Құжат мәтініне өту

Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-331/2020 · қабылданған 25.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150738/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-331/2020 ·25.12.2020
17.04.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-331/2020 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления»
Атауы (қаз.)
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-331/2020
Қабылданған күні
25.12.2020
Көрсетілген редакция
17.04.2024 150738_696697.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021934
ЭКБ идентификаторы
150738
Редакция идентификаторы
150738_696697
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:30

0 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 100-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 187 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17242 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 тамызда жарияланған);

2

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 13-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20935 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 6 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі

1 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-331/2020
бұйрығымен бекітілген
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1 1-тарау. Негізгі ережелер

1

1. Осы «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2 2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1 1) ағызу станциялары – елді мекен аудандарының су бұру жүйелерімен жабдықталмаған сұйық қалдықтарды су бұру жүйесіне қабылдауға және түсіруге арналған құрылыстар;

2 2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы – елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;

3 3) жоспарлы-тұрақты санитариялық тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;

4 4) жерді қалпына келтіру – белгілі мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерлерді, оның ішінде бүлінген жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;

5 5) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;

6 6) қалдық сақтау қоймасы – радиоактивті, уытты және қалдықтар деп аталатын пайдалы қазбалардың басқа да төгілген қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы құрылыстар мен жабдықтар кешені;

7 7) қалдықтарды есепке алу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы мен олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпарат жинау және ұсыну жүйесі;

8 8) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;

9 9) қалдықтарды залалсыздандыру – механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу жолымен қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою;

10 10) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану;

11 11) қалдықтарды көму – көмілген қалдықтардың халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпті әсерін болдырмайтын, шектеусіз мерзім бойы оларды сақтау үшін белгіленген орындарда қалдықтарды жинау;

12

12) қалдықтарды қайта өңдеу – қалдықтардан шикізаттарды және (немесе) одан әрі тауарларды немесе басқа өнімдер өндірісінде (дайындауда) пайдаланылатын басқа материалдарды алуға, сондай-ақ олармен жұмыс істеуді жеңілдету, олардың көлемін немесе қауіпті қасиеттерін азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған, сұрыптауды қоса алғандағы физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;

13 13) қалдықтардың қауіптілік сыныбы – бұл адамның денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қалдықтардың қауіптілік түрі мен дәрежесін айқындайтын олардың сандық сипаттамасы;

14 14) қалдықтар түрі – шығу тегіне, қасиеттеріне және қалдықтар сыныптамасының негізінде айқындалған жұмыс істеу технологияларына сәйкес жалпы белгілері бар қалдықтар жиынтығы;

15

15) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын консервациялау – қалдықтарды тасымалдау және оларды қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру бойынша қызметті уақытша тоқтату. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығы мен қалдықтарды сақтау орындарының құрылыстарын қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулайды;

16

16) қалдықтармен жұмыс істеу шаруашылығын жою (көму) – қалдықтарды тасымалдау және оларды қалдықтарды сақтау орындарына орналастыру бойынша қызметті тоқтату. Бұл ретте қалдықтармен жұмыс істейтін шаруашылықтың барлық ғимараттары мен құрылыстарын жою, ал қалдықтарды сақтау орнын қоршаған ортаға қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмайтындай етіп оқшаулау қажет;

17 17) қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі – ҚТҚ) – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;

18 18) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар – қатты тұрмыстық қалдықтарды оқшаулауға және залалсыздандыруға арналған арнайы құрылыстар;

19 19) қауіпті химиялық заттар – адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер етуі мүмкін заттарға ие болатын заттар;

20 20) медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МҚ) – медициналық қызметтерді көрсету және медициналық емшаралар жүргізу процесінде түзілетін қалдықтар;

21 21) өндіріс қалдықтары (өндірістік қалдықтар) – өнімді өндіру, жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау процесінде пайда болған және өздерінің бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің қалдықтары;

22 22) өндірістік объект – адамның тіршілік ету ортасына және денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықты және технологияны пайдалана отырып жүзеге асырылатын өнімнің өндірісімен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;

23 23) радиоактивті қалдықтар – одан әрі пайдалану көзделмейтін, құрамындағы радионуклидтер алу деңгейінен асатын радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклидті көздер;

24

24) санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі – СҚА) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және елді мекендегі қойма объектілерін жақын жердегі селитебті аумақтан, ғимараттар мен тұрмыстық-азаматтық мақсаттағы құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

25 25) санитариялық тазарту – елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілетін қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру мақсатындағы іс-шаралар жүйесі;

26 26) сұйық қалдықтар – сарқынды суларды қоспағанда, кез келген сұйық күйдегі қалдықтар;

27 27) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;

28

28) селитебті аумақ – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бір бөлігі;

29 29) тұтыну қалдықтары – өнімдерді, бұйымдарды және өзге де заттарды тұтыну немесе пайдалану процесінде түзілген қалдықтар, сондай-ақ өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан тауарлар (өнім);

30 30) уытты қалдықтар – қоршаған ортаға түскен жағдайда биоаккумуляциялау және (немесе) биотикалық жүйелерге уытты әсер ету нәтижесінде адам үшін қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін заттардан тұратын қалдықтар;

31

31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган.

3 3. Тұтыну қалдықтары мынадай түрлерге бөлінеді:

1 1) тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ);

2 2) медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МҚ).

2 2-тарау. Өндіріс қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4

4. Өндіріс қалдықтарын жинауды және уақытша сақтауды қызметінің нәтижесінде қалдықтар түзілетін объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді пайдалану кезінде кейіннен қалдықтарды өздігінен шығару арқылы жеке және заңды тұлғалар немесе одан әрі залалсыздандыру, көму, пайдалану немесе кәдеге жарату үшін тиісті шарттар жасай отырып, мамандандырылған субъектілер жүзеге асырады.
Өндірістік объектілерде өндіріс қалдықтарын жинау және уақытша сақтау қалдықтардың қауіптілік сыныбына сәйкес келетін арнайы алаңдарда (орындарда) жүргізіледі. Қалдықтардың жиналуына қарай оларды қауіптілік сыныбына сәйкес қалдықтардың әрбір тобы үшін бөлек жинайды.

5

5. Қалдықтарды сақтау орнынан (алаңынан) тұрғын аумаққа дейін, өндірістік және коммуналдық мақсаттағы объектілерге дейінгі СҚА өлшемдері «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26447 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-2 бұйрығы) белгіленген талаптарымен айқындалады.

6 6. Қалдықтардың қауіптілік сыныбы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен Кодекстің 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

7

7. Объекті шегінен тыс шығарылатын қалдықтың қауіптілік сыныбын айқындау әрбір қалдық түрлері үшін қалдық түзілген сәттен бастап үш ай ішінде жүргізіледі және оның технологиясы өзгерген немесе өзге де шикізат ресурстарына өткен кезде, сондай-ақ қалдықтардың химиялық құрамының өзгеруі мүмкін кез келген басқа жағдайларда қайта қарауға және жаңартуға жатқызылады. Жеке полигондарда жиналатын объектілердің қалдықтары да қауіптілік сыныбын анықтауға жатады.

8 8. Адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсер ету дәрежесіне қарай қалдықтар қауіптіліктің бес сыныбына бөлінеді:

1 1) 1-сынып – өте қауіпті;

2 2) 2-сынып – қауіптілігі жоғары;

3 3) 3-сынып – қауіптілігі орташа;

4 4) 4-сынып – қауіптілігі аз;

5 5) 5-сынып – қауіпсіз.

9 9. Қалдықтарды жинау (уақытша жинау) көлемі және (немесе) мерзімі Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 320-бабы ережелерінің талаптарына сәйкес келеді.

Сұйық және газ түріндегі қалдықтар тұмшаланған ыдыста сақталады. Қалдықтардың жиналуына қарай өндірістік объект аумағынан шығарылады немесе оны залалсыздандыруды өндірістік объектіде жүргізеді.

10 10. Қалдықтардың өнеркәсіп алаңдар (бұдан әрі – өнеркәсіпалаң) аумағындағы рұқсат етілетін мөлшері субъектілермен осы Санитариялық қағидаларға 4-тармағына сәйкес арнайы алаңның (орынның) қуатынан аспайтын дербес анықталады.

11 11. Арнайы салынған қалдық, қоқыс, шөгінді, күл жинауыштар мен үйінділер, қоршаған орта мен халықты қорғауды қамтамасыз ететін құрылысжайлар болған жағдайда, қалдықтарды жинауға, сақтауға және көмуге жол беріледі.

12

12. Қауіптіліктің 1-сыныбындағы қалдықтар тұмшаланған ыдыста (болат бөшкелер, контейнерлер) сақталады. Толуына қарай қалдықтар салынған ыдысты болат қақпақпен жабады, қажет болған кезде электрлі газбен дәнекерлейді және қауіпті қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтары бар қаптаманы таңбалауды қамтамасыз етеді.

13 13. Қауіптіліктің 2-сыныбындағы өндіріс қалдықтары агрегаттық күйіне сәйкес полиэтилен қаптарда, пакеттерде, бөшкелерде және зиянды заттардың (ингридиенттердің) таралуына кедергі болатын ыдыстардың басқа да түрлерінде сақталады.

14 14. Қауіптіліктің 3-сыныбындағы өндіріс қалдықтары жайылтпай сақтауды қамтамасыз ететін, тиеу-түсіру және көлік жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін және зиянды заттардың таралуын болдырмайтын ыдыста сақталады.

15 15. Қауіптіліктің 4-сыныбындағы өндіріс қалдықтары өнеркәсіптік алаңда конус тәрізді үйінді түрінде ашық күйінде сақталады, сол жақтан олар автотиегішпен автокөлікке тиеледі және кәдеге жарату немесе көму орындарына жеткізіледі.

16 16. Қатты, оның ішінде сусымалы қалдықтар контейнерлерде, пластик, қағаз пакеттерде немесе қаптарда сақталады және олардың жиналуына байланысты полигонға шығарылады.

17

17. Қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңды өндірістік объектінің аумағында ық жағына орналастырады. Алаңды қатты және уытты (қалдықтарды) заттарды өткізбейтін материалмен жабады, тазарту құрылыстары жағына қарай құйылыс құрылғысы және еңісі бар төсеніш төсейді. Алаң бетінде жиналған суларды жалпы жауын-шашын бұрғышына жіберуге жол берілмейді. Алаң бетінде жиналған сулар үшін уытты заттармен жұмыс істеуді, тазалауды және оларды залалсыздандыруды қамтамасыз ететін арнайы тазарту құрылыстары көзделеді. Алаңда қалдықтарды атмосфералық жауын-шашынның және желдің әсерінен қорғау көзделеді.

18 18. Уытты өндіріс қалдықтарын (қауіптіліктің 1 және 2-сыныбы) залалсыздандыруды уытты өндіріс қалдықтарын көму полигондарында жүзеге асырады.

19 19. Өндіріс қалдықтарын (қауіптіліктің 3 және 4-сыныбы) залалсыздандыру үшін өндіріс қалдықтарының бір бөлігін тиісті объектіде тұтыну қалдықтарымен бірге өңдеу және өндіріс қалдықтарының бір бөлігін ҚТҚ полигонында жинақтауға рұқсат етіледі.

20 20. Тасымалданатын қалдықтардың мөлшері көлік құралының жүк көлеміне сәйкес келеді. Өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде оларды толтыру, тасымалдау, тиеу және түсіру орындарында қоршаған ортаны ластауға жол берілмейді.

21 21. Қауіптіліктің 1-сыныбынан 3-сыныбына дейінгі қалдықтарды тиеуге, тасымалдауға және түсіруге байланысты технологиялық процестер механикаландырылады.

22 22. Жартылай сұйық (паста тәрізді) қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік құралы ағызуға арналған шлангы құрылғысымен жабдықталады.

23 23. Қатты және шаң тәрізді қалдықтарды тасымалдаған кезде көлік құралы қорғаныш қабықшамен немесе жабын материалымен жабдықталады.

24 24. Шаң тәрізді қалдықтарды барлық кезеңде: тиеу, тасымалдау, түсіру кездерінде ылғалдайды.

25 25. Қауіптіліктің 1 және 2- сыныбындағы өндіріс қалдықтарын тасымалдау кезінде көлік құралын басқаратын адамнан және жүкпен бірге жүретін персоналдан басқа бөтен адамдардың болуына жол берілмейді.

26 26. Қалдықтарды шикізат ретінде қолданатын объектілерде технологиялық процестерді автоматтандыру және механикаландырумен қамтамасыз етіледі.

27

27. Жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарының (бұдан әрі – ЖЭО), жылу электр станцияларының (бұдан әрі – ЖЭС) күл-қоқыс үйінділерін/күл үйінділерін қоспағанда, оларды субъектінің өндірістік алаңының және елді мекен аумақтарының шегінен тыс орналастыру мүмкін болмаған кезде өнеркәсіптік қалдықтарды көму қауіптілік сыныптарына сәйкес субъектінің өндірістік алаңнан және елді мекеннің қоныстану аумағынан тыс жерде жүргізіледі.

28 28. Кәдеге жаратылмайтын қалдықтарды көму және жинақтау алаңдары елді мекеннің қоныстану аумағынан тыс жерлерде орналастырылады.

29

29. Қауіптіліктің 2 және 3-сыныбындағы қатты және шаң тәрізді қалдықтарды, суда ерімейтін уытты ингредиенттерді көмуді өндіріс қалдықтары полигондарында жүзеге асырады. Қазаншұңқырларда қалдықтарды төгуді қабаттап тығыздау арқылы жүргізеді. Қазаншұңқырлардағы қалдықтардың ең жоғары деңгейінің қазаншұңқырлар аумағына іргелес жоспарланған белгіден төмен кемінде 2 метр (бұдан әрі – м) көзделеді.

30 30. Қазаншұңқырларды жабдықтау кезінде қазаншұңқырларға іргелес аумақтың ені кемінде 8 м көзделеді. Топырақтың сүзгілеу коэффициенті тәулігіне 6-10 метрден (бұдан әрі – м/тәу) аспағанда көмуге жол беріледі.

31 31. Шаң тәрізді қалдықтарды көмуді осы қалдықтардың желмен таралуын болдырмауға кепілдік беретін іс-шараларды ескере отырып, қазаншұңқырларда жүргізеді. Қазаншұңқырларға шаң тәрізді қалдықтарды әрбір тиегеннен кейін оларды қалыңдығы кемінде 20 сантиметр (бұдан әрі – см) топырақпен оқшаулайды.

32

32. Суда еритін уытты заттары бар қауіптіліктің 2 және 3-сыныбындағы қатты және паста тәрізді қалдықтарды көмуді «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (бұдан әрі – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) сәйкес түбі және бүйір қабырғалары оқшауланған қазаншұңқырларда жүзеге асырады.

33 33. Қазаншұңқырдың көмілген учаскесін топырақтың тығыздалған қабатымен жабады, оның үстінен қазаншұңқырдың қалған бөлігін толтыру үшін қалдықтарды тасымалдау жүзеге асырылады. Қалдықтарды топырақтың тығыздалған қабатымен тасымалдағанда оны бұзуға жол берілмейді.

34 34. Нашар еритін уытты заттары бар қауіптіліктің 1-сыныбындағы қалдықтарды көмген кезде олардың топыраққа және жерасты суларына көшуін болдырмау бойынша мынадай шаралар қолданады:

1 1) қазаншұңқырлардың түбі мен бүйір қабырғаларын сүзгілеу коэффициенті 10 м/тәу аспайтын кемінде бір метр балшық қабатымен қоршау;

2 2) қосылған жерлерді битум, гудрон немесе басқа да су өткізбейтін материалдар құю арқылы қазаншұңқырлардың түбіне бетон плиталар төсеу және қабырғаларын бекіту.

35 35. Қауіптіліктің 1-сыныбындағы суда еритін қалдықтарды көму қазаншұнқырларда болат контейнерлерде немесе бетон қораптарға салынатын, оларды толтырғанға дейін және одан кейін тұмшалануын екі рет бақылай отырып, қабырғаларының қалыңдығы кемінде 10 миллиметр (бұдан әрі – мм) баллондарда жүргізіледі.

36 36. Қауіптіліктің 4-сыныбындағы өндіріс қалдықтарын тұтыну қалдықтарымен бірге соңғысын көметін жерлерде біріктіруге немесе оқшаулағыш материал немесе аумақты жоспарлау жұмыстары кезінде пайдалануға жол беріледі.

37 37. Қалдықтармен толтырылған қазаншұңқырларды қалыңдығы 2 м тығыздалған топырақ қабатымен оқшаулайды, содан кейін гудроннан, тез қатаятын шайырдан, цементті гудроннан жасалған су өткізбейтін жабынмен жабады.

38

38. Су өткізбейтін жабындар және тығыздалған қабаттар қазаншұңқырларға іргелес аумақтардан шығып тұрады. Су өткізбейтін жабындар қазаншұңқырлардың габаритінен әрбір жағынан 2-2,5 м шығып тұрады және көрші тұрған қазаншұңқырлар жабындарымен түйістіріледі. Түйіскен жерлер қазаншұңқырлар бетіндегі жауын-шашын және еріген суларды арнайы буландыратын алаңға жинауға және шығаруға мүмкіндік беретіндей етіп жасалады.

39 39. Қазаншұңқырлардың оқшаулайтын жабындарын, су бұратын арналарын жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды оларды толтыру тәсілімен әр нақты жағдайда учаскенің бедері мен гидрогеологиялық жағдайларын ескере отырып шешеді.

40

40. Жағуға жататын өндіріс және тұтыну қалдықтарын заласыздандыру кезінде шығарылған газдарды толық жағатын камера арқылы жұмыс режимі кемінде плюс (бұдан әрі – «+») 1000-1200 градус Цельсий температурада (бұдан әрі – оС) жұмыс істейтін пештерді (инсинераторларды) пайдаланады. Ауыр металдар мен заттарды, радиоактивті қалдықтарды, регенерациялауға жататын мұнай өнімдерін алудың тиімді әдістері әзірленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигонға қабылдауға жол берілмейді.

41 41. Қауіптіліктің 1-3-сыныбындағы сұйық қалдықтарды полигонға шығару алдында паста тәрізді консистенцияға айналдырады. Қалдықтарды сұйық күйінде көмуге жол берілмейді.

42 42. Қалдық сақтау қоймаларын СҚА-ны ескере отырып, кенді қайта өңдеу объектісінің өзінде де (бірыңғай өнеркәсіптік алаң шегінде), сол сияқты одан қашықта дербес аймақ да (шеттетілген) орналастырады.

43

43. Елді мекендерден және көлік жолдарынан 5 км-ден астам қашықтықта, ауыл шаруашылығы мақсатында жарамсыз жерлерде орналасқан қалдық сақтау қоймасы топырақ беті мен дамба негізінен гамма сәулелену дозасының қуаты табиғи аяның үстінде сағатына 0,3 мкЗв/сағ-тан аспаған жағдайда, қоршалмайды. Қалдық сақтау қоймасының айналасында тиісті ескертуші және тыйым салушы жазбалар қойылады.

44

44. Істен шыққан қалдық сақтау қоймасы аумағын кез келген мақсатта пайдалануға жол берілмейді. СҚА аумағында тұрғын үй, балалар объектілерін, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін салуға, сондай-ақ демалу және спортпен айналысуға арналған орындарын орналастыруға жол берілмейді.

45 45. Қалдық сақтау қоймасын орналастыру ауданы оның айналасында қажетті көлемдегі СҚА-ны ұйымдастыру мүмкіндігін көздейді. Оның орналасатын орнын ауданды және объектіні дамытудың перспективалық жоспарымен байланыстырады.

46 46. Қалдық сақтау қоймаларын сумен жабдықтау көздері болып табылатын жер бетіндегі судың жиегі созылған орындарда, халық шаруашылығында мәні бар ірі өзендер мен көлдердің ең жақын жиегіне (1000 м кем) тікелей жакын жерде орналастыруға жол берілмейді.

47 47. Объекті аумағында қалдық сақтау қоймасын өндірістік, әкімшілік және кәсіпорынның тұрмыстық ғимаратынан СҚА көлемінің жартысына тең, бірақ 500 м-ден жақын емес қашықтықта орналастырады.

48 48. Қалдық сақтау қоймасын:

1 1) ауыз су бас тоғанынан және балық аулау шаруашылығынан төмен;

2

2) жерасты сулары жинақталатын қалдықтардың төменгі деңгейінен кемінде 2 м көтерілген кезде (қалдық сақтау қоймасын пайдалану кезінде судың көтерілуін ескере отырып) су жатып қалатын топырағының сүзгіштігі төмен (саз, саздақ, тақтатас) жер учаскелерінде орналастырылады. Таңдалған алаңда гидрогеологиялық жағдайы қолайсыз болған жағдайда жерасты суларының деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделеді.

49 49. Қалдық сақтау қоймасын көму алдында оны жер жұмысына қажетті техниканы пайдалануға мүмкіндік беретін кондицияға дейін құрғату бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

50 50. Көмілген қалдық сақтау қоймасы биіктігі кемінде 2 м қоршаумен қоршалады. Қоршау топырақ беті мен дамба негізінен гамма сәулелену дозасының қуаты табиғи аяның үстінде сағатына 0,3 микрозиверттен (бұдан әрі – мкЗв/сағ) аспаған жағдайда, қалдық қоймасына 30 м-ден жақын жерде орналастырылмайды.

51 51. Көмілген қалдық сақтау қоймасына бұрын оны пайдаланған объектінің басшысымен осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес паспорт толтырады, кейіннен оны жергілікті атқарушы органдарға тапсырады.

52 52. Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру (жою), консервациялау арнайы салынған қоқыр, қоқыс, қалдық, күл жинауыштар мен үйінділер және басқа да құрылымдардың қоршаған орта мен халықты қорғауды қамтамасыз ететін жобалық шешімдерімен жүргізіледі.

3 3-тарау. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1 1-параграф. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және залалсыздандыруға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар

53

53. Елді мекендер аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде ҚТҚ жинау, шығару және көму орындарын күтіп-ұстау бойынша мамандандырылған ұйымдар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсетуімен қалдықтарды өз бетімен шығаратын орындар ұйымдастырылады.

54

54. Инфекциялық, оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық стационарларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану, сауда, жалпы білім беру объектілерінің, санаторий-курорттық ұйымдардың тағам қалдықтары қақпағы бар ыдыстарға жиналады, салқындатылатын үй-жайларда немесе тоңазыту камераларында сақталады. Инфекциялық, оның ішінде туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық стационарлардың тағам қалдықтарын қоспағанда, тағам қалдықтарын малға азық ретінде пайдалануға жол беріледі.

55

55. Елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан қалдықтардың желмен таралу мүмкіндігін болдырмайтын биіктікте, бірақ кемінде 1,5 м биіктікте қоршайды.

56

56. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталады. Елді мекендерде контейнер алаңын уақытша қоныстарды (вахталық кенттерді, стационарлық емес объектілер мен құрылыстарды) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалыс орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырады. Қалыптасқан құрылыс салынатын аудандарда санитариялық ажырауларды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді.

57 57. ҚТҚ-ны жинау үшін абаттандырылған тұрғын үй қорында контейнерлерді қолданады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциядағы ыдыстарды пайдалануға жол беріледі.

58

58. Субъект (ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі) контейнерлерді пайдаланатын халықтың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзіміне байланысты орнатылатын контейнерлердің санына жүргізілген есептеуді ескере отырып орналастырады. Контейнерлердің есепті көлемі қалдықтардың іс жүзінде жиналуына сәйкес келеді.
ҚТҚ-ны шығару уақтылы жүзеге асырылады. Контейнерлерде қалдықтарды сақтау мерзімі 0°С және одан төмен температурада үш тәуліктен, температура плюс болғанда бір тәуліктен аспайды.

59

59. Елді мекендерде (тұрғын үй қорының, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) контейнер алаңына іргелес аумақта Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) көрсетілген периметрі бойынша жоспарлы-жүйелі санитариялық тазарту және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

60 60. ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі қалдықтарды тасымалдауға арналған көлік құралдарының санын салынып жатқан учаскенің іс жүзінде дамуын және нақты елді мекеннің жергілікті жағдайларын ескере отырып, анықтайды.

61

61. Көлік құралдары мен ҚТҚ контейнерлерінің меншік иесі көлік құралдарын жууға арналған алаңды шаруашылық аймағынан тыс жерде ұйымдастырады. Алаңда салқын су тартылған жуу бөлімшесі көзделеді. Таза және лас контейнерлердің және полигонға келіп жатқан қоқыс тасымалдайтын көліктердің көлік ағындары бөлінеді және қиылыспайды.

62 62. Су құбыры суы болмағанда контейнерлерді жууды сыртқы ауа температурасы +5оС-тан жоғары болғанда су себетін машиналармен жүзеге асыруға жол беріледі.

63 63. Контейнерлер мен көлік құралдарын жуған сарқынды сулар булану үшін карталарға жіберіледі немесе ҚТҚ-ны ылғалдау үшін пайдаланылады.

64 64. ҚТҚ полигонының, қоқыс үйінділерінің меншік иесі полигоннан (ұйымдастырылған қоқыс үйіндісінен) шығатын жерде қоқыс тасымалдайтын көліктердің дөңгелектерін зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялаушы бетон ванна орнатады. Ваннаның ұзындығын кемінде 8 м, енін 3 м, тереңдігін 0,3 м етіп көздейді.

65 65. ҚТҚ полигоны, қоқыс үйіндісі аумақтарының барлық периметрі бойынша жеңіл қоршау, тереңдігі 2 м-ден асатын кептіру траншеясын немесе биіктігі 2 м-ден аспайтын топырақ үйінділерін орнатады.

66

66. Тұтыну қалдықтарын заласыздандыру үшін осы Санитариялық қағиданың 40-тармағында көрсетілген (инсинератор) пештер қолданылады. Ауыр металдар мен заттарды, радиоактивті қалдықтарды, регенерациялауға жататын мұнай өнімдерін алудың тиімді әдістері әзірленген өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигонға қабылдауға жол берілмейді.

2 2- параграф. Медициналық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сақтауға, залалсыздандыруға, пайдалануға, қолдануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

67 67. МҚ-ды жинау, тасымалдау, сақтау олардың қауіптілігі дәрежесіне сәйкес жүзеге асырылады.

68 68. Медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МҚ) қауіптілік дәрежесіне сәйкес қауіптіліктің 5-сыныбына бөлінеді:

1 1) А сыныбы – ҚТҚ-ға ұқсас қауіпті емес медициналық қалдықтар;

2 2) Б сыныбы – қауіпті (эпидемиологиялық) медициналық қалдықтар;

3 3) В сыныбы – өте (эпидемиологиялық) қауіпті медициналық қалдықтар;

4 4) Г сыныбы – құрамы бойынша өнеркәсіп қалдықтарына ұқсас токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар;

5 5) Д сыныбы – радиоактивті медициналық қалдықтар.

69

69. Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмумен айналысатын жұмысшылар «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы) сәйкес алдын ала (жұмысқа тұру алдында) және мерзімдік медициналық қарап тексеруден өтеді.

70

70. Денсаулық сақтау объектілерінде МҚ-ны уақытша сақтауға арналған үй-жайлар «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына сәйкес көзделеді.

71

71. МҚ-ны жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, ыдыстарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында (бұдан әрі – ҚКЖҚ), контейнерлерде жүзеге асырылады. МҚ-ның әр сыныбы үшін контейнерлер, ыдыстар мен пакеттер әртүрлі бояумен таңбаланады. Контейнерлердің конструкциясы су өткізбейтін болады, бөтен адамдардың олардың ішіндегісімен жанасуын болдырмайды.

72 72. МҚ-ны тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар оларды көлік құралына тиеген сәттен бастап белгіленген орында қабылдағанға дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын сақтауы қажет.

73 73. МҚ-ны қолмен нығыздауға жол берілмейді. Жеке қорғаныш құралынсыз МҚ-ны жинауды, сұрыптауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

74 74. Б, В сыныптарындағы МҚ арнайы залалсыздандыру қондырғыларында: газбен тазалағышы бар шығарылған газдарды толық жағатын камералары кемінде +1000 – +1200оС температурада жұмыс режимі бар екі камералы пештерде (инсинераторларда) жойылады немесе балама әдістермен залаласыздандырылады:

1 1) қалдықтарды қысыммен су буымен стерильдеуді көздейтін автоклавтау;

2 2) қысқа толқынды өңдеу;

3 3) химиялық өңдеу.

МҚ-ның жағу өнімдері мен залалсыздандырылған қалдықтар А сыныбының МҚ-ға айналады және ҚТҚ ретінде көмілуге тиісті немесе қайталама шикізат ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында баламалы әдістермен залалсыздандырылған Б және В сыныптарындағы қалдықтарды көму олардың тауарлық күйі (ұнтақтау, күйдіру, престеу және тағы басқа) өзгертілген және оларды қайта қолданудың мүмкін еместігі кезде ғана жол беріледі.
Залалсыздандырудың баламалы әдістерін қолданған кезде аппараттың жұмысын және залалсыздандыру сапасын бақылау қамтамасыз етіледі. Автоклавтардың жұмысы химиялық, биологиялық сынақтарды, термохимиялық индикаторларды қолдану арқылы химиялық, бактериологиялық және физикалық әдістермен бағаланады.
Стерильдеу циклі кезінде бу автоклавтарының жұмыс режимінің параметрлерін бағалау үшін физикалық-химиялық әдістер, автоклавтың тиімділігін бағалау үшін бактериологиялық әдістер қолданылады.
Залалсыздандырылған қалдықтардың әр партиясы журналға тіркелген күні, қалдықтардың салмағы, зарарсыздандыру уақыты, зарарсыздандыру режимі, тест-бақылау нәтижелері, бақылау купоны (жабыстырылған), оператордың қолы көрсетіледі.

75 75. Пайдаланылған шанышқылы және басқа да өткір заттар (инелер, қауырсын тәрізді құралдар, ұстаралар, ампулалар) алдын ала сұрыпталмай залаласыздандырылуы тиісті ҚКЖҚ-на қабылданады.

76 76. Екі камералы пештер (инсинераторлар) № ҚР ДСМ-2 бұйрығының талаптары ескеріле отырып орналастырылады.

Мамандандырылған қондырғылары жоқ объектілер мен елді мекендер аумағында медициналық қалдықтарды жағуға жол берілмейді.

77 77. МҚ-ны залаласыздандыруды жүзеге асыратын субъект қалдықтардың сыныбы мен көлемін көрсете отырып, МҚ-ны залалсыздандыруға қабылданғанын растайтын құжатты толтырады.

78 78. Медициналық қалдықтарды қабылдау қапталған түрде, арнайы журналда сапалық және сандық есепке алуды жүргізе отырып жүзеге асырылады.

79 79. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы қондырғы дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.

80

80. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру объектілерінде алаңы кемінде 12 шаршы метр (бұдан әрі – м2) медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған бөлме көзделеді және ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен, бар болған жағдайда биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен, бөлек стеллаждармен, тасымалдау контейнерлерімен, таразымен, ыстық және салқын су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады.

81 81. Әр үй-жайда ыдыстарды жууға, сақтауға және залалсыздандыруға арналған жағдайлар жасалады.

82 82. МҚ-ны уақытша сақтауға арналған үй-жайдың едені, қабырғасы, төбесі тегіс, саңылауы жоқ болады, жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалады.

83 83. Негізгі үй-жайлардан басқа персонал үшін алаңы кемінде 6 м2 үй-жай, жинау мүкаммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына ауданы кемінде 4 м2 үй-жай, жуатын айналым ыдысына арналған ауданы кемінде 4 м2 қойма бөлінеді.

84 84. Жуу бөлмесі ағынды салқын және ыстық су келтірілген ваннамен немесе еденге түсетін кранмен жабдықталады. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен жарақталған, ағынды салқын және ыстық су келтірілген раковина бөлінеді.

85 85. Медициналық қалдықтарды залалсыздандыру орындарында мынадай жеке гигиена талаптары сақталады:

1 1) жұмыс қорғаныш маскасымен, экрандармен, бір рет қолданылатын резеңке немесе латекс қолғаптармен жүзеге асырылады;

2 2) жұмыс орнында темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді;

3 3) жеке және арнайы киімдерді сақтау шкафтарда бөлек жүзеге асырылады.

86

86. Б, В, Г сыныптарының МҚ-ын тасымалдау «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығының (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-5 бұйрығы) талаптарына сәйкес дезинфекциялық жеңіл өңделетін су өткізбейтін жабық шанақпен жабдықталған көлік құралында жүзеге асырылады.

87 87. Қауіпті қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралын күтіп-ұстау № ҚР ДСМ-5 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.

88 88. Г сыныбының МҚ-ны көму қауіпті қалдықтарға арналған полигондарда, олар залалсыздандырылған жағдайда ҚТҚ полигондарында жүзеге асырылады.

89

89. Инфекциялық емес науқастардың операциялық (ағзалар, тіндер) органикалық қалдықтары «Зираттарға мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығына сәйкес зираттардың арнайы бөлінген орындарында көмілуге жатады.

90 90. Пайдаланылған люминесцентті шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық сақтау мен тасымалдау кезінде сынуын болдырмайтын тығыз жабылатын ыдыстарда тасымалданады және сақталады.

3 3-параграф. Аулалық қондырғылар мен қазылған шұңқырларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

91

91. Тұрғын үй объектілерінің және орталықтандырылған сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелеріне қосылған объектілердің аумағында аулалық қондырғыларды, қазылған шұңқырларды салуға және қайта жабдықтауға сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне сәйкес жол беріледі.

92

92. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұтыну қалдықтар су өткізбейтін (қақпағы мен қатты фракцияны бөлуге арналған торы бар жер беті бөлігі бар) қазылған шұңқырларға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгіледі. Аулалық дәретханалар бар болғанда ортақ шұңқырды орнатуға жол беріледі.

93

93. Су бұру жүйесіне қосылмаған санитариялық-аулалық қондырғылар мен қоғамдық дәретханаларды кемінде 10 м болатын жеке үй иеліктерін (оның ішінде саяжай учаскілерін) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және тұрғындар демалатын алаңдардан кемінде 25 м, құдықтар мен бұлақ көзінен кемінде 50 м қашықтыққа алшақтатады.

3 3-тарау. Қалдықтарды сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

94 94. Қалдықтарды сақтау және көму полигондарда жүзеге асырылады.

95 95. Өндіріс қалдықтарын көму полигонына арналған учаскенің көлемі қалдықтардың 20-25 жыл ішінде жиналу мерзіміне қарай белгіленеді.

96

96. Полигонға арналған орындар бөлек, құрылыстан бос, желденетін, жауын-шашын, еріген және тасқын сулар баспайтын, инженерлік шешімдердің орындалуына жол беретін, елді мекендердің және адамдардың жаппай демалу, шаруашылық сумен жабдықтау, минералды көздер, ашық су қоймалары және жерасты сулары орналасқан аймақтардың ықтимал ластануын болдырмайтын аумақтарда көзделеді.

97

97. Полигонды басым бағыттағы желді ескере отырып, елді мекендердің ық жағында, өзен ағысы бойынша шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың су алу орындарынан төмен, ашық су қоймаларының су жинау аймақтарынан, қыстау орларынан, балықтардың жаппай уылдырық шашу және семірту орындарынан төмен және шекарасынан тыс орналастырады.

98 98. Полигонды жер асты сулары 2 м-ден астам тереңдікте жатқан және сүзу коэффициенті тәулігіне 10 м-ден аспайтын өтімдігі аз жыныстармен жабылған учаскелерде орналастырады. Түбі мен қабырғалары гидрооқшаулаумен орнатылады.

99 99. ҚТҚ полигондарының, қоқыс үйінділерінің СҚА өлшемі мен оларды көгалдандыру № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

100

100. Полигонды тұрғын үй құрылысының резервті, өндірістік объектілерді кеңейту аумақтарында, рекреациялық аймақтарда, өзендер алқабында, жыраларда, топырағы шөккен учаскелерде, карст процестері дамитын жерлерде, пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда, жерасты ауыз су көздерінің қоректену аймағында орналастыруға жол берілмейді.

101 101. Полигон аумағының елді мекендер, өндірістік объектілер, ауыл шаруашылығы алқаптары мен су ағысы бағытына қарай ылдилауына жол берілмейді.

102

102. Қауіптіліктің 4-сыныбындағы өндіріс қалдықтары шектеусіз қабылданады және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың (1 килограмм қалдыққа 1 литр су) болуымен, 1 литрге 300 миллиграмнан (бұдан әрі - мг/л) артық емес оттегіге биохимиялық қажеттілік (бұдан әрі – ОБҚ толық) және оттегіге химиялық қажеттілік (бұдан әрі – ОХҚ) көрсеткішімен, фракцияларының көлемі 250 мм-ден кем біркелкі құрылымымен сипатталады.

103 103. ҚТҚ полигонына шектеусіз қабылданатын және оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылатын қауіптіліктің 4-сыныбындағы өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.

Полигонға шектеулі мөлшерде қабылданатын және бірге жинақталатын 3-4 қауіптілік сыныбының өндіріс қалдықтарының тізбесі (ҚТҚ 1000 текше метріне (бұдан әрі – м3) арналған норматив) осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.
Шектеулі мөлшерде қабылданатын және ерекше жағдайларды сақтай отырып жинақталатын қауіптіліктің 3-4 сыныбындағы өндіріс қалдықтарының тізбесі осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

104 104. Полигон аумағы екі аймаққа бөлінеді: ҚТҚ жинақтау аймағы және шаруашылық-тұрмыстық объектілерді орналастыру аймағы.

Жинақтау аймағын полигон әкімшілігі жасаған пайдалану картасының кестесіне сай кезекпен қалдықтармен толтырылатын бөлек учаскелерге (карталарға) бөледі.

105 105. Полигондардың персоналы үшін санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайлары көзделеді. Тамақ ішетін бөлмені кемінде тұрмыстық тоңазытқышпен және ыдыс жууға арналған раковинамен жабдықтайды.

106 106. Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге байланысты жұмыскерлер арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен жұмыс істейді.

107 107. Қатты және сұйық қалдықтарды жинаумен, кәдеге жаратумен, тиісті құрылыстарды пайдаланумен айналысатын персонал жұмысқа тұрған кезде № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес алдын ала және мерзімдік медициналық қарап тексерулерден өтеді.

108 108. Полигонда түсетін қалдықтардың құрамына бақылау және есепке алу, қалдықтарды полигонның жұмыс істеп тұрған бөлігінде бөлу, қалдықтарды оқшаулау бойынша технологиялық цикл қамтамасыз етіледі.

109 109. ҚТҚ полигонында тұтыну қалдықтары мен қатты өндіріс қалдықтарының кейбір түрлері (қауіптіліктің 3 және 4-сыныптары), сондай-ақ сыныбы эксперменталдық әдістермен анықталатын қауіпті емес қалдықтар қабылданады.

110 110. ҚТҚ бірге жинақтау үшін ылғалдылығы 85%-дан аспайтын жарылысқа қауіпті емес және өздігінен тұтанбайтын өндіріс қалдықтары қабылданады. Сұйық және паста тәрізді қалдықтар ҚТҚ полигонына қабылданбайды.

111 111. Полигонда қалдықтар мен олардың мөлшері көрсетілген қызмет көрсетілетін ұйымдардың тізімі (тізбесі) болады.

112

112. Қауіптіліктің 3 және 4-сыныптарындағы өндіріс қалдықтары шектеулі мөлшерде қабылданады (ҚТҚ массасының 30 %-нан асырмай) және сулы сығындыда ҚТҚ-ның сүзгі деңгейінде уытты заттардың болуымен және оттегінің ОБҚ 20 және ОХҚ 400-5000 мг/л мәндерімен сипатталатын тұрмыстық қалдықтармен бірге жинақталады.

113 113. ҚТҚ полигондарына эпидемиологиялық қауіп төндіретін, арнайы құрылыстарда залалсыздандырылмаған қалдықтарды қабылдауға жол берілмейді.

114

114. Радиоактивті қалдықтарды орналастыру және көму «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29292 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

115 115. ҚТҚ полигонында биоқалдықтарды: өлген жануарлардың өлекселерін, конфискаттарды, тұтас ет қалдықтарын қабылдауға жол берілмейді.

116

116. Полигонда қалдықтарды зарарсыздандыру үшін бурттарда далалық компостирлеу әдістерін пайдаланады, жылына 120000 м3 ҚТҚ қабылдайтын полигондар үшін ҚТҚ-ны жинақтаудың траншея схемасын қолданады. Траншеялардың тереңдігі 3-6 м және ал жоғарғы жағының ені 6-12 м болады. Траншеялар желдің жиі соғатын бағытына перпендикуляр орналастырылады.

117 117. Траншеяларды қазу барысында алынған топырақ ҚТҚ толтырылғаннан кейін оларды жабуға пайдаланылады. Бір траншеяның ұзындығын оны толтырудың мынадай уақытын есепке ала отырып:

1 1) температура 0°С жоғары болған кезеңде 1-2 ай бойы;

2 2) температура 0°С-ден төмен болған кезеңде топырақтың барлық тоңазу кезеңіне орнатады.

118

118. ҚТҚ-ны батпақты жердегі суға және тасқын су басып кететін учаскелерге тікелей жинақтауға жол берілмейді. Мұндай учаскелерді ҚТҚ полигонына пайдаланғанға дейін оған жер беті немесе тасқын судың ең үлкен деңгейінен 1 м асатын биіктікте инертті материалдар үйіледі. Үйген кезде су өткізбейтін экран жасалады. 1 м төмен тереңдікте жерасты суы болған жағдайда, жердің бетіне топырақты алдын ала кептіре отырып, оқшаулағыш қабат жасайды.

119 119. Полигонның жасыл аймағында (периметрі бойынша) ҚТҚ-ның жерасты суларына әсерін есептеу үшін бақылау ұңғымалары орнатылады, олардың бірі жерасты суларының ағысы бойынша полигоннан жоғары, 1-2 ұңғыма полигоннан төмен жерде орналастырылады.

120

120. ҚТҚ-ны жинақтау кезінде жұмыс картасында қалыңдығы 2,0 м топырақпен немесе басқа инертті материалмен қалдықтардың тығыздалған қабатын аралық немесе түпкілікті оқшаулау жүзеге асырылады. Жазық полигондарда қалдықтарды оқшаулауды жаз мезгілінде тәулік сайын, температура плюс 5оС-тан төмен болғанда жинақталған сәттен бастап 3 тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.

121 121. Оқшаулағыш материал ретінде қоқыстар мен (немесе) мынадай өндіріс қалдықтарын: әк, бор, сода, гипс, графит, асбоцемент, шифер қолданылады.

122

122. ҚТҚ-ны қоқыс таситын көліктен түсіргенде және жинақтағанда қалдықтардың жеңіл фракцияларын ұстау үшін желдің басым бағытына перпендикуляр жылжымалы торлы қоршау орнатады. Ауысымына бір реттен сиретпей жылжымалы қалқандармен ұсталатын қалдықтар жиналады және жұмыс картасының бетіне орналастырылады, үстіңгі жағынан топырақтың оқшаулағыш қабатымен тығыздалады.

123 123. Жерасты және жерүсті жиналған ағындарды су қоймаларына бұратын айналма арналар жүйелі түрде қоқыстан тазартылып отырады.

124 124. Полигонның аумағында ҚТҚ-ны жағуға жол берілмейді, ал олар өздігінен жанған жағдайда өрт қызметі келгенге дейін полигон персоналы өз күшімен сөндіреді.

125 125. Полигонды жабу оны жобада көзделген биіктікте топырақпен жапқаннан кейін жүзеге асырылады. Пайдалану мерзімі 5 жылдан кем полигондарда кейіннен отыруы ескеріле отырып, көзделген тік белгіден 10 %-ға асатын процесте жабуға жол беріледі.

126 126. Полигонды жабу алдында қалдықтардың соңғы қабатын топырақтың сыртқы оқшаулағыш қабатымен түпкілікті жабады.

127 127. Сыртқы оқшалағыш қабатын түпкілікті жоспарлаған кезде полигонның шеттеріне қарай су ағатын еңістер орнатылады.

128 128. Полигонның сыртқы еңістерін бекіту полигонды пайдаланудың басынан бастап және биіктігінің ұлғаюына қарай жүргізіледі. Полигонның сыртқы еңістеріне арналған материал ретінде топырақ пайдаланылады.

129

129. Полигонның жоғарғы оқшаулағыш қабатын орнату полигон жабылғаннан кейін оны пайдаланудың көзделген шарттарымен анықталады. Жабық полигонды орман-саябақ кешенін, шаңғы спортына арналған төбе немесе төңіректі көзбен шолуға арналған қарау алаңын салу үшін пайдаланған кезде сыртқы оқшаулағыш қабатының қалыңдығы кемінде 0,6 м болуы көзделеді.

130 130. Полигон еңістерінің топырағын желмен ұшырып кетуден немесе шайылудан қорғау үшін сыртқы оқшаулағыш қабаты салынғаннан кейін оларды терраса түрінде көгалдандырады.

131 131. Қалпына келтірілетін полигонның аумағын күрделі құрылысқа пайдалануға жол берілмейді.

132 132. Істен шыққан карьерлер, жасанды жасалған қуыстар ластанған жауын-шашын және ағынды сулар жиналатын орын болып табылады. Осы аумақты шаруашылықта пайдалануға жарамды күйге келтіру үшін оны қалпына келтіру жүргізіледі.

133

133. Карьерлерді және басқа да жасанды жасалған қуыстарды қауіпті емес қалдықтарды, ҚТҚ-ны және өндірістік объектінің қауіптіліктің 3 және 4-сыныбындағы қалдықтарды пайдалана отырып, жабуға жол беріледі. Сондай-ақ көму үшін № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес СҚА-ны анықтай отырып, белгіленген жерлерді пайдалануға жол беріледі.
Қалдықтардың кез келген түрлерін пайдалану кезінде олардың морфологиялық және физикалық-химиялық құрамын анықтайды. Тамақ қалдықтарының, өсімдіктен алынатын қалдықтардың жалпы мөлшері 15%-дан аспайды. Қалдықтарды орналастыруға арналған негіз ҚТҚ полигондарын жобалау, пайдалану және қалпына келтіру бойынша белгіленген тәртіп талаптарына сәйкес келеді.

134

134. Қалпына келтірілетін карьерге арналған СҚА-ның көлемін жақын орналасқан тұрғын үй құрылысының ең жақын шетінен кемінде 100 м болатын СҚА-ның өлшеміне тең мөлшерде қабылдайды. Қалпына келтірілетін карьердің қоршауы және жұмысты орындауды қамтамасыз етуге арналған уақытша шаруашылық-тұрмыстық объектілері болады.

135 135. ҚТҚ полигоны мен өндіріс қалдықтарын көму полигонында Ереженің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес өндірістік бақылау жүзеге асырылады.

136 136. ҚТҚ полигонының топырақ құнарлылығын қалпына келтіру (жою) ол толғаннан кейін жобаға сәйкес жүргізіледі.

137 137. СҚА шекарасында атмосфераның РЕШШ-дан артық ластануы және жұмыс аймағында РЕШШ-дан артық екені анықталған жағдайда ластану деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.

138 138. Ағызу станцияларының СҚА өлшемі № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес белгіленеді.

139 139. Жобаланатын, салынып жатқан, пайдаланылатын ағызу станциялары осы Санитариялық қағидалардың және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтайды.

140 140. Ағызу станциясына арналған учаскені тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға қатысты желдің ық жағына орналастырады. Жер учаскесінің көлемі 1 м3-ге 0,2 гектар есебінен анықталады.

141 141. Вакуум арқылы толтырылатын автоцистернадан сұйық қалдықтарды төгуді қабылдағыш құрылғыларға соратын түтіктер арқылы жүргізеді.

142 142. Сұйық қалдықтарға су 1:1 есебінен қосылады, қатты қоспаларды қоқыс үгітетін қондырғыларда ұсақтайды және су бұру жүйесіне жібереді, ал олар болмаған жағдайда ҚТҚ-ны залалсыздандыру үшін бөлінген орындарға күнделікті шығарады.

143 143. Су бұру жүйесіне қосылмаған елді мекендерде қатты және сұйық қалдықтар бөлек жиналады. Сұйық қалдықтар су өткізбейтін шұңқырларға жиналады және ассенизация алқаптарына немесе жер жырту алқаптарына ассенизациялау көлігімен шығарылады.

144 144. Ассенизация өрістері, иіс шығару өрістері № ҚР ДСМ-2 бұйрығына сәйкес қашықтықта орналастырылады.

145 145. Алқаптарды жазғы және қысқы аумақтарға, бөлек учаскелерге (карталарға) бөледі. Сұйық қалдықтарды жер жыртылған беттерге төгеді және жерді 20 см тереңдікте жыртады. Қысқы учаскелерді күзден бастап жыртады және қыста төгеді, ал көктемде учаске кепкеннен кейін қайта жыртады.

146 146. Ассенизация алқаптарында техникалық дақылдарды себуге жол беріледі және оларды көкөніс шаруашылығы дақылдарын себуге пайдалануға жол берілмейді.

147 147. Жер жырту мен ассенизация алқаптары қоршалады, көлік жууға арналған алаңдар белгіленеді. Жұмысшыларға арналған үй-жай жарықпен және сумен қамтамасыз етіледі.

1.1 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына

1-қосымша

Ша­ра­лар
Де­ректе­рі
1
Кө­му­ді бі­тір­ген уа­қы­ты
2
Кө­му ша­ра­ла­ры­ның кы­сқа­ша жа­з­ба­сы
3
Жо­ба­ны дай­ын­да­ған ме­ке­ме
4
Кө­му­ді жү­зе­ге асыр­ған ме­ке­ме
5
Кө­му объ­ек­ті­сін ба­қы­ла­у­ға қа­был­дап ал­ған ме­ке­ме
6
Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ба­қы­лау де­ректе­рі
7
Кө­му объ­ек­ті­сіне және ір­ге­лес аум­ақ­қа қой­ы­л­ған шек­те­улер
8
Жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ға бе­ріл­ді
Берді__________________Т.А.Ж (бар болса)
Қабылдады____________ Т.А.Ж (бар болса)

1.2 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидаларына

2-қосымша
1-кесте

Қал­дық­тар тү­рі
1
Алю­ми­ний си­ли­кат­ты қо­қыс СБ-Г-43-6
2
Ас­бе­ст­це­мент сы­нық­та­ры
3
Ас­бе­ст ұн­та­ғы
4
Бен­то­нит қал­дық­та­ры
5
Каль­ций кар­би­ді өн­ді­рі­сі­нің іс­тен шық­қан гра­фи­ті
6
В-6 ви­та­ми­ні өн­ді­рі­сі­нің құ­ра­мын­да гипс бар қал­дық­та­ры
7
Қай­най­тын әк, әк­тас, сөн­ген­нен кей­ін­гі шлам
8
Хи­ми­я­лық тұн­ды­ры­л­ған бор­дың қат­ты қал­дық­та­ры
9
Іс­тен шық­қан бри­кет­тер тү­рін­де­гі алю­ми­ний то­тығы
10
Крем­ний то­тығы (ПВХ және AlCl3 өн­дір­ген­де)
11
Па­ра­тит қал­дық­тар
12
На­трий суль­фа­ты тұз­да­ры­ның қо­спа­сы
13
Се­ли­ка­гель (уыт­ты емес га­з­дар­ды кеп­ті­ру ад­сор­бер­ле­рі­нен)
14
Сүз­гі пре­стер­дің шлам­да­ры өн­ді­рі­сі­нің се­ли­ка­ге­лі
15
Со­да­ның түй­ір­шік­тел­ген шла­мы
16
Со­да-це­мент өн­ді­рі­сі­нің CaSO4 тү­рін­де­гі ди­стил­ля­ция қал­ды­ғы
17
Құ­ра­мын­да ауыр ме­тал­дар жоқ қа­лып­та­ғы өзек­ті қо­с­па­лар
18
Хи­ми­я­лық су­ды та­за­лау және су­ды жұм­сар­ту шлам­да­ры
19
Ағын­ды су­лар­дың хлор­лы-на­трий тұн­ба­ла­ры
20
Стан­дарт­ты емес хлор­лы әк
21
Ши­фер өн­ді­рі­сі­нің қат­ты қал­дық­та­ры
22
ЖЭО, кө­мір­мен, шым­те­зек­пен, тақ­та таспен неме­се тұр­мыстық қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­тей­тін қа­зан­дық­тар шлак­та­ры
23
Те­гі­стеу ма­те­ри­ал­да­ры
24
Құ­ры­лыс қал­дық­та­ры: құ­ры­лыс то­пы­ра­ғы, бе­тон­ның, ері­т­ін­ді­лер­дің қал­дық­та­ры, ПГС, сын­ған кір­піш­тер, ке­ра­ми­ка­лық бұй­ым­дар­дың, са­ман­ның, саз­дың қал­дық­та­ры
2-кесте

Қал­дық­тар тү­рі
Қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­дың 1000 м3-не тон­на­мен ал­ған­да­ғы өн­ді­ріс қал­дық­та­ры­ның шек­ті мөл­ше­рі
1
2
3
1
Сір­ке ан­гид­ри­ді өн­ді­рі­сі­нің тек­ше қал­дық­та­ры
3
2
Ре­зит қал­дық­та­ры (қат­ты фор­маль­де­гид шай­ы­ры)
3
3
Кө­пі­ре­тін по­ли­сти­рол пла­стикте­рі өн­ді­рі­сі­нің қат­ты қал­дық­та­ры
10
Электр­мен оқ­ша­у­лау ма­те­ри­ал­да­ры өн­ді­рі­сі ке­зін­де­гі қал­дық­тар:
1
Элек­тро­тех­ни­ка­лық па­рақ­ты ге­тин­накс Ш-8,0
10
2
Жа­быс­қақ тас­па ЛСН­ПЛ-0,17
3
3
ПНП по­ли­эти­лен тү­тікше
10
4
Шы­ны лак­ты ма­та ЛСЭ-5
3
5
Шы­ны ма­та Э2-62
3
6
Элек­тро­тех­ни­ка­лық па­рақ­ты тек­сто­лит Б-16,0
10
7
Фе­но­пласт 03-010-02
10
Сус­пен­зи­я­лық, эмуль­си­я­лық өн­ді­рі­стің қат­ты қал­дық­та­ры:
1
Ак­рил­нит­рол неме­се ме­тил­ме­тал кри­лат бар сти­рол со­по­ли­мер­ле­рі
3
2
По­ли­сти­рол пла­стикте­рі
3
3
Ак­ри­ло­нит­рил­бу­та­ди­ен­сти­рол пла­стикте­рі
10
4
По­ли­сти­рол­дар
3

1.3 «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» санитариялық қағидаларына

3-қосымша

Қал­дық­тар тү­рі
Өн­ді­ріс қал­дық­та­ры­ның шек­ті мөл­ше­рі (қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­дың 1000 м3-на тон­на)
По­ли­гон­да жи­нақ­та­удың неме­се өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­де дай­ын­да­удың ерекше жағ­дайы
1
2
3
4
1
В-6 ви­та­ми­ні өн­ді­рі­сі­нің бел­сен­ді­рі­л­ген кө­мі­рі
3
0,2 м ас­пай­тын қа­бат­пен са­лу
2
Аце­то­бу­ти­лат­цел­лю­ло­за қал­дық­та­ры
3
ылғал­дан­ған жағ­дай­да 0,3 х 0,3 х 0,3 м ас­пай­тын мөл­шер­де бу­ма­мен сығ­ым­дау
3
Ағаш және үгін­ді жаң­қа­лы қал­дық­тар
10
Өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­да еден­дер­ге тө­се­у­ге ке­те­тін үгін­ді­лер бол­мауы ти­іс
4
Хром құ­ра­ғы
3
0,2 м дей­ін­гі қа­бат­пен са­лу
5
Қай­та­рыл­май­тын ағаш және қа­ғаз ыдыс­тар
10
май­ға шы­лан­ған қа­ға­з­дар бол­мауы ти­іс
6
Те­рі­ні ал­ма­сты­ра­тын қиын­ды­лар
3
0,2 м ас­пай­тын қа­бат­пен са­лу
7
Ағар­ты­л­ған жер
3
0,2 м ас­пай­тын қа­бат­пен са­лу
8
Фа­о­лит ша­ңы
3
Ылғал­ды түр­де қап­тар­ға са­лу

Қолданыстағы