О снятии ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс- шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 08.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2021 151553_504069.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NHI09702
- ЭКБ идентификаторы
- 151553
- Редакция идентификаторы
- 151553_504069
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:59
0 Шектеу іс- шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін аткарушының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 01-27/827 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округі Покровка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Покров ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 2020 жылғы 24 тамыздағы № 3 шешімінің (2020 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9411 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.