Құжат мәтініне өту

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Өзге акт · № 50/5 · қабылданған 23.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-150869/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану Күшін жойған Өзге акт ·№ 50/5 ·23.12.2020
24.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану

Күшін жойған Өзге акт ·№ 50/5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін жене тәртібін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
50/5
Қабылданған күні
23.12.2020
Көрсетілген редакция
24.09.2021 150869_541011.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20SL006860
ЭКБ идентификаторы
150869
Редакция идентификаторы
150869_541011
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:50

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу мөлшерін
жене тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) әрбір балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың келесі тәртібі айқындалсын:

1 1) оқыту шығындарын өтеуді тиісті оқу жылы ішінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді;

2 2) кемтар балаларға (толық мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі;

3 3) оқыту шығындарын өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілген кемтар баланы үйде оқыту қажеттілігі танылған жағдайда өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылының 1 маусымына дейін тағайындалады;

4

4) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат үйінде немесе санаториялық мектепте оқыған кезеңінде), төлем тиісті мән-жайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады;

5

5) оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу үшін өтінішті, құжаттардың тізімін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының 22-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

3

3. Тимирязев аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/5 (2016 жылғы 2 маусымда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3763 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы