Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Караозек в створе земельного участка на территории Уланского района Восточно – Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос ручья Караозек в створе земельного участка на территории Уланского района Восточно – Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Қараөзек бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 460
- Қабылданған күні
- 24.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2020 150786_506958.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0008066
- ЭКБ идентификаторы
- 150786
- Редакция идентификаторы
- 150786_506958
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:40
0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Қараөзек бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін Сагатов Нуртилек Мейрамғазиновичқа беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Қараөзек бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін Сагатов Нуртилек Мейрамғазиновичқа беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Қараөзек бұлағының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________
11 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін Сагатов Нуртилек Мейрамғазиновичқа беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Қараөзек бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 460 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін Сагатов Нуртилек Мейрамғазиновичқа беріліп отырған жер учаскесі тұстамасындағы Қараөзек бұлағының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Қараөзек бұлағы
сол жағалау
оң жағалау
1,9
1,9
96,7
96,7
500
500
1,9
1,9
9,7
9,7
50
50
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекарасы мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.