Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 821 · қабылданған 14.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150827/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 821 ·14.12.2020
14.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 821 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге арналған жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
821
Қабылданған күні
14.12.2020
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2021
Көрсетілген редакция
14.11.2023 150827_666441.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20VD008105
ЭКБ идентификаторы
150827
Редакция идентификаторы
150827_666441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:06

0 Мүгедектерге арналған жұмыс

орындар квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектерге жұмыс орындарын белгілеу ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар ауыр жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға квота белгіленсін:

1) 50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайыз мөлшерін;

2) 101 (жүз бір) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайыз мөлшерін;

3) 251 (екі жүз елу бір) адамнан астам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайыз мөлшерін құрайды.

2. «Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануы үшін олардың көшірмелерінің жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласының әкімінің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі №269 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-171 тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының және Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 706 «Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 269 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Нужныхқа жүктелсін.

5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы