Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Қаулы · № 934 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-151165/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 934 ·30.12.2020
30.12.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 934 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
934
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
30.12.2020 151165_505773.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000934
ЭКБ идентификаторы
151165
Редакция идентификаторы
151165_505773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:15

0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Мыналардың:

1

1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК) болып;

2

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Резерв» ШЖҚ РМК) болып өзгертілсін.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып;

2 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК және «Резерв» ШЖҚ РМК жарғыларын бекітуге ұсынуды;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында «Селденқорғау құрылыс» ШЖҚ РМК және «Резерв» ШЖҚ РМК мемлекеттік қайта тіркеуді;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдарың акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың, акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарының тізбесі»;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлімде:
«Мемлекеттік кәсіпорындар» деген кіші бөлім алып тасталсын;
«Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» деген кіші бөлім алып тасталсын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы