О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 06.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 06.01.2021 151504_506211.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022052
- ЭКБ идентификаторы
- 151504
- Редакция идентификаторы
- 151504_506211
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:03
0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1
1) «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
2) Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі – есепті кезеңде электр энергиясының теңгерімді нарығында орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясы көлемдерін атаулы бөлуді белгілейтін жүйелік оператор жасаған құжат. Нақты теңгерім Қазақстан Республикасының электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуды жүргізуге негіз болып табылады;
3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелік оператор, орталықтандырылған сауда нарығының операторы, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;
4) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы – электр энергиясын қысқа мерзiмдi («операциялық тәулік ішінде» спот-сауда-саттық және «бір күн бұрын» режимінде), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңы;
5) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – белгiлi бiр кезеңде оларды нақты жеткiзе отырып, электр энергиясының шарттық көлемiн сатып алуға-сатуға арналған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi арасында жасалатын келiсiм;
6) электр энергиясының транзитi – электр энергиясын басқа елдің энергия жүйесiнен беру үшiн бiр немесе бiрнеше шектес елдердiң электр желiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметтер.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
3. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы:
1) нарыққа қатысушылар жасасатын тараптардың келiсiмдерiмен белгiленетiн жеткiзу бағалары мен талаптары бойынша электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату нарығынан;
2) электр энергиясын қысқа мерзiмдi (спот - сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) негiзде сатып алу-сату үшiн ұйымдастырылған сауда алаңынан тұратын электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығынан;
3) жүйелiк оператор электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесiнде бекiткен Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасында операциялық тәулiкте туындайтын сағат сайынғы теңгерiмсiздiктердi табиғи және бұдан кейiнгi қаржылық реттеу мақсатында жұмыс iстейтiн нақты уақыт режимiндегi теңгерiмдеушi нарықтан;
4) ұлттық стандарттармен белгiленген Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi жұмысының сенiмдiлiгi мен электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен сатып алуы негiзiнде де, жүйелiк оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiне тиiсiнше қызметтер көрсету негiзiнде де жұмыс iстейтiн жүйелік және қосалқы көрсетiлетiн қызметтер нарығынан;
5) электр қуатының нарығынан тұрады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Электр энергиясын тұтынушылар мынадай талаптарды орындаған кезде көтерме сауда нарығына қатысады:
1) электр энергиясының көтерме сауда нарығына кемiнде 1 МВт көлемінде орташа тәулiктiк (базалық) қуат сатып алу және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерiнiң, жүйелiк операторда белгiленген жүйелермен оларды бiріздендіруді қамтамасыз ететiн телекоммуникациялардың, қажет болған жағдайда өңірлік электр желілік компанияның болуы;
2) ұлттық және қажет болған жағдайда өңірлік электр желiлерiне рұқсаттың болуы.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Энергия беруші ұйымдар Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне, сондай-ақ жүйелік операторда орнатылған жүйелермен және қажет болған кезде өңірлік электр желілік компаниялармен біріздендіруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелеріне, телекоммуникациялар жүйелеріне қол жеткізу болған кезде көтерме сауда нарығына қатысады.»;
8-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ұлттық электр желісіне энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға мыналар:
1) жүйелiк оператормен:
ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған;
импортталатын электр энергиясын техникалық диспетчерлендiру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған (электр энергиясы импортын жүзеге асырған жағдайда);
Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру/тұтыну теңгерiмдерiн ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерді көрсетуге арналған;
теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға-сатуға арналған шарттары;
2) энергия беруші ұйыммен, оның ішінде желілеріне электр энергиясын тұтынушы қосылған өңірлік деңгейдегі энергия желілерін пайдаланатын ұйыммен беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарты болған кезде рұқсат берiледi.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Тұтынушылардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Жүйелік оператордың және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы операторының электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі»;
2
2) «Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15976 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның айқындауы мына жағдайларда:
1) нақты тексерілетін субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеру кезінде;
2) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде;
3) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармайпрофилактикалық бақылау жүргізу кезінде;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) 5-тармағының үшінші бөлігінде көзделген ақпаратты (нөмірі мен берілген күнін) алу үшін жүргізіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Энергия беруші ұйымдар жүйелік оператормен:
1) ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру бойынша;
2) электр энергиясын тұтыну және желіге жіберудің техникалық диспетчерленуі бойынша (Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерден электр энергиясын сатып алу жүргізілетін болса);
3) теңгерімдеуші нарыққа қатысу үшін өз бетінше жүйелік оператормен жасалған, оның ішінде имитациялық режимде жұмыс істейтін электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерілімін ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.