О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ветеринарии
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам ветеринарии
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 408-VI
- Қабылданған күні
- 05.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2021 151319_513146.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z2100000408
- ЭКБ идентификаторы
- 151319
- Редакция идентификаторы
- 151319_513146
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:04
0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1
1. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-I, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):
402-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігіндегі «мемлекеттік кіріс органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «мемлекеттік кіріс органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2
2. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
16-2-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «ветеринариялық паспорттардың көшірмелері» деген сөздер «ветеринариялық паспорттар» деген сөздермен ауыстырылсын.
3
3. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1 1) 1-баптың 10) тармақшасы «уәкілетті» деген сөздің алдынан «электрондық құжат түрінде берілетін,» деген сөздермен толықтырылсын;
2 2) 8-бап мынадай мазмұндағы 46-31) тармақшамен толықтырылсын:
«46-31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото- және бейнетүсірілімдер үшін техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3 3) 10-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы және 1-1-тармағының 10) тармақшасындағы «, ветеринариялық паспортты дайындау» деген сөздер алып тасталсын;
4 4) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
«6-2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде:
фото- және бейнетүсірілім үшін техникалық құралдарды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдалануға;
өзге де техникалық құралдарды (жабдықтар, аспаптар, өлшем құралдары, құрылғылар, құралдар және өзге де техникалық құралдар) оларды пайдалану (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтарға және өзге де құжаттарға сәйкес пайдалануға;»;