Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в городе Шымкент за пределы населенного пункта для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Өзге акт · № 72/674-6c · қабылданған 15.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150826/on/2026-08-29/
Басып шығарылды 2026-08-29 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в городе Шымкент за пределы населенного пункта для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования Қолданыста Өзге акт ·№ 72/674-6c ·15.12.2020
14.06.2023 редакциясы
29.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в городе Шымкент за пределы населенного пункта для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования

Қолданыста Өзге акт ·№ 72/674-6c · 29.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим в городе Шымкент за пределы населенного пункта для получения высокотехнологичных медицинских услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и (или) медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования
Атауы (қаз.)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді алу үшін Шымкент қаласының тұрғындарына тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72/674-6c
Қабылданған күні
15.12.2020
Көрсетілген редакция
14.06.2023 150826_638269.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20E0000150
ЭКБ идентификаторы
150826
Редакция идентификаторы
150826_638269
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:00

0

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Шымкент қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ЖТМҚ) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Шымкент қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

2 2. «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Денсаулық сақтау басқармасы) ЖТМҚ комиссиясының шешімі ЖТМҚ-ны стационарлық, стационарды алмастыратын және консультативтік-диагностикалық көмек нысанында алу үшін негіз болып табылады.

3 3. Жол жүру құнын төлеу, денсаулық сақтау ұйымынан шығарылған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей Денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылсын:

1 1) ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және ақша қаражатын аудару үшін банктің деректемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

2 2) жеке куәліктің және (немесе) туу туралы куәліктің көшірмесі;

3 3) емделуге жолдаманың көшірмесі;

4 4) науқасты алып жүру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі - ДКК);

5 5) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндінің көшірмесі;

6 6) науқастың және (немесе) оны алып жүретін адамның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын жол жүру билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қарай жол жүру құнын растайтын анықтамалар.

4 4. Науқасқа және оны ертіп жүретін тұлғаға (тек науқасты ертіп жүрген жағдайда) емделу орнына және тұрғылықты жеріне кері қарай жол жүруінің мынадай шығыстары өтелсін:

темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының тарифі бойынша;
су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша.

5 5. Науқасқа және оны ертіп жүретін тұлғаға (тек науқасты ертіп жүрген жағдайда, бір адамнан көп емес) емделу орнына және тұрғылықты жеріне кері қарай ДКК қорытындысында рұқсат етілген кезде, әуе көлiгiмен жол жүрген кезде шығыстары экономикалық класс тарифі бойынша келесі диагноздарда өтелсін:

1 1) 5-сатысындағы бүйректің созылмалы ауруы; перитонеалдық диализ;

2 2) 3, 4-сатылардағы қатерлі ісіктер.

6 6. Жол жүру құнын төлеу Денсаулық сақтау басқармасымен науқастардың және (немесе) оларды ертіп жүретін тұлғаның банктік карт-шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

7

7. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/390-6с «Шымкент қаласының тұрғындарына елді мекеннен тыс жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

8 8. «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

9 9. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы