Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 12 · қабылданған 23.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150817/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 12 ·23.12.2020
23.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 12 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
23.12.2020
Көрсетілген редакция
23.12.2020 150817_500836.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NGI09667
ЭКБ идентификаторы
150817
Редакция идентификаторы
150817_500836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:47

0 Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы 2020 жылғы 24 қарашадағы № 01-23/444 ұсынысы негізінде Чернигов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харьков ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2

2. Чернигов ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 17 тамыздағы № 6 шешімінің (2020 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9384 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Чернигов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы