О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Риддера
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Риддера
- Атауы (қаз.)
- Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 853
- Қабылданған күні
- 30.12.2020
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 151272_503225.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VD008142
- ЭКБ идентификаторы
- 151272
- Редакция идентификаторы
- 151272_503225
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:10
0 Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 19-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. «Риддер қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Риддер қаласы аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Риддер қаласы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Риддер қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
Риддер қаласы әкімінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 853 қаулысына
қосымша
Риддер қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5486 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2
2. Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 1 «Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-185 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3
3. Риддер қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1100 «Риддер қаласы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6417 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4
4. Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 175 «Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6779 болып тіркелген, 2020 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5
5. Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 285 «Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7019 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6
6. Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 358 «Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 121 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7203 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).