Об установлении публичного сервитута на территории села Шарбакты Шарбактинского сельского округа Щербактинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на территории села Шарбакты Шарбактинского сельского округа Щербактинского района
- Атауы (қаз.)
- Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/1
- Қабылданған күні
- 08.01.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2021 151646_504553.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PIF07183
- ЭКБ идентификаторы
- 151646
- Редакция идентификаторы
- 151646_504553
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:57
0 Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің
Шарбақты ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына және 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Шарбақты ауылдық округінің әкiмі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылының аумағында жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Шарбақты ауылдық округі әкімінің
2021 жылғы 8 қаңтардағы
№ 1-03/1 шешіміне
қосымша
Р/с№
Пайдаланушы
Алаңы, гектар
Ұзындығы,
метр
Нысыналы мақсаты
Пайдалану
мерзімі,
жыл
Жер учаскесінің орналасқан жері
1
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
0,1031
1030,7
кабельдік кәрізді тарту және пайдалану үшін
10
Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты
ауылы