Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Мякотиха, ее притоков ручьев Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий и Широкий в створе земельного участка на территории района Алтай Восточно – Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 459 · қабылданған 24.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150703/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Мякотиха, ее притоков ручьев Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий и Широкий в створе земельного участка на территории района Алтай Восточно – Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 459 ·24.12.2020
24.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Мякотиха, ее притоков ручьев Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий и Широкий в створе земельного участка на территории района Алтай Восточно – Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 459 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Мякотиха, ее притоков ручьев Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий и Широкий в створе земельного участка на территории района Алтай Восточно – Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Мякотиха өзені мен оның ағыстары Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий және Широкий бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
459
Қабылданған күні
24.12.2020
Көрсетілген редакция
24.12.2020 150703_501735.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20V0008054
ЭКБ идентификаторы
150703
Редакция идентификаторы
150703_501735
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:41

0 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Мякотиха өзені мен оның ағыстары Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий және Широкий бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1

1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы Николай Николаевич Шапоревке беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Мякотиха өзені мен оның ағыстары Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий және Широкий бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы Николай Николаевич Шапоревке беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Мякотиха өзені мен оның ағыстары Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий және Широкий бұлақтарының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Алтай ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________

11 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы Николай Николаевич Шапоревке беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Мякотиха өзені мен оның ағыстары Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий және Широкий бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 459 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы аумағындағы Николай Николаевич Шапоревке беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Мякотиха өзені мен оның ағыстары Козачий, Большая Тополевка, Игнатиха, Топкий және Широкий бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Мякотяха өзені оң жағалау
10,3
515,0
500
5,82
29,1
50
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Козачий бұлағы
сол жағалау
оң жағалау
2,35
1,09
117,7
68,2
500
500
-
0,215
-
9,8
-
50
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Большая Тополевка
сол жағалау
оң жағалау
3,91
2,0
206,0
238,3
100-500
500
4,56
5,9
21,3
31,5
50
50
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Игнатиха бұлағы
сол жағалау
оң жағалау
5,23
6,1
370,9
275,7
500
400-500
13,02
7,15
66,8
33,0
50
50
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Топкий бұлағы
сол жағалау
оң жағалау
3,66
2,69
133,8
184,7
300-500
500
3,88
3,72
19,4
18,6
50
50
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Широкий бұлағы
оң жағалау
2,36
92,1
300-500
-
-
-
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекарасы мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы