Об утверждении Правил организации деятельности военных оркестров, военных дирижеров и музыкантов культурно-досуговых центров Вооруженных Сил Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации деятельности военных оркестров, военных дирижеров и музыкантов культурно-досуговых центров Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 740
- Қабылданған күні
- 25.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2022 150885_591665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021963
- ЭКБ идентификаторы
- 150885
- Редакция идентификаторы
- 150885_591665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:39
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 740 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметі тәртібін айқындайды.
2. Әскери оркестрлердің кәсіби қызметіне жалпы басшылық жасауды бас әскери дирижер жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін жоспарлау бір жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.