Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача разрешения на изъятие видов животных, численность которых подлежит регулированию»

Бұйрық · № 347 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-151141/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача разрешения на изъятие видов животных, численность которых подлежит регулированию» Қолданыста Бұйрық ·№ 347 ·30.12.2020
15.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача разрешения на изъятие видов животных, численность которых подлежит регулированию»

Қолданыста Бұйрық ·№ 347 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача разрешения на изъятие видов животных, численность которых подлежит регулированию»
Атауы (қаз.)
«Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
347
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
15.12.2023 151141_676270.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000022000
ЭКБ идентификаторы
151141
Редакция идентификаторы
151141_676270
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:15

0 «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 347 Бұйрыққа қосымша
«Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2

2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген) бекітілген балық аулау қағидаларының 19-тармағында көрсетілген қармақсаптардың барлық түрлерімен жыланбасты алып қоюға жол беріледі. Жыланбасты алып қоюдың мерзімдері «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11939 болып тіркелген) реттеледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

3

3. Электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беруге арналған өтінім (бұдан әрі - өтінім) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушіге (бұдан әрі - Портал) жіберіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті көрсету нысанын, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін, Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, жұмыс кестесі көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің тізбесі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер "саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

4

4. «Е-лицензиялауда» көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жұмыс күні жиырма минут ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз «Е-лицензиялау» сақталған көрсетілетін қызметті беруші Порталдың көліктік қолтаңбасымен қол қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталдың көлік қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық негіздемеде көзделген лимиттің болмауына байланысты дәлелді бас тарту нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.

5

5. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

6

6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

1 Өтінім

«Саны реттеуге жататын
жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
(кімге) ______________________
(көрсетілетін қызметті берушінің
толық атауы)
(кімнен) ____________________
(көрсетілетін қызметті алушының
толық атауы)
мекенжайы __________________
(индекс, облыс, қала, аудан, көше,
үй №, пәтер № (бар болса),
телефоны) көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері
___________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат беруді сұраймын
Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу мақ­са­ты және негі­зі
Алып қою тә­сіл­де­рі (жою, ол­жа­лау, аулау, атып алу, жи­нау, со­ғып алу)
Аң­шы­лық ку­ә­лі­гі­нің және қыз­мет­тік қа­ру­ды және оның па­трон­да­рын са­тып алу­ға, сақ­та­у­ға, сақ­та­у­ға және өзі­мен алып жү­ру­ге, та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рін, бе­рі­л­ген кү­нін және қол­да­ны­лу мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, рұқ­сат­ты пай­да­ла­ну­ға жа­у­ап­ты тұл­ға. Ше­тел­дік үшін ше­тел­дік­тің тұр­ғы­лық­ты ау­ма­ғын­да бе­рі­л­ген аң аула­у­ға және аң аулау ке­зін­де қа­ру­ды пай­да­ла­ну­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­ту. Ба­лық са­нын рет­те­ген жағ­дай­да же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және оның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді.
Аң мен ба­лық аулау объ­ек­ті­ле­рі бо­лып та­был­май­тын жа­ну­ар­лар­дың ата­уы және алу кө­ле­мі (да­рақ, тон­на) (бір аң­шы­ға қас­қыр мен ши­бө­рі­ні үш да­рақ­тан ар­тық ал­мау­ға шек­теу бел­гі­ле­нед) (бір рұқ­сат­қа жы­лан­ба­сты 30 ки­ло­грамм­нан ар­тық ал­мау­ға)
Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу учас­ке­сі­нің ауда­ны (ау­ма­ғы) және ше­ка­ра­сы (ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды қо­с­па­ған­да, аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­мен ке­лі­сім бой­ын­ша аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ау­ма­ғын­да)
Жа­ну­ар­лар-ды алу мер­зім­де­рі (күн­тіз­бе­лік бір жыл­дан ас­пай­ды). Са­ны рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қою са­ны авиа -, ав­то­мо­то -, кө­лік құ­рал­да­рын, оның ішін­де қар­да жү­ре­тін тех­ни­ка­ны қол­да­на оты­рып рет­те­лу­ге жа­та­тын жа­ну­ар­лар түр­ле­рін алып қо­ю­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың негі­зін­де жүр­гі­зі­ле­ді.
Жы­ны­стық-жас құ­ра­мы (қа­жет болған жағ­дай­да)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
____________________________________________________________________
Өтінімнің берілген күні 20___жылғы «__» ___________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)

2 «Саны реттеуге жататын

жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру»
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары)
«электронды үкіметтің» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал)
3
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
20 минут
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған)
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат немесе осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін
7
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
Портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.
8
мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтінім.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
10
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қолжеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен немесе өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3 «Саны реттеуге жататын

жануарлар түрлерін алып
қоюға рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Аң­шы­лық ку­ә­лі­гі­нің және аза­мат­тық және қыз­мет­тік қа­ру мен оның па­трон­да­рын са­тып алу­ға, сақ­та­у­ға, сақ­та­у­ға және өзі­мен алып жү­ру­ге, та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың нө­мі­рін, бе­рі­л­ген кү­нін және қол­да­ны­лу мер­зі­мін көр­се­те оты­рып, бе­ріл­ді (же­ке тұл­ға­ның аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі. Ше­тел­дік үшін ше­тел­дік­тің тұр­ғы­лық­ты ау­ма­ғын­да бе­рі­л­ген аң аула­у­ға және аң аулау ке­зін­де қа­ру­ды пай­да­ла­ну­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дың нө­мі­рін және бе­рі­л­ген кү­нін көр­се­ту. Ба­лық са­нын рет­те­ген жағ­дай­да же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған кез­де) және оның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі көр­се­ті­ле­ді.
Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу мақ­са­ты және негі­зі
Жа­ну­ар­лар са­нын рет­теу учас­ке­сі­нің ауда­ны (ау­ма­ғы) және ше­ка­ра­сы (ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды қо­с­па­ған­да, аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­мен ке­лі­сім бой­ын­ша аң­шы­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ау­ма­ғын­да)
Алу тә­сіл­де­рі (ол­жа­лау, аулау, атып алу, жи­нау, со­ғып алу)
Жа­ну­ар­лар түр­ле­рі және жы­ны­стық-жас құ­ра­мы (қа­жет болған жағ­дай­да)
Жа­ну­ар-лар­ды алу мер­зі­мі
Аумақ­тық бө­лім­ше­ге рұқ­сат­тың пай­да­ла­ны­луы ту­ра­лы есеп ұсы­ну мер­зі­мі (рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі аяқ­тал­ған­нан кей­ін күн­тіз­бе­лік 10 күн ішін­де)
Ба­қы­лау (аумақ­тық бө­лім­ше­нің ата­уы) жүк­те­ле­ді
Берілген күні 20___жылғы «___» ___________.

4 «Саны реттеуге жататын

жануарлар түрлерін алып қоюға
рұқсат беру» мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Уәжді бас тарту
Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қою лимиті таусылды.
«Саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-тармағына сәйкес биологиялық негіздемеде көзделген лимиттің болмауына байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартамыз.
Берілген күні 20___жылғы «___» ___________.

Қолданыстағы