.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2024 150620_684133.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KK021936
- ЭКБ идентификаторы
- 150620
- Редакция идентификаторы
- 150620_684133
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:59
0 Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті
толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және
өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен
пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3
3. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 4 «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Бұқар жырау аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 20
желтоқсандағы
№ 4
Шешімге 1-қосымша
Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1
1. Бұқар жырау ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
1 1) Ботақара кентінің аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Қазыбек би көшесі, 52. Шекті толу нормасы-500 адам;
2 2) Ботақара кентінің Бұқар жырау, 56А көшесіндегі алаң. Шекті толу нормасы-150 адам;
3 3) Ғабиден Мұстафин кентінің Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Мир көшесі, 19. Шекті толу нормасы-150 адам;
4 4) Бұқар жырау көшесімен – Төреғожин көшесінің қиылысынан Абылай хан көшесінің қиылысына дейін, Абылай хан көшесімен-аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңға дейін.
Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілген.
2 2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:
1 1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;
2 2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ, өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.
1 Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Бұқар жырау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 4
шешіміне 2 қосымша
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары