Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Катон - Карагайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов по Катон - Карагайскому району
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 380
- Қабылданған күні
- 30.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 151559_509780.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VM008193
- ЭКБ идентификаторы
- 151559
- Редакция идентификаторы
- 151559_509780
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:15
0 Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Барлық кандидаттар үшін бірдей құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Ортақ пайдаланудағы жерлерде Катонқарағай ауданының ауылдық округтері әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың жабдығын қамтамасыз етсін.
3
3. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 107 «Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлерге Катонқарағай ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 сәуірде № 3855 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 сәуірде аудандық «Арай» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. «Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Байгунусовқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Катонқарағай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
________________ Р. Нұрғалиев
2020 жылғы «___»_________
10 Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Катонқарағай ауданының әкімдігі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 380 қаулысына
қосымша
Үгiттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
1 1. Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша:
Алыбай ауылы – Абай көшесінің бойында, клуб ғимаратының жанында;
Новохайрузовка ауылы – Достық көшесінің бойында, Павел Полькин көшесіндегі жарнама тақтасы;
Приморское ауылы – Шоссейная көшесінің бойында.
2 2. Үлкен Нарын ауылдық округі бойынша:
Үлкен Нарын ауылы – Шабдан Тумашинов көшесінің бойында;
Слямов көшесінің бойында;
Астана көшесі, "Катонқарағай ауданының аграрлық-техникалық колледж" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында;
Жұлдыз ауылы – Амангелді көшесінің бойында, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанында;
Көктерек ауылы – Кусметов көшесінің бойында, фельдшерлік акушерлік пункті ғимаратының жанында;
Балғын ауылы - Омаров көшесінің бойында;
Көкбастау ауылы - Гагарин көшесінің бойында;
Свинчатка ауылы - Жастар көшесінің бойында.
3 3. Солоновка ауылдық округі бойынша:
Солоновка ауылы - Советская көшесі;
Малонарымка ауылы - Советская көшесінің бойында.
4 4. Алтынбел ауылдық округі бойынша:
Алтынбел ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында;
Майемер ауылы - Тайбұға көшесінің бойында;
Үштөбе ауылы - Тоқтаров көшесінің бойында;
Егінді ауылы – Мектеп көшесінің бойында.
5 5. Новополяковка ауылдық округі бойынша:
Новополяковка ауылы - Абай көшесінің бойында;
Бесүй ауылы - Қайрат Рысқұлбеков көшесінің бойында;
Қаражал ауылы - Қазақстан көшесінің бойында;
Сенное ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында.
6 6. Солдатово ауылдық округі бойынша:
Солдатово ауылы - Тәуелсіздік көшесінің бойында.
7 7. Белқарағай ауылдық округі бойынша:
Белқарағай ауылы – «Саниязбек Жүнісов атындағы» көшенің бойында;
Топқайың ауылы - Қазақстан көшесінің бойында;
Өрнек ауылы - Болашақ көшесінің бойында;
Согорное ауылы - Достық көшесінің бойында.
8 8. Катонқарағай ауылдық округі бойынша:
Катонқарағай ауылы –Абай көшесінің бойында;
Қабырға ауылы – Бірлік көшесінің бойында;
Жаңа Үлгі ауылы – Тоқтаған Тайсаринов көшесінің бойында;
Шыңғыстай ауылы - Бұқтырма көшесінің бойында.
9 9. Аққайнар ауылдық округі бойынша:
Аққайнар ауылы - Абай көшесі бойында, клуб ғимаратының жанында;
Қызыл Жұлдыз ауылы – Әбілғали Төлесов көшесінің бойында;
Қайыңды ауылы – Әлия Молдағұлова көшесінің бойында;
Ақмарал ауылы – Маралды көшесінің бойында.
10 10. Жамбыл ауылдық округі бойынша:
Жамбыл ауылы - Қайнар көшесінің бойында;
Берел ауылы - Орталық көшесінің бойында;
Рахман қайнары ауылы - Арасан көшесінің бойында.
11 11. Өрел ауылдық округі бойынша:
Өрел ауылы - Қабанбай батыр көшесінің бойында;
Еңбек ауылы – Төлеген Рақымжанов көшесінің бойында;
Аршаты ауылы - Күншығыс көшесінің бойында.
12 12. Ақсу ауылдық округі бойынша:
Ақсу ауылы – «Абай атындағы» көшенің бойында;
Жазаба ауылы - Орталық көшесінің бойында;
13 13. Коробиха ауылдық округі бойынша:
Коробиха ауылы - Заречный көшесінің бойында;
Барлық ауылы – «Қабанбай атындағы» көшенің бойында;
Үшбұлақ ауылы – Үш-Бұлақ көшесінің бойында.