Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Аксу

Өзге акт · № 491/73 · қабылданған 08.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-151453/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Аксу Қолданыста Өзге акт ·№ 491/73 ·08.01.2021
09.02.2024 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Аксу

Қолданыста Өзге акт ·№ 491/73 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах проведения мирных собраний в городе Аксу
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
491/73
Қабылданған күні
08.01.2021
Көрсетілген редакция
09.02.2024 151453_684209.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21PB007169
ЭКБ идентификаторы
151453
Редакция идентификаторы
151453_684209
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:55

0 Ақсу қаласында бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.

1-1

1-1. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

2 2. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

Ақсу қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
8 қаңтардағы № 491/73
шешіміне 1-қосымша
Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

1 1) Ақсу қаласы, Абай көшесі, Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешеннің алдындағы алаң;

2 2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Ақсу қаласы, Абай көшесі, Калинин көшесінен Ертіс көшесіне дейін.

8 Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

Ақсу қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
8 қаңтардағы № 491/73
шешіміне 2-қосымша
Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу
нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу
үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық
қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

1

1. Осы Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

2

2. Арнайы орындар санитариялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып пайдаланылады. Арнайы орындарда жоспарланған басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру туралы ақпарат болмаған жағдайда, бейбіт жиналыстарды өткізуге жол беріледі.

3

3. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

4 4. Ақсу қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

1 1) Ақсу қаласы, Абай көшесі бойынша орналасқан Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық-сауықтыру кешеннің алдындағы алаң, шекті толу нормасы –200 адам;

2 2) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты:Ақсу қаласы, Абай көшесі, Калинин көшесінен Ертіс көшесіне дейін, шекті толу нормасы - 250 адам.

5 5. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

6

6. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

7 7. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында, пикеттеуден басқа, бейбіт жиналысқа қатысатын адамдардың арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде екі метрді құрайды.

8 8. Бір қатысушы өткізетін пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз жол берілетін қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.

9 9. Бейбіт жиналыстар өткізілетін күні Ақсу қаласының жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.

20 Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Ақсу қалалық мәслихатының
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 491/73 шешіміне
3- қосымша
Ақсу қаласында пикеттеуді өткізуге тыйым
салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Пикеттеуді мынадай объктілерге іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

1 1) жаппай жерлеу орындарында;

2 2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

3 3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

4 4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

5 5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде өткізуге тыйым салынады.

Қолданыстағы